Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шариғатта Рамазан айының жиырма тоғыз немесе отыз күн болуы қалай анықталады?

15.06.2015
- Сұрақ-жауап
0
122
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Шәууал айы туғанда ауыз бекітуді аяқтап, Ораза айт мерекесін тойлайды. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.а.у): «Рамазан айын көрсеңіз, ауыз бекітіңіз. Шәууал айын көргенде аузыңызды ашып, Ораза айтты мерекелеңіз. Бірақ, Шәууал айының туғанын бұлт көлегейлеп көрсетпесе, Рамазан айын отыз күнмен толықтырыңыз» (Ибн Мәжа, Сиям: 7) деген болатын.Бүгінгі күні көптеген мұсылман елдерінде астрономиялық есеппен Рамазан айының күні алдын-ала белгіленіп, мұсылмандар осы межемен де ауыз бекітеді. Ал, Сауд Арабстан мен Тунис секілді елдер астрономиялық есеппен емес, Рамазан айының туғанын көзбен айқын көріп барып, ауыз бекітуге пәтуа шығарады. Бұл елдердің ғұламалары Рамазан айының немесе Ораза айт мерекесінің басталуына байланысты жоғарыда келтірілген хадис-шарифті, яғни, айдың анық көрілуін негізге алады. Алайда, осы мәселені терең зерттеген ғалымдардың көзқарасынша айдың туғанын астрономиялық құрылғылар арқылы ғана дәл уақытында анық көруге болады. Яғни, айдың туып-тумағанын құр көзбен көру, пәтуаның дәл берілуіне  негіз бола алмайды. Жалпы, Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның: «Рамазан айын көрсеңіз, ауыз бекітіңіз. Шәууал айын көргенде ауызыңызды ашып, Ораза айтты мерекелеңіз. Бірақ, Шәууал айын бұлт көлегейлеп көрсетпесе, Рамазан айын отыз күнмен толықтырыңыз» (Ибн Мәжа, Сиям: 7) деген хадис-шарифін тікелей мағынасында қолдануға болмайды. Өйткені, Мұхаммед (с.а.у) өмір сүрген дәуірде араб қоғамында астрономия ғылымы мүлде дамымаған еді. Сондықтан да Пайғамбармыз (с.а.у) ораза тұту уақытын белгілеуде «айдың көрінуін» шарт етіп қойған болатын. Бұл жерде Алла Елшісі (с.а.у) жұлдызнама ғылымынан бейхабар надан арабтарға ұғынықты болу үшін айдың тууын негізге алған-тын. Демек, қәзіргі дәуірдегі астрономиялық есеппен Рамазан айының уақытын алдын-ала бекітудің шариғатқа қайшылығы жоқ деген сөз. Әрі-беріден соң мұндай есеппен берілген пәтуаға нық сеніммен қарауға болады. Себебі, әр айдың қанша күнге созылатынын көзбен көруден қарағанда, астрономиялық құрылғылар дәл анықтай алады. Мысалы, Пайғамбарымыз (с.а.у) Рамазан айында ауыз бекітудің уақытын: «Ақ жіп пен қара жіп айырмашылығы белгілі болғанға дейін ішіп-жеңіз» (Мүслим, Месажид: 171) деп белгілегенімен, аспанды қою қара бұлт жапса, ақ жіп пен қара жіптің айырымасын дәл қай уақытта белгілі болатыныр аңғара алмаймыз. Осы себептен де, әрбір күнгі таңның бозарып атқанын анықтауда астрономиялық дәлдіккке сүйенуге мәжбүрміз. Сол сияқты айдың туып-тумағаны күн батар батыс жақтан байқалатындықтан (ай күн батардан 22-23 минут бұрын туады), күннің қызыл шапағы немесе қою қара бұлт жаңа иіліп сызық болып туған айды анық көрсетпеуі әбден мүмкін. Сондықтан, астрономиялық зерттеулер арқылы ғана айдың туып-тумағанын дәл бағамдауға болады. Олай болса, қасиетті айдың кірген уақытын дәл белгілеуде айды тек көзбен көруді негізге алатын пәтуаға байланып қалмай, дәуір құндылығы саналатын астрономиялық ғылыми тұжырымдарды басшылыққа алғанымыз әлдеқайда дұрыс шешім болмақ.

 

 

 
Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұсылман қауымы неге ай есебін ұстанады? Оның қандай хикметі бар?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120978 бөлісті
    Бөлісу 48391 Твитерге 30245
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00