Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламда туысқандық қарым-қатынас қаншалықты маңызды?

29.06.2015
- Сұрақ-жауап
0
403
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Туысқандық қарым-қатынастың ислам дінінде орны алабөтен. Құран кәрімде намаз, зекет секілді құлшылықтармен қатар туыстық қарым-қатынасқа назар аударылса, ардақты пайғамбарымыз (с.а.с.) оны жаннатқа кірудің кілті ретінде атап көрсеткен. Ниса сүресінің 36-аятында Хақ тағала: «Бір Аллаға ғана құлшылық етіп, Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Әке-шешеге, жақындарға жақсылық жасаңдар. Негізінен Алла такаппар, мақтаншақтарды жақсы көрмейді»,– десе, мына аяттарда: «Алла тағала әділеттілікті, ізгілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады..» («Нахіл» сүресі, 90-аят ), «Жақын туыстарға, міскіндерге, жолда қалып кеткендерге міндетті түрде қарайласыңдар!» деп мұсылмандарды туған-туыс жақындарға қарайласып, жақсылық жасауды бұйыруда. Ал мына аятта: «Олай болса, жақындарға, міскіндерге, жолда қалып кеткендерге (жақсылық жасау арқылы) ақысын беріңдер. Алланың разылығын көксегендер үшін бұл өте жақсы жол. Міне, (осы дүние және ақыретте азап тартудан) құтылушылар нағыз осылар»,– деу ағайынға жақсылық жасаудың азаптан құтылуға себеп болатындығын ерекше атап көрсетуде. Енді ардақты пайғамбарымыздың (с.а.с.) осыған қатысты айтқан кейбір хадистерін келтіре отырып, туысқандық қарым-қатынасты үзбеудің қаншалықты маңызды екеніне назар аударуға тырысайық. Пайғамбарымыздан бір кісі келіп: «Мені жәннатқа кіргізіп, тозақтан алшақтататын әрекетті білдірсеңіз»,– деп өтінгенде, Алла елшісі (саллалаһу алейһи уә сәлләм!): «Аллаға құлшылық жасап, Оған ешқандай серік қоспа, намазыңды оқып, зекетіңді бер және туған-туыспен жақсы қарым-қатынас жаса»,– деген (Бухари, Әдәб 10). Ал мына хадисінде: «Жақын туыстарымен қарым-қатынасты үзген адам жаннатқа кірмейді»,– (Бухаи, Әдәб 11) деп, мұсылмандарға қатаң ескерту жасаған. Алланың Елшісі: «Кім ырыздығының көбейіп, өмірінің ұзарғанын қаласа, туған-туыспен жақсы қарым-қатынасын үзбесін» (Бухари, Әдәб, 12). «Кедей-пақырларға берген садақа – бір садақа. Ал туған-туыс жақындарға берілген садақа – екі садақа деген сөз. Оның біреуі садақа болса, екіншісі туыстық қатынас болады. Бұл да өз кезегінде садақа болмақ», – деп, мұсылмандарға туысқандық қарым-қатынастың қоғам баяндылығының ұйытқысы болуы тұрғысына аса маңызды факторлардың бірі екендігін нақты көрсеткен. Жоғарыда аталған және басқа да көптеген аят-хадистерге сүйенген мұсылман ғалымдары туғын-туыстармен қатынасты үзбеуді уәжіп деп түйіп, оны тәрк етудің үлкен күнә болатындығын айтқан (Касани. Бадаиус-санаи, 3-т., 415-б, Ибн Абидин. Хашияту рәддил-мухтар, 6-т., 411-б.).

Ислам діні жеке адамның құқықтарына ерекше мән берумен қатар, қоғамдық мүддені әрдайым бірінші кезекте ұстаған. Сондықтан мұсылман баласы «Мен өзім Аллаға құлшылық жасасам болды, қалғанында шаруам жоқ» деп өз басын ғана ойлап, қоғамның дамуында ерекше орны бар адами қатынастарға мән бермей қоя алмайды. Қазіргі таңда адамдарды және қоғамдарды жегідей жеп жатқан басты факторлардың бірі – индивидуалистік түсінік. Құран мен сүннеттің жоғарыда келтірілген алтын қағидаттарын берік ұстанған жандар мұндай індеттің жайылуына жол бермейді.     

Жаңа айды көргенде не айту керек?

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жүкті әйел ораза ұсатамаса фидия төлеуі қажет пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00