Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламда «Әйел бақытсыздық себебі» деген сенім бар ма?

29.06.2015
- Сұрақ-жауап
0
304
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұраққа жауап берместен бұрын әуелі исламда «бақытсыздық» (жамандық шақырады деп ырымдау) деген сенімнің жоқ екенін айта кетейік. Бұл негізінен адамдардың өзінің жалаң сезімі мен сенімдерінен туындап жатады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мына хадистерінде: «Бақытсыздық (жаман болады деп ырымдау) деген нәрсенің негізі жоқ» (Бухари, Тибб 19, 43-45), «Бақытсыздық деген (бос, негізсіз) түсінік бізден емес серік қосудан шыққан. Алла тағала бұл түсінікті тәуекелмен жояды» (Әбу Дәуіт, Тибб 24; Тирмизи, Сиәр 47), «Абай болыңдар, бақытсыздық болады деген сенім ешбір мұсылманды жасауға ниеттенген нәрсесінен айнытпасын»,– деу арқылы бұны ашық айтып кеткен (Әбу Дәуіт, Тибб 24). Сонымен қатар, Пайғамбарымыз ешқандай сұрақсыз жәннатқа кіретін адамдар туралы сөз еткен кезде сондай адамдардың қатарына «бақытсыздыққа сенбеген» адамды да қосқан. (Бухари, Тибб 1; Муслим, Иман 374). Ешнәрсеге сүйенбей «жамандық шақырады, бақытсыздық болады» деудің Ислам дініне жат екенін ашық айтқан адамзаттың абзалының (с.а.с.) әйелді осындай бақытсыздық шақыратын жаратылыс ретінде көрсетуі мүмкін емес. Олай болса, сіз айтқан хадистің қаншалықты шындыққа жанасатындығын мұсылман ғалымдарының сөздеріне сүйене отырып көрсетуге тырысайық.

Енді сіз қойған сұраққа келсек, бұл – Әбу Хурайрадан риуаят етілген «Бақытсыздық мына үш нәрседе: үй, әйел және атта» деген хадиске қатысты туындаған мәселе. Бірде Бәну Әмир тайпасынан екі кісі Айша анамызға келіп (р.а.) Әбу Хурайраның (р.а.) Пайғамбарымыздан: «Бақытсыздық мына үш нәрседе: үй, әйел және атта», – деген хадис риуаят естігенін айтқан кезде Айша анамыз (р.а.) ашуланып: «Құранды Әбул Қасымға (Мұхаммедке) түсірген Алланың атымен ант етейін! Алланың елшісі мұндай сөзді ешқашан айтқан емес. Алайда ол: «Жәхилия кезеңіндегілер: «Бақытсыздық мына үш нәрседе: үй, әйел және атта», – деп сенеді дей отырып, оның дұрыс емес екендігін айтқан  (Фәтхул-Бари, 6-т. 401-б). Осыған қатысты тағы бір риуаятта Айша анамызға әлгі хадис риуаят етілген кезде ол: «Әбу Хурайра хадисті толық жаттамаған. Алланың елшісі: «Алла тағала иудейлердің сазайын тарттырсын. Олар: «Мына үш нәрседе бақытсыздық бар: үй, әйел және ат»,– деп сенеді»,– деп жатқан кезде ішке кірген еді. Ол хадистің бас жағын естімей соңғы жағын ғана естіген ғой»,– деп мәселенің негізін түсіндіріп берген екен (Зәркәши, әл-Ижаба, 114-б.). Осы жерден бұл сенімнің исламға дейінгі қараңғылық кезеңіндегі адамдардың сенімі екенін нақты көреміз. Сондықтан да мәселенің негізін білмей жатып, осындай хадис бар екен деп асығыс шешім шығаруға болмайды. Хадис ілімі күрделі ілімдердің бірі болғандықтан ғалымдар хадисті фиқһ ілімімен қатар оқу керек екенін айтқан.

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламда туысқандық қарым-қатынас қаншалықты маңызды?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121088 бөлісті
    Бөлісу 48435 Твитерге 30272
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды
Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00