Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Барағат кешінде қандай илаһи құндылықтар бар?

28.05.2015
- Сұрақ-жауап
0
197
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бірінші: Алдағы әрбір маңызды деген істер илаһи тылсым тарапынан осы күні белгіленеді.

Екінші: Бұл түндегі жасалған құлшылықтардың (Құран оқу, намаз, дұға мен зікір, тәубе мен истиғфар) күндізгі жасалған құлшылықтардан сауабы жоғары болады.

Үшінші: Бұл түні Алла-Тағаланың нұр-берекесі мен шұғыласы таң шапағына дейін төгіліп тұрады.

Төртінші: Бұл түні сұралған кешірім қабыл болады.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Бесінші: Бұл түні ардақты Пайғамбарымыз с.ғ.а-ға шапағат ету құқығы берілген.

Шағбан айының он бесінші жұлдызының құттылығы хақында Хақ Елшісі с.ғ.а: «Шабан айының жартысы болған кезедегі түнді құлшылықпен өткізіңіз. Күндіз ауыз бекітіңіз. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта, жер бетіне шуағын түсіріп: «Истиғфар етуші бар мекен, кешірейін. Рызық сұраған бар мекен, оған рызық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар мекен, оған шипа берейін. Бар мекен, бар мекен, бар мекен…» деп таң шапағы атқанға дейін жалғастырады» деп сүйіншілейді.

Көріп отырсыздар, Ұлы Жаратушы өзіне мойынсұнып, күнәларына тәубе етіп, сәждеге бас қойған, қателерінің орнына көз жасын көл қылған әрбір құлын кешіріп, Барағат түніндегі иллаһи нұрымен, иһсанымен құлының мәртебесін жоғары ететіндігін ашық жария еткен. Сонымен бірге, бұл кеште Пайғамбарымыз с.ғ.а-ға үмбетіне ақырет күнінде шапағат ету құқығы берілген күн. Үмбетінің ақырет күнінде айы оңынан тууын тілеп,  қандай бір пәле-жалаға душар болмауын уайымдап, үмбетінің қайғысы үшін қасірет шеккен Алла Елшісі с.а.ғ-ның: «Шапағатымды сұраушы бар ма екен» – деген шағында, бұл мүмкіндіктен құр алақан қалу мұсылманға жараса қоймасы белгілі. Ал, Алла Елшісі с.ғ.а-ның үгітіне сай бұл кеште қайратпен қарымды амал іс жасап, Алла-Тағаланың шексіз рахымы мен Пайғамбарымыз с.ғ.а-ның шапағатынан үміттенсек, иншалла ұшпаққа шығатынымыз анық.

Ислам деректеріне қарағанда: «Дуа жасаушылар, ішімдікке салынғандар, аса дүние құмарлар, ата-анасын ренжіткендер, зина жасағандар» бұл кештің берекесі мен шапағатынан құр алақан қалады. Әрбір мүмін бұл қасиетті кештің нұрлы шуағына шомған шақта, тек қарабасы үшін емес, қалың бұқараның да қамын ойлап, оларға дұға етіп, өзінің өткеніне есеп беріп, іші-сыртын жамандықтан тиып, жүрегін кір қоқыстан тазартуға күш салуы тиіс. Бұл қасиетті кеш: «Мен күнәға батқан адаммын, ендігісі менің күнәдан құтылам деген үмітім жоқ» деп үмітсіздікке ұшырағандарды шыңыраудан шығаратын үлкен мүмкіндік. Бұндай жандар бұл кеште мешітке жамағатпен бірге барып, Алла Тағаланың құзырында болып, құлшылық жасап, Құран тыңдап, дұға етумен илаһи кешірімге қол жеткізе алады. Тіпті, қасиетті кештің рухани жұпар ауасымен тыныстап, жаман ойлардан арылып, қарадүрсіндіктен бойын аулақ ұстап, терең ізгі сезімдерге шомып туралыққа бейімделген жанды мәңгілік жасыл бақ жаннаттың күтіп тұруы да ғажап емес.

 

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ислам және әдет-ғұрып

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00