Дүйсенбі, 15 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қияс пен истиһсанның қандай айырмашылығы бар?

06.04.2015
- Сұрақ-жауап
0
1.5k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам шариғаты абсолюттік және рационалистік үкімдердің жиынтығынан тұрады. Абсолюттік нормаларға негізінен Құран мен Сүннеттегі насух (соңғы) болып бекіген құқықтық үкімдер жатады. Ал, Құран мен Сүннетте көрініс таппаған мәселелерге фақиһтың дербес үкім беруі – Ислам шариғатының рационалистік үкімдерін құрайды. Фиқһ мәзһабтарындағы осындай рационалистік құқықтық үкімдердің бірі – истиһсан әдісі болып саналады.

Араб тілінде «истиһсан» сөзі бас тарту мағынасын білдіреді. Ал, фиқһ ілімінде «истиһсан» термині екі нәрсені таңдау кезінде бірінен бас тарту ұғымына саяды. Ханафи мәзһабындағы истиһсан әдісімен үкім берілуі үшін қарастырып отырған мәселе бойынша Құран Сүннетте нақты үкім болмауы тиіс. Яғни, туындаған мәселеге Құран және Сүннеттен нақты шешім болмағандықтан, ұқсастығына қарай ақылмен үкім беру шартты жағдайы туындауы қажет. Осындай шартты жағдай туындаған кездегі фақиһтың ұқсастығына қарай үкім беруін қияс деп айтамыз. Ал, екі түрлі қияс жасау мүмкіндігі бар болған кезде, басым тартқан қолайлы қиясты үкім ретінде қарастыруды истиһсан деп айтамыз. Яғни, әлсіз қиясты тәрк ету мағынасына келетін бұл әдіс бойынша факиһтер үкімді ақылымен береді.

Истиһсан әдісіне нақты мысалдар берер болсақ, мәселен, қияс бойынша матадағы нәжісті кетіру үшін жуу керек деген үкім болса, истихсан бойынша кейбір маталардағы нәжісті жумай-ақ қағып немесе кептіріп кетіруге болады деп үкім береді. Түсініктірек болу үшін тағы бір мысал келтіретін болсақ, қияс үкімі түз тағысының аузы тиген нәрсені жеуге болмайды деп үкім береді. Себебі, түз тағыларының аузында адам ағзасына зиянды микроп өте көп болады. Түз тағысының қатарына жыртқыш құстарды да кіргізетін болсақ, истиһсан әдісі жыртқыш құстардың тұмсығы тиген нәрсені жеуге болады деп үкім береді. Бұл жерде құстардың тұмсығында микроптың болмауы истиһсан әдісімен үкім беруге негіз болады.  

Жалпы, қияс немесе истихсан үкімін беру үшін факиһтер өзіне беймәлім мәселелер бойынша мамандардың көмегіне арқа сүйейді. Қаралып отырған жайттың жай-жапсарын бүге-шігесіне дейін білетін мамандардың пікірін ескермейінше, фақиһ қияс немесе истиһсан әдісімен үкім бере алмайды.

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  

Зайырлы қоғамдағы конфессияаралық татулықты қалай түсінеміз?

03.12.2025

Малики мәзһабында қияс және истиһсан деп – туындаған мәселені Құран және Сүннетпен байланыстырып (иллат) дербес үкім беруді айтамыз. Бірақ, Имам Маликтің истиһсан түсінігінің бір ерекшелігі, егер қияс жасауға қолайлы негіз болып, яғни, туындаған мәселені Құран және Сүннетпен байланыстыратын (иллат) жағдай болғанымен, истиһсан оған қарсы үкім берсе, онда истиһсанның шешімін басымдыққа алған. Яғни, Имам Маликтің түсінігенде истиһсан үкімі қиясты толықтырушы ғана емес, одан жоғары тұрған. Тіпті, ол «истиһсан истислаһты (қоғамдық пайдасы бар шешім) да қамти алады деп түсінді. Имам Маликтің құқықтық мәселелерде истихһсанға қатты мән бергені соншалықты «ілімнің оннан тоғызы истиһсанда» деп білді.

Шафий мәзһабында Құран мен Сүүнетте нақты шешімі жоқ мәселеге үкім ұқсастығына қарай қияс әдісімен үкім беріледі. Бірақ, Шафий мәзһабының фақиһтары ұқсастығына байланысты екі түрлі үкім беру мүмкіндігі туындаған жағдайда, қиястан қияс үкімін шығарады.  Яғни, Шафий мәзһабы фақиһтерінің пайымдауынша истиһсан қиястан бөлек әдіс емес, екеуі бір әдіс саналады.

Ал, Ханбали мәзһабында қияс және истиһсан әдісімен аса зәрулік жағдайда үкім беріледі. Жалпы, Ханбали мәзһабындағы истиһсан шарттары Имам Маликтің истихсан көзрасымен ұқсас болып келеді.

Истиһсан – Ислам шариғатындағы рационалистік құқықтық үкім берудің көпқырлы болып келетінін көрсетеді. Хронологиялық тұрғыдан алғанда бұл әдісті бірінші болып Ханафи мәзһабы тәжірибеде қолданысқа енгізді. Кейін Малики мәзһабының фақиһтары құқықтық үкім беру мәселелерінде истиһсан әдісін біршама ілгерлетуге күш салды. Жалпы, Ханафи және Малики мәзһабының өкілдері истиһсан әдісінің құқықтық үкім берудегі аса қажеттілігін сезіндіре алды. Яғни, құқықтық үкім беру тәжірибесінде өзін-өзі ақтаған құқықтық әдіс болған соң, біртіндеп консервативтік Ханбали құқықтық мектебі де истиһсан әдісін қабылдады.

 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу35Твитерге22Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ақиқат дін тыныштықта дамиды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады
Жаңалықтар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады

15.12.2025
Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті
Жаңалықтар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

15.12.2025
Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды
Жаңалықтар

Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды

15.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00