Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Фиқһ іліміндегі ижмағ әдіснамасының қалыптасу кезеңі

21.04.2015
- Қоғам
0
854
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алғашқыда сахабалардың әлемнің төрт тарапына дін тарату үшін аттануына байланысты мужтахид ғұламалардың саны өте аз болды. Олар Хақ Елшісінің (с.а.у) көзін көріп, тәлім алғандықтан діни үкімдердің қолдану ретін өзінен кейінгі толқынға қарағанда әлдеқайда жетік білетін. Қайсыбір үкім болмасын оның жалқыға (қас) немесе жалпыға (амма) тән екенін, қай үкім қандай психологиялық күйге (хал) және қай кеңістікке (Мекке немесе Мәдина) қатысты айтылғанын айқын ажырата алатын. Осыған орай алғашқы ғұламалардың көзқарастары көбінесе бір арнада тоғысып жататын. Яғни, ғалым сахабалардың үкім берудегі дара үйлесімі, салған сара жолы фиқһ ілімінің ижмағ қайнар-көзі болып қалыптасты.

Мужтахидтер Құран-Кәрімнің: «Ал, біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ, муминдердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз» (Ниса, 115 аят) деген аятындағы «муминдердің жолынан басқа жол іздесе» сөзін ижмағқа ишара деп қабылдайды. Сонымен қатар, Алла Елшісінің (с.а.у): «Мұсылмандардың дұрыс деп танығаны Алланың құзырында да дұрыс» (Ахмад бин Ханбал, Муснад) деген хадисін де ижмағқа дәлел ретінде қарастырады  (Рамазан әл-Бути, әл-Мәзһабия).

Мәзһаб имамдарының дәуірінде де мужтахидтердің бір мәселе бойынша жасаған ортақ ой-тұжырымы ижмағ ретінде қарастырылды. Мәселен, «Қажылық ғибадатын орындауға асығыңыздар. Себебі, өлімнің қай мезгілде келетінін білмейсіңдер» – деген хадисті негізге алған мәзһаб ғұламалары «қажылық жасауға толық мүмкіндігі бар мұсылманның бұл парызды орындауды кешіктіруі күнә саналады» деген ортақ пікір ұстанды. Дегенмен, қияс және истислахпен (аналогия) берілген ортақ үкімдерді ижмағ деп есептемейтін ғұламалар да болды. Солардың бірі Ханбали және Захири өкілдері сахабалардың ижмағын ғана мойындап, мәзһаб ғұламаларының ижмағын қабылдаған жоқ. Имам Шафий сахабалардың ижмағын мойындап, Мәдина мектебінің (Мәлики) кейбір ижмағ үкімдерін қабылдамады. Шиғаның Жағфари мәзһабы тек өз мужтахидтерінің ижмағын қабыл етсе, Зайдийа өкілдері әһли-байттың ғана ижмағын мойындады. Ал, Муғтазила ғұламасы Наззам (ө. ж 840) ижмағты мүлде қабыл еткен емес. Имам Ағзам мәзһабының ғұламалары Құран мен сүннетке қайшы емес мужтахидтердің ортақ көзқарасын ижмағ ретінде мойындайтын. Жалпы, әһлі сунна ғұламаларының көпшілігі «бір ғасырда ғұмыр кешкен мужтахидтердің ортақ ой-пікірі ижмағ ретінде мойындалатынын, бірақ, одан кейінгі ғасырларда сол мәселеге жаңа ижмағ жасауға болады» деген ұстанымды жақтады.

Ижмағтың ашық (сарих), үнсіз (сукути) және бір мәселе бойынша мужтахидтер келісімге келген, бірақ кейбір тұстары даулы деген түрлері болады. Сарих ижмағ – мужтахидтердің қарастырылған мәселе бойынша өз ойларын ашық білдіргені болса, сукути ижмағ – ижтихад айтуға лайықты ғұламаның көзқарасын сол дәуірдің өзге мужтахидтері терістемесе, онда ғұламалардың үнсіз бәтуаласқаны (ижмағ) деп саналды. Ал, негізгі мәселеде ижмағ жасап, қосымша тармақтарына байланысты келісілмеген ижмағқа –сахабалардың қайтыс болған адамның мүлкіне атасының мұрагер бола алатынына келісіп, бірақ оның мөлшері қанша болатындығына ихтилаф жасаған ижмағты жатқызамыз.  

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026

Мұхан ИСАХАН 

 

 

 

Бөлісу20Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?
Қоғам

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Қадірі жоғары түн
Видео

Қадірі жоғары түн

16.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Айбек АСҚАРБЕКҰЛЫ: «Атырау өңірінде діни ахуал түзеліп келеді»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121018 бөлісті
    Бөлісу 48407 Твитерге 30255
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?
Қоғам

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Қадірі жоғары түн
Видео

Қадірі жоғары түн

16.03.2026
Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00