Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Наурыз мерекесін тойлау шариғатқа қайшы ма?

21.03.2015
- Сұрақ-жауап
0
231
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 Иә, дәстүрлі Қазақ мәдениетіндегі ұлық мереке – әз-Наурыз екендігі әмбеге аян. Көшпенділер ұлыстың ұлы мерекесі әз-Наурыз мерекесін қаншама ғасырлардан бері дәстүрлі түрде тойлап келе жатыр. Тіпті, кешегі Кеңес үкіметі тұсында ресми тыйым салынғанмен, қалың бұқара Наурыз мерекесін ауыл-ауылдарда шама-шарқынша тойлап жататын. Десек те, кейінгі жылдары ұлыстың ұлы күнін тойлауды дінге қайшы деп түсінетін кержақ көзқарастағы әсіредіншілдер пайда болды. Әлбетте, мұндай теріс пікірлер бізді тосырқатпайды. Қайта, Әз-Наурыздың Хақ дінмен қабысып жатқанына көптеген дәлелдер келтіруімізге түрткі болады деп ойлаймын. 

Әдебиетші ғалымдар мен өнертанушылар Әз-Наурыз мерекесін қазақ халқы ислам дінін қабылдамастан бұрын тойлағанын айтады. Олардың пікірінше Наурыз мейрамы қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке. Қыстоқсанның ішінде мал-жанын шүберекке түйіп, әупірімдеп көктемге әзер шыққан ел – өрістегі малдың аузы көкке ілініп, арқа-басының кеңігенінің құрметіне ұлыстың ұлы күнін ат шаптырып, аударыспақ ойнап, жамбы атып, балуан күрестіріп,  ұлан-асыр той жасайтын болған (Б.Кенжебаев. Қазақ әдебиеті. І том. Алматы 1949).

Наурыз мерекесінің түркінің төл мерекесі екенін фольклоршы Бақыт Әбжет те дәлелдеп жазды. Оның жеткізуіне қарағанда көне түркінің мифі бойынша жерді өгіз көтеріп тұр деп есептелінеді. Жерді бір мүйізіне салып көтеріп тұрған көк өгіз мүйізі талғанда екінші мүйізіне қарай ауыстырады. Жерді жылына бір рет қана екінші мүйізіне аударады, осы кезде жер қайта жаңарып, тіршіліктің ояна бастауы жаңа жылдың келгенін білдіреді. Халық өгіз белгі бергеннен халық Наурыз мейрамын тойлауға кірісетін болған. Мысалы, әзірбайжандар Тәңірдің құрметіне жұмыртқаны көкке бояп, оны айнаның үстіне қояды. Жұмыртқа тербеле бастаған кезде өгіз жерді екінші мүйізіне ауыстырды деп, жаңа жылды тойлауға кіріседі екен (Бақыт Әбжет. Наурыз мерекесінің тойлану кезеңдері. Қазақстан-Заман газеті. № 11. 2010).

Наурыз мерекесінің Хақ дінге қайшы емес, керісінше діни мереке екенін Мәшһүр Жүсіп бабамыздың «Нұх, Наурыз тарихы» атты еңбегінен анық көруімізге болады. Ғұлама бабамыз Наурыз мерекесінің шежіресін былайша тарқатады:

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

«Бұл наурыздама той болып, қай заманда басталған жұмыс? Жоғарғы жақта сөйленген Нұх пайғамбар еркегі, ұрғашысы араласып, сексен қаралы жолдаспен кеме жасап мініп, алты ай, он күн  суда жүзіп, су тартылып, кемесі Қазықұрт тауына кез болып, соған тоқтап, құрғақшылық көріп, қара жерді басқан. Біреудің әкесі, біреудің баласы, біреудің бауыры, туысқаны қырылып қалып, «салт атты, сабау қамшылы» болып судан шыққан», – деп Нұх (с.а.у)-ның қауымның топан судан аман-есен құтылғандарына шүкіршілік ретінде қазан көтеріп, той жасағандығын жеткізеді. Одан арықарай: «Сөйтсе, сол күнде ай есебімен санағанда «Мұхарамма» айының оны екен де, жұлдыз есебімен санағанда, күннің хамале бір уәжібіне кірген күні бірінші хамале болып табылған. Нұх пайғамбардың тұңғышы – «Сам» деген баласы. Ғараб, Ғажам – сол самның ұрпағы. Біреуі ай есебін ұстап, жыл басын «Мұхарамма» деп санап, оны «Ғашура күні» – деп, мейрам қылып ұстап қалған. Біреуі – Ғажам жұрты, жұлдыз есебін ұстап «Бірінші хамале – жыл басы» деп мейрам қылып ұстап қалған. Мұның ұстап қалған күні число есебімен марттың тоғызына дәл келіп, қыс пен жаздың аударыс, төңкерісіне тұпа-тура, дәлме-дәл шыққан. Мұны біздің қазақ «Бұхар есебі» дейді. Бұл есептен біздің қазақ жұрты орысқа қарағанша, аумай, жаңылмай ұстап келген», (Мәшһүр Жүсіп . Ит дүние. Нұх, Наурыз тарихы. 242 бет. Алматы 2008) дейді.

Мәшһүр Жүсіп бабамыз жоғарыдағы «Нұх, Наурыз тарихы» атты еңбегінде Ашура мен Наурыздың шығу тегі бір екенін көрсетіп отыр. Расында да мұсылмандық дереккөздер бойынша Нұх пайғамбардың қауымы топан судан Мұхаррам айының оныншы күні – Ашура күні құтылған. Нұх қауымы Аллаға шүкіршілік ретінде қазан көтеріп, дорба түбіндегі там-тұм қалған бидай, арпа, ноқат, бұршақ, құмық секілді дақылдарды айран-сүтке малып, жеңсік ас әзірлеп, арқа-жарқа болып той жасаған. Бұдан кейін адамзат баласы әрбір жылы топан су қасіретінен құтылған күннің құрметіне Мұхаррам айының оныншы күні Ашура мерекесін дәстүрлі түрде тойлай бастаған (Хусейн Алгул. Мүбәрак күндер мен түндер. Ыстанбул-1996). Яғни, бұл деректерден Наурыз мерекесінде дайындалатын түрлі дән-дақылдар қосылып жасалатын Наурыз көже мен Ашура тәттісінің мазмұны бір екенін аңғарамыз. Ал, Ашура мен Әз-Наурыз мерекесі бөлек-бөлек екі уақытта тойлануының себебін, Машһүр Жүсіп бабамыз Нұх (с.а.у)-ның бір ұлы бір жылы 355 күннен тұратын ай есебімен, келесі бір ұрпағы бір жылы 365 күннен тұратын жұлдыз есебін ұстауына байланысты өзгеріске ұшырағанын жеткізеді.

Нұх қауымының топан судан құтылған күнін Григориян немесе Омар Хаямның күнтізбесімен жүретін Шығыс халықтары жұлдыз есебімен Наурыз айының 21-не тойлайды. Ал, ай есебіне негізделген хижра жыл санауын ұстанатын мұсылман халықтары бұл мерекені Мұхаррам айының оныншы күні тойлайды. Яғни, атаулы мерекенің күндері ауысып кеткенімен, Ашура мен әз-Наурыздың мазмұны мен мәні бір. Демек, Әз-Наурыз мерекесі Хақ дінге қайшы емес.

 фото: rasstanovki.kz

 

 

 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Наурыз мерекесін тойлау шариғатқа қайшы ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00