Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дін саласындағы түйткілдер неге көп?

04.03.2015
- Сұрақ-жауап
0
112
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Біріншіден – рухани сала бірден көзге көрінетін нақты өнім бере қоятын экономикалық сала емес. Зауыт-фабрикадағы секілді руханияттың өнімін күнделікті сатырлатып санап бере де, ала да алмайсыз. Рухани қайраткерлік өз жемісін жылдар бойы біртіндеп береді. Ол ел санасындағы өзгерістер арқылы танылады. Ол өзгерістердің өзі тайға таңба басқандай сайрап тұрмайды. Сондықтан қазір көп айтылатын «тиімділікті бағалау өлшемдері» деген жаттанды термин рухани салада қолдануға келіңкіремейді.

Екіншіден  «нәтиже ауыз толтырып айтарлықтай емес» деу де асығыстық. «Әрекет түбі – берекет», ешбір әрекет нәтижесіз қалмайды. Қазірдің өзінде тұрғын халықтың ақпараттандырылуы әлдеқайда жоғарылады, БАҚ және ғаламтор кеңістігінде дұрыс мазмұндағы діни ақпараттар көбейді, діни оқу орындарының қызметі жолға қойылды. Діни кітаптарға, ғаламтор ресурстарына дінтану сараптамасының жүргізілуі бұлжымас қағидаға айналып, көптеген теріс мазмұнды әдебиеттер мен ақпараттарға тосқауыл қойылды. Мың-сандаған ақпараттық-ағартушылық жұмыстар нәтижесінде дінге деген сергек әрі жан-жақты көзқарас қалыптаса бастады. Қазір еліміздегі діни ахуал негізінен тұрақты десек, бұл кешелі-бүгінді емес, бірнеше жыл бойы жүргізіліп келген жұмыстардың нәтижесі.

Рас, артында мол қаражат, үлкен күштер тұрған теріс пиғылды және радикалды ағымдардың ақпараттық жаулап алу саласындағы толассыз іс-әрекетімен салыстырғанда, қам-қайғысы сан салалы мемлекетіміздің жалғыз ғана дін саласының мамандары атқарып жатқан жұмыстар теңізге құйған тамшыдай ғана болуы мүмкін. Бірақ, әрбір амал ниетімен қайырлы, бұзу үшін емес, түзеу үшін жасалған, қайтарымын күтпей, қайырымдылықпен жүзеге асып жатқан сан алуан әрекеттің де түбі қайырлы боларына сенім мол.  Бұл орайдағы біздің ең басты тірегіміз – әлі рухани тамырларынан ажырамаған, құндылықтарынан қол үзбеген, тектілігі мен тазалығын, пайым-парасатын сақтай білген өнегелі жастары мол ұлтымыздың рухани әлеуеті.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025
Таңбалар: Айнұр Әбдірәсілқызы
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жерінде таралған исламның қандай ерекшеліктері бар?

05.11.2021
Сұрақ-жауап

«Аққастың» мағынасы не?

04.11.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Елдіктің өлшемі – ортақ құндылықтар мен дәстүрлерге адалдық»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00