Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Дәстүрлі ислам» түсінігінің тарихи негізі бар ма?

04.03.2015
- Сұрақ-жауап
0
92
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Дәстүрлі ислам», «дәстүрлі қазақ мұсылмандығы» деген ұғымдардың негізсіз еместігіне дәлел бола алатын қайнар көздердің бірегейі – ислам ілімін жетік меңгеріп, қазақы дүниетаныммен астастыра білген, қазақы мұсылмандыққа негіз болған бірегей ілімдер қалыптастырған ұлтымыздың көрнекті тұлғаларының еңбектері. Қазақ даласында сонау Әбу Насыр әл-Фараби кезеңінен қалыптасып, үзіліссіз жалғасып келе жатқан біртұтас рухани ілімдер, орныққан көзқарастар жүйесі бар. Саналы ғұмырын араб жерінде өткізгенімен әл-Фараби түркі топырағының түлегі, сол топырақта дүниеге келген ілімдердің дамытушысы болып табылады. Атақты Отырар кітапханасы орнаған өңірде туып-өскен ғалымның барлық рухани және дүнияуи ілімдердің бастауынан туған өлкесінде сусындағаны, негізгі  көзқарастарын өз отанында қалыптастырғаны анық. Туған топырақтан алған тәлімін араб, парсы мәдениетінің, ислам өркениетінің ақыл-ой қазынасымен ұштастырған энциклопедист ғалым «хикма иләһийа» – «иләһи хикмет» («тәңірлік даналық») ілімінің негізін салды.

Бұл ілім өз кезегінде Әбу Насыр әл-Фарабидің даңқты отандасы – Жүсіп Баласағұн шығармашылығында «Құт әкелуші білім» («Құтты білік») деген атпен жалғасын тапты. Қос ғұламаның жерлес ізбасары Қожа Ахмет Яссауи бұл ілімді «хикмет ілімі» деген атпен дамытты. Осы ілімнің негізгі қағидалары Яссауидің жоғарыда сөз етілген еңбектерінде көрініс тапты. Яссауи танымдық мектебінің барлық өкілдері мен Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген барлық ойшыл қаламгерлер туындыларынан олардың діни және дүниетанымдық мәселелерде әбден қалыптасқан, жүйеленген, орныққан біртұтас көзқарастарға ие екені аңғарылады. Бұл көзқарастардың негізін екі қағида құрады деуге болады: біріншісі – ұлттық құндылықтар мен отаншылдық қағидаларды қорғау; екіншісі – ислам шариғатына құрметпен қарай отырып, ары қарай дамыту.

Осындай орныққан көзқарастар қазақ жыраулар поэзиясы арқылы ХІХ ғасырдағы ірі ақындық мектепке жалғасты. Сол ақындық мектептің көрнекті өкілі Абайдың діни көзқарастарын жинақтаған «Қарасөздері» де қазақ топырағындағы біртұтас рухани ілімдер мен орныққан көзқарастар жүйесінің заңды жалғасы болып табылады. Ы.Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы», Ш.Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты», М.Ж.Көпейұлы мен Ғ.Қараштың туындылары дәстүрлі қазақы мұсылмандық қағидалары негізінде дүниеге келген. Кеңестік кезеңде өмір сүрген ірі дін ғұламасы Сәдуақас Ғылмани өзінің діни еңбектеріне қазақ жерінде жазылған «Файзул арифин» туындысын негіз еткен. С.Ғылманидің «Дін педагогикасы», «Құран туралы жала мен өтіріктерге қарсы», «Махмуд Шалтут тафсирінің аудармасы» атты еңбектері өз кезеңі үшін ғана емес, бүгінгі күн үшін де аса маңызды болып табылады (өкінішке орай, аталған еңбектер әлі қолжазба күйінде жатыр).

Қазақ топырағынан шыққан жүздеген ғалымдар жайлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Қазақ даласының жұлдыздары» еңбегінде айтылды. Сол ғұламалардың іргелі еңбектерінің басым бөлігі әлі күнге қазақ оқырманына таныс емес. Сондықтан біздің рухани тарихымыздың жазба бөлігі үзілмелі (фрагментарлық) сипат алып отыр. 

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025
Таңбалар: Айнұр Әбдірәсілқызы
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жерінде таралған исламның қандай ерекшеліктері бар?

05.11.2021
Сұрақ-жауап

«Аққастың» мағынасы не?

04.11.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Еліміздің әлем тарихындағы орны қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00