Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Әттахиятта» сұқ саусақ көтерудің үкімі қандай?

30.03.2015
- Сұрақ-жауап
0
8.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Уағалейкумсалам, Бекзат! Ханафи мәзһабында «әттәхият» дұғасын оқыған кезде, «Лә иләһә» деген тұсында сұқ саусақты көтеріп, «иллаллаһ» (Алла бар) деген жерінде түсірудің үкімі – мұстахаб амалға жатады. Яғни, істесең сауап жазылады, істемесең – күнә емес.

Сонымен, «әттәхиятта» сұқ саусақты көтеру сүннет емес – мұстахаб.

Ал, «саусақты қимылдату – шәйтанның басына ол күрзі боп тиеді» деген түсінікке келер болсақ, біріншіден, бұл мағынада келген хадистердің барлығы әлсіз. Екіншіден, бұл хадистерді тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында түсіну қажет. Яғни, Алланың бір, дара екендігін растап, саусағыңды көтеріп, ишарат етуің шайтанға ауыр соққы болып тиетін амал дегенді білдіреді. Әйтпесе, қолдың астында шайтан тұр, саусақты үздіксіз қимылдатқан сайын шайтанның басынан күрзімен ұрасың деген сөз емес.

Бұл жөнінде Хафиз Әбу Бәкір Ибнул-Араби әл-Мәлики Тирмизиге хадис жинағына түсіндірме ретінде жазған «Ъаридатул-ахуази» атты кітабында:

Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026

«Тәшәһһудта саусақтарыңды үздіксіз қимылдатудан сақ болыңдар!… Сұқ саусақты үздіксіз қимылдатсаң, шайтанға ол тоқпақ болады дейтіндерге таң қаламын. Біліп алыңдар! Сендер шайтанға бір саусақтарыңды қимылдатсаңдар (бір рет тоқпақтасаңдар), ол сендерге он рет қарсы қимылдатады (Яғни, намазда көңілдеріңді қажетсіз бос нерсеге бұру арқылы сендерді он рет тоқпақтайды). Шын мәнінде, шайтанды саусақтарыңды үздіксіз қимылдатумен емес, оны өздеріңнің ықыластарың, Алла құзырында намазды шынайы беріліп оқуларың, зікір-дұғаларың, Аллаға сыйынуларың арқылы тоқпақтайсыңдар», – дейді.

Қорыта келе айтарым, қазақ – 12 ғасыр бойы Ханафи мәзһабы арқылы Ислам дінін көркем түрде ұстанып келген халық. Мешіттерімізде намаз оқушыларды 95 пайызы сұқ саусақтарын қозғамайды.

Ендеше, саусақты намаздың үстінде шұқшита қозғап, жанындағы отырған намаздас бауырларын мазалаудың орнына, бір рет қана көтеріп-түсіріп немесе мүлде көтермей көпшілікпен бірге болу – сүйікті Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетті дер едім. Өйткені, Ол (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сіздер үлкен топпен бірге болыңдар!» деген.

Таңбалар: Ершат Оңғар
Бөлісу194Твитерге121Бөлісу24Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ершат ОҢҒАР: Зияткер дін маманын қалыптастыруды мақсат етеміз
Сұхбат

Ершат ОҢҒАР: Зияткер дін маманын қалыптастыруды мақсат етеміз

03.01.2025
Ершат Оңғар: Діндер арасындағы диалог – бейбітшіліктің кілті
Жаңалықтар

Ершат Оңғар: Діндер арасындағы диалог – бейбітшіліктің кілті

09.10.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құныт дұғасын оқуды ұмытқан адам не істейді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120997 бөлісті
    Бөлісу 48399 Твитерге 30249
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00