Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбарлыққа дейін қандай кәсіппен шұғылданды?

17.02.2015
- Сұрақ-жауап
0
475
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мұхаммед (с.а.у) анасының құрсағында жатқан кезде-ақ, әкесі Абдолла Ясрибте жантәсілім етті. Одан қала берді алты жасқа келгенде әкесінің қабірін зиярат етіп қайтып келе жатқанда Әба деген жерде анасы Әминаны мәңгілік сапарға шығарып салады. Бұрын әкесіз жетім болса, енді тұл жетім атанды. Қасында екінші анасы саналған Үммү Әйман Мұхаммед (с.а.у)-ды Меккедегі атасы Абдулмутталибке табыстайды. Құрайыш тайпасының бетке тұтар беделді ақсақалы саналған Абдулмутталиб сүйікті немересін бауырына басып, оны қал-қадерінше өсіріп жеткізеді. Абдулмутталиб немересін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, анасының орнына ана, әкесінің орнына әке болып, барынша мәпелеп өсірді. Алайда, Абдулмутталиб сүйікті немересі сегіз жасқа толғанда жан тапсырып, бақилық болады. Көк өрім бала үшін бұл аянышты жағдай болғанымен, жазмыш Алла Елшісін (с.а.у) қатал тағдырдың тезіне салып, келешекте көретін қазабатына баули түскен-ді. Сөйтіп, жантәсілім етерде атасының айтқан өсиеті бойынша Мұхаммед (с.а.у) немере ағасы Әбу Тәліптің үйіне барып, қашан ер жеткенге дейін осы көкесінің қамқорлығында болады.

Сол кезде сегіз жасқа шыққан өрімдей оғлан (с.а.у) ешкімге жүк болғысы келмей, көкесі Әбу Тәліптен қой бағып, шопандық кәсіппен шұғылдануға рұқсат сұрайды. Көкесі інісінің меселін қайтармай, оның (с.а.у) «қой бағамын» деген ниетіне қүптап, қолдау білдіреді. Мұхаммед (с..а.у)-ның жас та болса, өз-өзіне бас болып шопандықпен шұғылдануы, оның (с.а.у) кейінгі ұлы миссияны атқармас бұрын басынан кешірген ұлы еңбек мектебі еді. Иә, жазмыш оған (с.а.у) өмірдің ащы-тұщы дәмін таттырып, қоғамның әртүрлі сатысынан өткізіп, илаһи ұлы істерге жастайынан баулыды. Қой қайырып, мал күзеткен сол күндері туралы пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына: «Алла шопандық жасамаған ешқандай пайғамбарды жібермеген», деп шопандық кәсіптің артықшылықтарын айтып беріп отыратын. Сахабалары: Уа, Алланың Елшісі! Сен де (шопан) ме?», деп сұрағанда, Хақ Елшісі (с.а.у): «Иә, мен де Меккенің Карарит деген жерінде қой бағатынмын», деген болатын. Қасиеті Құран Кәрімде Мұхаммед (с.а.у)-ның пайғамбар болғанға дейінгі өмірін былайша жеткізеді: «Сәске уақытына, тым-тырыс түнге ант. Раббың сені тастамады да, кейімеді. Әрине, сен үшін ақырет дүниеден жақсы. Әлбетте, Раббың саған береді де разы боласың. Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма? Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма? Сені кедей көріп, байытпады ма? Ендеше жетімді қорлама, Сұраушыны зекіме. Раббыңның нығметін білдір» (Дұқа, 1-11).

Иә, Алла Елшісі (с.а.у) жетімдіктің тақсыретін тарта жүріп, сегіз жасқа толғанында ешкімге масыл болмай, өзінше кәсіп қылған болатын. Бұл сөз жоқ, Пайғамбарымыздың (с.а.у) адамзат баласын ерінбей еңбек етуге үндеген сұлу сүннеті еді.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу12Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Зәру жағдайларға байланысты құлшылықты тоқтата тұруға бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00