Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбарлардың күн-көрісі үшін кәсіппен шұғылдануы міндет пе?

24.02.2015
- Сұрақ-жауап
0
173
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

 

 

Пайғамбарлар – Хақ-Тағаланың қалауымен ерекше кемел болып жаратылған адамзаттың ардақтылары. Хақ Елшілері сөз жоқ, ғалам үшін илаһи нығмет, адамзаттың бақ құсы. Олар Ұлы Жаратушының пәрменін қаз-қалпында жеткізіп, илаһи үкімді қалай ұғыну һәм қалай тұтыну керектігін үйретуші – тәлімі мінсіз тәлімгерлер. Шыр етіп дүние есігін ашқандағы ұлы миссиясы – хақиқатты паш ету болғандықтан, Хақ Елшілері бұл уәзипаны тегін әрі мінсіз атқарған.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Дін – Алланың ұлы заңдылығы. Осы ұлы заңдылықты тәпіштеп, бүге-шігесіне дейін түсіндіруші пайғамбарлар адам ретінде қалай ғұмыр кешті? Нәпақасын неден айырды? Отбасының қалай тіреу бола алды?

Иә, олар дінтұтқа болғанымен, күн-көрісіне дінді құрал қылмаған еді. Пайғамбарлардың ғұмырына көз жүгіртсек, оған нықа, анық көз жеткізе аламыз. Хақ Елшілері дінді көркем түрде насихаттағанымен, қарымтасына дүниелік пайданы көздемеген. Олар әрдайым алаған емес, береген қол бола білген. Пайғамбарлар шежіресінің соңғы алтын арқау, күміс жалғауы Мұхаммед (с.а.у): «Ешкім ешқашан өз табысынан асқан қайырлы ризық жеген емес. Алланың пайғамбары Дәуіт те өз қол еңбегінің жемісін жеген» деп, теміршілік кәсіптің пірі болған хз.Дәуіттің еңбекқорлығын өзгелерге өнеге еткен. Әсілі. хз. Дәуіт тек пайғамбар емес, ел билеуші патша болатын. Демек, әрі пайғамбар әрі ел билеген хз.Дәуіт нәпақасын өз маңдай терімен теріп жесе, патшалық құрмаған пайғамбарлардың тек адал еңбекпен ғана күн көргенін пайымдай аламыз.

Мәшһұр Құран тәпсіршісі Құртуби хз.Дәуіттің темір ұсталығын игеруіне мына жайттың түрткі болғанын айтады:

Хз.Дәуіттің киімін өзгертіп киіп алып, халық арасына шығып, жұрттан: «Дәуіт қандай кісі?» деп сұрайтын әдеті бар еді. Бірде Жәбірейіл (с.а.у) жас адамның кейпінде онымен кездеседі.

Хз.Дәуіт:

* Әй, жігітім! Дәуіт туралы не айтасың? – дейді

Жәбірейіл (с.а.у):

* Дәуіт жақсы адам. Бірақ оның бір кемшілігі бар, – деп уәж айтады.

Хз.Дәуіт таңданып:

* Ол қандай кемшілік еді? деп сұрайды.

Жігіт айтады:

* Ол күн көріс ақысын мемлекеттің қазынасынан алады. Ал, адамдардың ең қайырлысы өз еңбегін қорек қылған адам, – дейді.

Жігіттің сынын естіп, аузына құм құйылған хз.Дәуіт ағыл-тегіл көз жасына ерік беріп: «Аллаһым! Маған қазынаға мұқтаж етпейтіндей бір нәпақа табу жолын үйрет көр!» деп Жаббар Хаққа жалбарынады. Алла Тағала тілегін қабыл қылып, хз. Дәуітке сауыт жасауды үйретеді. Темірді жұмсартады. Ол темірді қамырдай илейді.

Иә, Хақ Елшілері отбасын өз маңдай терімен нәпақа тауып, асырайды. Ішкен асына адал болғандықтан да, оларды қалың бұқара қадір тұтқан.

Пайғамбарлардың бәрі күн-көріс үшін белгілі-бір кәсіптің қас майталмандары болған. Мәселенки, жер бетіндегі ілкі тіршілік иесі әрі алғашқы пайғамбар хз.Адам – диқан, хз.Нұх – ағаш шебері, хз.Ыдырыс – тігінші, хз.Ибрахим – маташы, хз.Дәуіт – темір ұстасы, хз.Сүлеймен – себет тоқушы, хз.Зәкария – ағаш ұстасы, хз.Иса анасы иірген жіптерді сатушы әрі дәрігер, хз.Худ пен хз.Салих – саудагер, хз.Әюб – диқан, хз.Мұса мен хз.Шұғайып шопан болған. Яғни, пайғамбарлар белгілі-бір кәсіппен шұғылданып, нәпақасын, ішер ас, киер киімді өздері тауып жейтін.

 

 

 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мекке кезеңінде Пайғамбарымыздың (с.а.у) сауда мәселесінде хз.Хадиша анамыздан бөлек серіктестері болған ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00