Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ибрагим КЕЛДІБАЙҰЛЫ: «Форум дәстүрді дәріптеуге, ұлтымызды ұлықтауға үндеді»

20.02.2015
- Сұхбат
0
72
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Ибрагим аға, біз кеше «тар жол, тайғақты жолмен» жүріп, тілі мен ділі сынға түскен аумалы-төкпелі заманнан дін аман өткен халықпыз. Әу баста сауатын молдадан ашқан талай Алаш азаматтары аты алтын әріппен жазылған биік тұлғаларға айналды. Ахмет, Міржақып аталарымыз сынды діні мен ділі берік, ұлтжанды азамат болып қалыптасуы үшін ұрпақ тәрбиесіндегі асыл шариғатымыздың орны қандай?

– Әрине, қазақтың ұлттық тәрбиесінде, ұрпақ тәрбиелеу ісінде ислам дінінің алар орныайрықша. Өзіңіз атап өткен арыстардың жолын жалғайтын  нағыз ұлтжанды азаматтар ең алдымен имандылық жолын ұстанып, оның қағидаларынан сабақ алады. Ислам әлемі мен дініміздегі аса көрнекті қайраткер хазіреті Әли өзінің хикметтерінде «Даналықтан асқан байлық жоқ, тәрбиеден асқан мұра жоқ, кеңестен асқан қорған жоқ» деген болатын. Сондықтан, жастардың рухани дүниесін дамытуда білім де, тәрбие де ауадай қажет.

Кез келген ұлттың бүгіні де, болашағы да ұлтжанды  ұрпаққа тікелей байланысты. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, тамырын тереңге жайған мемлекет болу үшін, ең алдымен, тілін, дінін, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтаған саналы ұрпақ тәрбиелеуіміз керек деп білемін. Ал, бұл ретте асыл дініміздің қоғамдағы ықпалы мен орны ұлттық құндылықтарды сақтауға жетелейді. Онсыз жастарды ұлтын сүюге, ұлтжандылыққа, ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Тіпті, жаһандану үрдісіне өзінің ұлттық менталитетін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, ділін сақтай білген халық қана төтеп бере алады.Ана тіліміз, ата дініміз, ұлттық тәрбие – ұлттық мүддеге, мемлекетке, халыққа қызмет ететін рухани құндылықтар деп білемін.

Халқымыз  «Дін – тәрбиенің діңгегі» дейді. Бұл ретте төл дініміздің баға жетпес рухани құндылықтары жетерлік. Егер де ұлт тәрбиесінде имандылық иірімдеріне көңіл бөлсек, жастардың ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру, оны жүзеге асыру қиынға соқпайды деп ойлаймын. Өйткені, имандылық қасиеттер ғана интеллектуалды ұлт тәрбиелеудің, ұлтжандылық қасиеттерді тудырудың ізгі жолы болмақ.

Расписание времени поста и намаза по городам Карагандинского региона

Ең ұлық амалдар

25.11.2025
Мейірім бар жерде береке болады

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025

– ҚМДБ тарапынан тұңғыш рет қолға алынып, кеше ғана дүйім жұрттың басын қосқан республикалық  имамдар форумы ел тарихындағы ерекше құбылыс болды. Үлкен ауқымда діни қызметтің әлеуетін көтеріп, бұқараға паш ету – айрықша бастама. Форумнан алған әсеріңіз қандай?

– Жалпы, мынаны естен шығармауымыз керек. Жоғарыда өзіңіз айтқандай  «тар жол, тайғақ кешуден» өткен еліміз үшін азаттық қазаққа бақ болып бұйырды.  Бүгінде керегеміз кеңейіп, шаңырағымыз биіктей түсуде.  Асыл дінімізге қолдау білдіріп келе жатқан  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сан алуан ұлт-ұлыс өкілдерінің татулығын сақтап, тамырымызды нығайтуда. Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы да ұлттық болмысымыз бен асыл дініміздің қайта түлеп, жандануына, дамуына үлкен үлес қосып, түрлі бастамаларға жол салып келеді. Кешегі алқалы бас қосу – осының  айғағы. Форум жұмысы дін мен дәстүрді дәріптеуге, халықтың  сауатын арттыруға, баба дәстүрін сыйлауға, мешіт-медреселердің көптеп ашылуына  бағытталды. Форумда ислам діні іріткі салушы, жікшілдікті жақтаушы дін емес, қайта елге ұйытқы, халықты рухани татулыққа жұмылдыратын кешегі жолымыз екені айтылды. Осындай өзекті мәселелерді арқау еткен айтулы жиын  имамдардың басын біріктіріп қана қоймай, «бір жағадан – бас, бір жеңнен -қол» шығаруға, бірлікте, татулықта, ынтымақтастықта өмір сүруге шақырады.

– Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында имам бейнесі халық жадында тек ас-тойда не жаназа кездерінде діни рәсім атқарушы кейіпте болғаны жасырын емес. Ал бүгінде түрлі әлеуметтік ортада, қоғамның түрлі қатынасында, мәдени-рухани кештерде дін қызметкерін жиі көреміз. Имам тұлғасы қалыптасып келе жатқанын байқаймыз. Зайырлы қоғамдағы имамның орны туралы айтсаңыз…

– Қоғам дамыған сайын, оған қойылар талап та күшейеді. Міне, бүгінде имамдарға қойылар талап пен жауапкершіліктің салмағы артты. «Имамның келбеті қандай болу керек?» деген сауал күн тәртібіне қойылды.

Шүкір, дінбасымыз Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен бүгінде имамдардың қоғамдағы рөлі айқындалып, беделі артуда. Өз кезегінде имамдарда соған сәйкес қарекет қылуда. Оларды оқытуда, діни білімін арттыруда, жаңа технологияларды меңгеруде ҚМБД-ның атқарып отырған жұмысы көңіл қуантады.

Рас, бүгінде имамдарды тек мешітте көрмейсіз. Түрі әлеуметтік ортада, мәдени-рухани кештерде де халықтың ортасынан табылуда. Имам – халықтың адамы. Ол өзге адамдардың көкейіндегіні, жүрек пернесін дәл тауып, тура жолға жетелейді. Имам – ізгіліктің жаршысы. Халықты жамандықтан тыйып, жақсылыққа бастайды. Ол жүрген жерлерде тек ғибратты әңгімелер айтылады, сауапты істер жасалады.

Міне, имамның зайырлы қоғамдағы орны осындай. Ол ең алдымен асыл дініміздің дамуына  үлес қосады. Ислам құндылығын арттыруда, сондай-ақ, жамағаттың арасына іріткі салып, елдің ынтымағына сызат түсіретін ағымдармен күресуде, жастармен етене жұмыс жүргізеді.

– Өзіңіз де куәсіз, айтулы форумда дін саласының өзекті мәселелері қамтылды. Әсіресе, діни ахуалды реттеуге арналған тұжырымдама, имам тұлғасы, шынайы мұсылман келбеті секілді салмақты тақырыптарға ерекше назар аударылды. Сіздіңше, бүгінгі қоғамдағы шынайы мұсылман қандай болуы керек?

– Елдегі діни ахуалды реттеуде, ішкі тұрақтылықты сақтауда имамдардың қызметіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Өзге ағымның жетегінде кеткен жастарға ақ пен қараны ашып көрсетіп, дұрыс бағыт-бағдар беретін де имамдар екені айтылды. Сол себепті, Бас мүфти имамдардың шынайы келбетіне тән сипаттарды керемет жеткізе білді.

Менің ойымша, зайырлы қоғамдағы шынайы мұсылман  Бас мүфти атап өткен сол қағидаттарды бойына сіңірген, өмірлік ұстанымы дұрыс қалыптасқан адам болуы керек. Діндарлық, шынайылық, әділдік, адалдық, парасаттылық, сабырлық, мейірімділік және тағы басқа адамзатқа тән асыл қасиеттер – иманның айнасы. Шынайы мұсылманның бойында білімділік, шешендік өнер, жан-жақтылық тұнып тұрса ғана қоғамның барлық талаптарына жауап бере алады деп ойлаймын.

– Ой бөлісіп, сұхбат бергеніңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Жайық НАҒЫМАШ,

E-islam.kz

 

Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Діни сенім бостандығын желеу етіп сабақтан қалу заңды ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00