Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Балғабек МЫРЗАЕВ: «Түркияның діни білім беру жүйесі өте қызықты әрі назар аударарлық»

25.02.2015
- Сұхбат
0
235
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жалпы алғанда, Түркияның дін саласындағы тәжірибесін елімізде дәстүрлі дінді насихаттау барысында пайдалануға болады деп есептеймін. Түркияның Дін істері басқармасынан (Дианет) үйренетін жақтарымыз, алатын тәжірибелеріміз болады деп ойлаймын. Түбіміз де бір, дініміз де бір, оның ішінде ұстанатын мазһабымыз да бірдей, салт-дәстүрлеріміз ортақ болып келетіні Қазақ елі мен Түркия арасында дін саласындағы байланысты күшейтуге негіз бола алады.

Өзім де біраз жыл Туркияда білім алғаннан кейін ол елдің дін саласындағы тәжірибесін бір кісідей білемін деп айта аламын.

1924 жылы арнайы Қаулымен құрылған Түркия Дианетіңің құрылымы мен жұмысы нақты жүйеленген және бірізділікке түсірілген. 1982 жылы қабылданған Түркия Республикасының Конституциясында Басқарманың тарихи миссиясы ерекше атап көрсетілген, атап айтқанда «Басқарма мемлекеттің зайырлылық негіздеріне сәйкес мемлекеттік мәртебеге ие, саясаттан тыс стратегияны жүргізе отырып халықтың біртұтастығын қамтамасыз етуге ұмтылады және ерекше құжатта көрсетілген міндеттерді орындайды» – деп, жазылған. Қазақстан да өзін зайырлы деп танитынын ескерсек осы тәжірибені ерекше назарға алған жөн.

Дианет дін саласындағы проблемалардың 80 пайызы діни сауатсыздықтан туындайды деп есептейді. Сол үшін халықты дәстүрлі діни біліммен сауаттандыруға көп көңіл бөледі.

Едіге Жұмахметов: Олар дәстүрлі діни білімге сүйенбейді

13.03.2026
Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі

Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі

11.03.2026

Түркия аумағындағы мешіттердің барлығы Дианетке тәуелді мекеме болып табылады. Олардың саны 2010 жылы 81 984 болса, 2014 жылы 85 412-ге жеткен. Осы мешіттерде қызмет жасайтын дін мамандарының саны 2010 жылы 84157 болған болса, 2014 жылы 145 000-нан асқан.

Басқарманың дін қызметкерлері мемлекеттік қызметкер болып саналады және арнайы бекітілген категорияларға сәйкес мемлекеттік бюджеттен жалақы алып отырады. Мемлекет жергілікті кадрларды көптеп дайындау сырттан келетін теріс ағымдарға қарсы тұрудың ең тиімді тетігі деп есептейді.  Сол себепті мемлекеттік бюджеттен имамдарға жалақы төлеп отырады. Осылайша, имамдардың басқа ағымдар ұйымдарға тәуелді болу ықтималының алдын алуда.

Еліміздегі жалғыз республикалық діни бірлестік болып табылатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да бүгінгі күні Түркияның Дианетімен тығыз қарым-қатынас орнатып, тәжірибелерін зерттеуде.

Бір сөзбен айтар болсам, Түркияның діни білім беру жүйесі өте қызықты және назар аударатын тақырып болып табылады.

Балғабек МЫРЗАЕВ

Таңбалар: Балғабек Мырзаев
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешіттерді бейберекетсіз салу бәсекелестікке айналып кеткен жоқ па?
Қоғам

Пайдаңды тигізе алмасаң да, зияныңды тигізбе немесе мешіт салуға неге қарсымыз?

08.09.2023
Балғабек Мырзаев: Ақпараттың көптігінен теріс бағытқа түсіп кетіп жатқандар бар
Сұхбат

Балғабек Мырзаев: Ақпараттың көптігінен теріс бағытқа түсіп кетіп жатқандар бар

09.07.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

СПИД-пен ауырған ана дені сау баласын емізуіне құқығы бар ма? Ислам діні бұған қалай қарайды?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121030 бөлісті
    Бөлісу 48412 Твитерге 30258
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00