Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әсіредіншілдікке тосқауыл табыла ма?

03.02.2015
- Сұрақ-жауап
0
110
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әсіредіншілдіктің алдын алу үшін халықтың ортадоксалді діни танымының қалыптасуына жағдай жасауымыз қажет. Діни радикализмге қарсы тұратын имунитет қалыптастыру үшін ең алдымен отандастарымыз дұрыс діни мәлімет пен білім алуы тиіс. Қазір елімізде исламдық бағыттағы көшбасшы ұйым  –  Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты  2300-ден астам мешіт жұмыс істейді. Бұл мешіттердегі кешкілік курстарда жамағатқа тұрақты түрде діни сабақ беріледі. Сонымен бірге, елімізде имамдар дайындайтын Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, арнаулы орта оқуына теңестірілген 10 медресе бар. Бұдан өзге Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Түркістандағы ХҚТУ,  Шет тілдері және іскерлік карьера университеті, Қарағанды мемлекеттік университеттерінде дінтану факультеттері мен бөлімдері жұмыс істейді. Діни ақпаратпен қамтамасыз ететін Ислам және Өркениет газеті, Иман, Шапағат-Нұр, Мұсылман т.б. мерзімді басылымдар шығады. Сондай-ақ, 100-ге жуық ғаламторда діни сайттар жұмыс істеуде.

Өткен жылдан бастап діни радикализммен белсенді түрде күрес жүргізу үшін Республикалық ақпараттық насихат тобы құрылды. Яғни, осы діни культтік орындар мен оқу ордалары және діни мәлімет беретін ақпарат көздерімен т.б құрылымдар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып халықтың ортадоксальді діни танымының қалыптасуына бірлесіп жұмыс жасаса, бұл үлкен қосын – әсіредіншілдіктің толықтай алдын алған болар еді.

Халықтың ортадоксальді діни танымы орнығу үшін аталмыш күштердің үйлесімді жұмыс жасауына, әсіресе, әсіредіншілдікке қарсы белсенді күрес жүргізіп отырған мешіт қызметкерлерінің қоғамдық рөлінің артуына мемлекет ықпал етуі керек сияқты. Сонымен қатар, Ислам дінінің  тафсир, хадис, фикһ, ақида, ислам тарихы, ислам философиясы секілді іргелі пәндерін тереңдетіп түсіндіріп беретін оқулықтар шығару үшін Ислам зерттеу орталығын ашсақ құба-құп. Өйткені, біз әсіредіншілдікті насихаттайтын өнімдерді тәркілеп және теріс мәлімет тарататын ақпарат көздерін бұғаттаупен діни радикализмді түбегейлі жеңе алмаймыз. Яғни, ортадоксальді діни таным қалыптастыру үшін жұртшылыққа діни мәлімет пен білім берудің баламалы көздерін қарастыруымыз шарт. 

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Текті жар іздесем айып па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121038 бөлісті
    Бөлісу 48415 Твитерге 30260
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00