Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұхиддин Исаұлы: «Мәулітті «бидғат» деп жүргендер бар»

12.01.2015
- Сұхбат
0
131
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Мұхиддин Исаұлы, алдымен, Мәуліт айы туралы сайт оқырмандарына кеңінен түсіндіріп берсеңіз. Оның тарихы қайдан бастау алады?

– Мәуліт айы Алла елшісі алайһис саламға деген сүйіспеншіліктері терең мұсылман үмбеті үшін мүбарак айлардың бірі. Оның туған айын атап өту ешқандай да христиандардың хазіреті Исаны «тәңір» етіп тойлағанға ұқсамайды. Өйткені, мұсылмандар оны әуелі бір пайғамбар ретінде тойлайды. Ислам дінін, Құранды алып келгені жағынан атап өтеді. Иә, оның мәнін сонау тереңнен қозғайтын болсақ әңгіменің төркіні мынау:

Хақ Тағала Өзін таныту мақсатымен күллі әлемді бейне бір мәні түпсіз терең кітап етіп жаратты. Барша пайғамбарларды жер бетіндегі адамдарға жіберу себебі де осы еді. Олар өз үмбеттеріне сол кітаптың тарау-тарау беттерін ашып оқып, олардың өз деңгейіне қарай талдап, Аллаһ Тағаланың ұлылығын танытты. Сол кезде қоғамның да түйткіл мәселелері шешіле қалды. Өйткені рақымшылдық, шапағат, сүйіспеншілік және әділдік секілді бүкіл көркем құндылықтар Оның халыққа танылуына қатысты. Әйтсе де олар «әлем» деген алып кітаптың терең тәпсірін өз үмбетіне жасаған жоқ. Мұның себебі бір жағынан өз үмбеттерінің деңгейіне қатысты болса, екінші жағынан олар өздеріне тиісті міндеттерін ғана айтып, негізгі сөзді Соңғы пайғамбар (с.а.у.)ға қалдыруы тиіс еді. Осылай істеу олардың уәзипасы да еді. Соңғы елші (с.а.у.)ға дейінгі күллі пайғамбарлар уахи арқылы хазіреті Адамнан хазіреті Исаға дейін адамзатты бірінен соң бірі келіп Хақ Тағаланың барша ғаламды жаратудағы асыл мақсатты терең түсінуіне дайындық жасады. Сол себепті де олар ақыр заман Пайғамбары (с.а.у.)-ды асыға да, зарыға да күтті. Өздері пайғамбар бола тұра, сол пайғамбармен атқарар міндеті бір бола тұра сол ақырғы пайғамбардың нұрлы жүзін бір көру, онымен жүздесу қол жетпес армандай еді. Өйткені ақырғы Пайғамбар (с.а.у.) өзінен бұрынғы барлық кітап пен сухуфтардың мәнін қамтыған мән-мағынасы түпсіз терең Құранмен келіп, кейбір елге емес, қияметке дейін барша адамзатқа Хақ Тағаланың жаратудағы мақсат еткен негізгі мәселені айтатын еді. Адамзаттың бастары әбден қатып «Осы біз кімбіз өзі, бұл жер шарына қайдан келіп едік және бұдан соң қайда бармақпыз?» деп шаршаған түйткіл сауалына кәміл жауап беріп, хазіреті Исадан кейін мәнсіз болып қалған күллі ғаламға жан бітіріп, ешбір пайғамбар айтпаған ғажайып сырларды паш ететін еді. Осылайша хазіреті Адамнан бастап отырылғызылып, пайғамбардың уахилары арқылы өсе келген илаһи ағаш бәйтеректей бой көтерген шақта ақырғы Елші келгенде Құран болып негізгі толық мәуесін беретін еді. Сол себепті жеміс бермесе ағашта мән болмайтыны секілді Құран түспегенде бұл ғаламның жаратылуының мән-мағынасы болмайтын еді. Ендеше сол Құранды халыққа жеткізуде ақырғы Пайғамбар (с.а.у.)-ның маңызы аса зор болатын.

 Әрі ол қолына Құран ұстаған пайғамбар ғана емес, сол Құранды бойына сіңірген, оның мінез-құлқын өз болмысында тұтастай қамтыған жанды Құран еді. Оның өзге пайғамбарлардан даралығы да тауға түссе көтере алмай сол тау жермен-жексен болып құмға айналатын осы салмағы ауыр Құранды арқалай алуында болды. Әрі оның даралығы әр пайғамбар арнайы бір елге (қауымға) келіп, соның қамын жесе, бұл қияметке дейінгі жын мен адамзаттың ауыртпалығын көтеріп, «үмбетім, үмбетім» дейтін еді. Яғни ол қияметке дейін адамзаттың халін сол өз шағында мұғжизамен көріп-біліп, жиырма үш жыл бойы жаны қатты күйзелді.

Расписание времени поста и намаза по городам Карагандинского региона

Ең ұлық амалдар

25.11.2025
Мейірім бар жерде береке болады

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025

Оның осындай ғажайып пайғамбар екендігін білген барша пайғамбар бір жағынан оның келуін асыға күтсе, екінші жағынан өз үмбеттеріне ол жайлы әсем тілдерімен жыр етіп айтатын еді. Олардың Ақыр заман пайғамбарын танитыны туралы «Әли-Имран» сүресінің 81аятында: «Есіңе ал! Сол кезде Аллаһ пайғамбарлардан былай деп сөз алған болатын: «Күмәнсіз, сендерге кітап пен хикмет бердім. Кейіннен қастарыңдағыны растайтын бір пайғамбар келген кезде оған күмәнсіз иман етіп, оған күмәнсіз жәрдем етесіңдер. Осы шешімді мақұлдап, осы ауыр сөзімді қабыл еттіңдер ме?» (Бәрі бір ауыздан) «Қабыл еттік» деді. Олай болса, Мен де сендермен бірге куәгермін», деп айқын айтылған болатын.

Иә, барлық пайғамбарлар Аллаһтың оны күллі әлемге рақым етіп қана жіберетінін жақсы білетін. Оның рақымы өзі пайғамбар болғаннан бастап емес, жаратылыстан бастау алған еді.

-Пайғамбарымыз (с.а.у.)-ның  даналығы мен даралығы туралы көптеген мәліметтер келтірдіңіз. Жалпы, мәуліт мерекесінде пайғамбарымызға сүйіспеншілік айтылып, оның өмір жолына, іс-әрекетіне мадақ, жыр айтылатынын білеміз. Ендеше, Мәулітті тойлау  жастарымызды тура жолға салып қана қоймай, исламды дұрыс түсінуге шақырады емес пе?

– Ақырғы елші Мұхаммед аләйһис-салату уәс-сәләм Милади 571 жыл Хижри жыл санауынан 53 жыл бұрын Рәби’ул-әууәл айының он екінші түні дүниеге келген. Ендеше, әуелі біздің осы айды атап өтуіміз, христиандар секілді оның жеке басының туған күнін тойлау емес, керісінше күллі пайғамбар күткен, сүйіншілеген Ақырғы елші  және жаратылыстың түп мақсатын тереңнен түсіндіретін Құранның жаршысы, хабаршысы екендігін атап өтіп, Оның күллі әлемге рақым етілгенін зерделеп, Хақ Тағалаға шүкіршілік етуіміз.

Екіншіден Пайғамбар (с.а.у.)-ның әрбір қимылы, сөзі, іс-әрекеті біз үшін қандай сүннет болса, оның дүниеге келуі де сондай сүннет.

Үшіншіден Құранда: «Оның діні жер бетіндегі балық діннен үстем болады» десе, Пайғамбарымыз (с.а.у.) да бір хадисінде: «Менің дінім күннің шығып батқан жеріне дейін жетеді», деп, жер бетіне Ислам дінінің тарап, сол жер шарында бұрын соңды болмаған ғажайып бейбітшілік орнайтындығына ишарат еткен. Бұл – Пайғамбарымыз (с.а.у.)-ның мұғжизасы. Осылайша Ислам деген Алланың бейбіт дінін жер бетіне таратып, әлемде болып жатқан зұлымдықтарды тоқтатуға арқау болу.

Төртіншіден, Мәулітті атап өту арқылы жастардың жүрегіне оған деген  сүйіспеншілікті нығайту.

Бесіншіден, бұл күнде мұсылманның атын жамылған қараниетті теріс ағымдар жас ұрпақты өздерін қарай тартып, Ислам дінін оларға рақымсыз дін етіп көрсетуде. Міне, өзіңіз айтқандай Мәулітті атау өту арқылы Әз пайғамбардың өмірін жастарға түсіндіру арқылы оларға Ислам дінінің рақым діні екенін толығырақ айтқанда Исламды дұрыс түсінуге шақыруға арқау ету.

Алтыншыдан, мұсылмандардың арасындағы бір бірлеріне деген бірлік пен бауырластықты арттыруға себеп ету.

Жетіншіден жат елдер мен басқа дін өкілдердің діни мәдениеті жаһандану арқылы елімізге кіріп ұрпақтың санасын уламас үшін Мәулітті атап өту арқылы өзіміздің мың жылдық діни және  ұлттық мәдениетімізді қайта жаңғырту.

– Ал, Мәулітті «бидғат» деп жүрген кімдер?

– Кейбіреулер  «Мәуліт – бидғат, сахабалар тойламаған» дегенді айтып қалады. «Ит үреді, керуен көшеді» деген. Әйтсе де қысқа жауап берейін. Құранда Алла Тағала Пайғамбарымыздан басқа бүкіл пайғамбарларды әуел баста жинап алып өздерінен кейін соңғы пайғамбар келетінін, сол пайғамбар келгенде оған көмектесулері керектігін әмір етеді. Сонда бәрі «әміріңе құлдық» деп Аллаға құлдық ұрады. Міне ендеше Алла елшісінің мәуліт күні олардың мың ғасырлап күткен күні еді. Алланың әмірі болғандықтан да әрі Әз пайғамбар олардың басшысы, имамы болғандықтан да олар үшін ең маңызды күн еді.

Ал сахабаларға келсек олар да күткен еді. Әз пайғамбар Мәдинаға кірген кезде Аңсар халқы «Төбемізден ай туды» деп жар салып әндете қарсы алған еді. Ал енді осыны «Мәуліт» емес деп көріңіз. Одан кейінгі Хасан Басри тәрізділер де Мәулітті жақсы көрген.

Бүгінде Мәулітке қарсы шығып жүргендер өзін сәләфи санағандар. Тәкпіршілер. Біздің елде әлі де кейбір сәләф уағызшылар Мәулітке қарсы шығып жүр. Шамасы олар шейхтарының фәтуасын естімеген болса керек. Қазіргі кезде Саудтың мүфтиінің өзі «Мәуліт дұрыс» деп бата берген. Мәулітке өмір бақи қарсы болған Ибн Бәзға олар мәуліт оқытқан. Сонда Мәулітке қарсы болғандардан тек қана біздің елдегі тәкпірші уағызшылдар мен ИШИМ ғана қалды. Ал олардың мұсылман емес екендігіне күллі дүние куә. Ендеше бүгінгі таңда күллі мұсылман әлемі Мәулітті мойындайды. 

Сұқбаттасқан Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ,

E-islam.k

 

 

 

Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Асылбек Байұзақұлы: «Жауһар өнерге ес білгелі қызықтым»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00