Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Анамның қажылыққа жалғыз кете алмайтыны рас па?

18.01.2015
- Сұрақ-жауап
0
404
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Саламатсыз ба, Серік!

Өзіңізге де белгілі, қажылық – әйел-еркек демей орындалатын Алла тағала тарапынан әмір етілген исламдағы бес парыздың бірі. Дегенмен әр парыздың өзіндік шарттары бар. Қажылыққа барудың да әйел адамдар үшін мазхабымызда мойындалған екі міндетті шарты бар. Біріншісі – жанында ері немесе махрамы болуы; екіншісі – идда мерзімінен тыс болуы.

Әйелдің әкесі, ағасы, інісі, баласы, т.б. некелесуге болмайтын (оны «неке түспейтін» деп те атайды) жақын туысы оған махрам болып табылады. Махрам ретінде баратын адамның мұсылман болуы, ақыл-есі толық, балиғатқа толған болуы қажет. Бұл тыйымдар Пайғамбарымыздың: «Әйел адам өзімен бірге махрамы болмаса, үш күннен артық сапар шеге алмайды», «Әйел жанында бір махрамы болмастан қажылыққа бара алмайды» деген хадистерінің негізінде қалыптасқан. Ал идда мерзімі – әйелдің талақ етілгеннен немесе күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі күту мерзімі. Бұл тыйым: «Талақ қылған әйелдеріңді үйден шығармаңдар, олар да шықпасын» деген аятқа негізделген. Аталған шектеулер үзілді-кесілді тыйым емес, шарты орындалған (идда мерзімін өтеген, махрамы болған) жағдайда әйел адамның қажылыққа баруына мүмкіндік бар.

Осы тыйымдардың негізінде қазіргі қажылық шарттары қалыптасқан. Соған  сәйкес қажылыққа баратын әйелдердің жасы 45-тен аспаған жағдайда жанында ері немесе махрамы болуы талап етіледі. Ал 45-тен асқан әйелдердің тиісті құжаттары дұрыс болса, қажылық парызын өзге әйелдермен бірге атқаруына кедергі жоқ. Қажылықты ұйымдастыратын туристік компаниялардың егде апаларымызды топ-тобымен мұсылмандық парызын орындауға апарып жүргенінен хабардар боларсыз. Егер анаңыздың жасы 45-тен асқан болса, алаңдауға негіз жоқ, тиісті компаниялармен хабарласып, мүмкіндік табуға болады .

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Қажылыққа қатысты әйелдерге берілетін тағы бір заманауи мүмкіндікті өз басымнан өткерген жайт арқылы білгенім бар. Қажылыққа баруды ес білгелі армандағаныммен, жоғарыдағыдай шарттардың қиындығына байланысты бұл арманның жақын арада орындалуынан күдерімді үзген едім. Сәті түсіп, 2011 жылы қызмет бабымен қажылық миссиясына баруымызға мүмкіндік туды. «Заманына қарай амалы» демекші, қызмет бабымен қажылыққа баруда махрамның болуы талап етілмейді екен. Сөйтіп, ойда жоқта бала кезден бергі арманымыз орындалып, қажылық парызымызды өтеп қайтқан жайымыз бар. «Нені қаласаңдар, соған жетесіңдер» деген Пайғамбарымыз. «Ықылас – қалас» дейді дана халқымыз. Ықылас пен әрекет үзілмесе, Алла қалап, нәсіп болған күні әрбір іс орнына келеріне сенген жөн.

Таңбалар: Айнұр Әбдірәсілқызы
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жерінде таралған исламның қандай ерекшеліктері бар?

05.11.2021
Сұрақ-жауап

«Аққастың» мағынасы не?

04.11.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Университет пен медреседе бір мезгілде білім алу мүмкін бе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00