Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нәрестеге «Мұхаммед» деп ат қоюға бола ма?

22.12.2014
- Сұрақ-жауап
0
17.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Баланың есімінің болашақта тұлға ретінде қалыптасуда ерекше мәні зор болғандықтан, балаға ат қою – кез келген халықта бар, ерекше мән беріліп, өмір-салт ерекшеліктеріне қарай түрліше көрініс табатын істердің қатарына жатады.

Ал, ислам дінінде бұл тек қана әдет-емес, ата-ананың баласы алдындағы міндеті саналған. Ардақты пайғамбарымыз (с.а.с.) ат қоюға айрықша мән берген. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қияметте өз және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар. Сондықтан жақсы ат қойыңдар», – деп мұсылмандарды жақсы ат қоюға шақырған.

Есімдері нашар мағынаға келетін адамдардың аттарын өзгертіп отырған. Адамзаттың асылы (с.а.с.) өзіне берілген ерекше парасаты арқылы атаулардың мән-мағыналарына ерекше назар аударып, жақсылыққа жоритын.

Пайғамбарымыздың: «Ғифар руын Алла кешіріп, жарылқасын, Әсләм руына Алла есендік берсін! Усай Алла мен оның елшісіне қарсы шықты..»,– деген хадисі де осы ұстанымын нақты көрсетеді (Бухари, Манақиб 6; Муслим, Фадаилус-сахаба 183). Бұл хадистегі «ғифар» сөзі кешірім түбірінен туындайтын «ғәфара» етістігінен, «әсләм» сөзі «сәлимә» есендік берсін, сәлем болсын деген түбірден, ал «усай» сөзі қарсы шығу, бас көтеру деген мағынаға саятын «асаия» етістіктен туындайтын есім сөздер. Қазекеңнің де адам аттарын ырымдап жатуының осындай мұсылманшылық ұстанымнан туныдауы бек мүмкін. Сондықтан ата-бабаларымыз: «Атына заты сай болсы!»,– деп бата беретін.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Жақсы ат қоюға шақырған адамзаттың асылынан тәлім алған мұсылман үмбеті үшін пайғамбарлардың, сахабалардың, әулие, ізгі адамдардың аттары қашан да жоғары саналған.

Ал, пайғамбарлардың аттарының ішінде, пайғамбарлар Падишасының (с.а.с.) есімінің орны тіптен айрықша. Сондықтан да мұсылмандардың, әсіресе, араб мұсылмандарының арасында ең көп таралған есімдердің бірі – Мұхаммед. Ислам шариғатында балаға «Мұхаммед» деп ат қоюға қатысты ешқандай тыйым жоқ. Қайта керісінше, рұқсат екендігіне қатысты бірқатар хадистер бар.

Тіпті «Мұхаммед» деп атаудың артықшылығына қатысты хадистер де келген. Ибн Асакирден келіп жеткен: «Кімде-кімнің бір баласы болып, оған тәбәрік ретінде Мұхаммед деп ат қойса, ол да, баласы да жұмақтық» (Мунауи, Фәйзул-қадир, 4-т., 237) деген хадисті имам Суюти хасан деп бағалаған екен (Ф. Бешер. Фыкыһ араштырмалары ышыгында фетвалар. Измир, 1991, 119-б.).

Демек, «сәбиге ұлы кісілердің аттарын қою ауыр» тиеді дегеннен гөрі, соларға, әсіресе, Пайғамбарымызға (с.а.с.) ұқсасын деген ниетпен «Мұхаммед» деп қою мұстахаб (жақсы) саналады.

Ал ата-бабаларымыздың «Мұхаммед» деп атамай «Махамбет, Мәмбет, Мұқан, Мұқаш» т.б. деп атауына келсек оның да өзіндік себебі жоқ емес. Мәселен,  Әзірет Омардың (р.а.) кезінде мынадай бір оқиға орын алған екен. Бір күні Мұхаммед ибн Зәйдке әлдекімнің «Әй, Мұхаммед! Осы істі басыңа салған – Алла» дегенін естіген Омар Зәйдті шақырып алып: «Сен үшін адамдар Алла елшісін сөгуде. Аллаға ант етейін, бұдан былай Мұхаммед деп аталмайсың», – деп, атын Абдуррахман деп өзгерткен екен. Осындай жәйттар жанына батқан Омар (р.а.) Куфа қаласындағыларға балаларын Мұхаммед деп атамауға қатысты бұйрық жіберген.

Мәдинадағы «Мұхаммед» деген балалары бар кейбір адамдарға олардың аттарын өзгертуді талап еткен. Алайда, бұған Алла елшісінің өзі рұқсат бергендігін айтқан кезде, Омар оларға ешнәрсе демеген (Нәуәуи, Шарху Муслим, 14-т., 364-б.). Осы жерден де байқағанымыздай Омардың (р.а.) бұл ұстанымы – діни емес, толықай адамның ішкі сезіміне негізделген субъективті көзқарас. Оның бар ойы, пайғамбарға (с.а.с.) деген құрметті сақтап, қастерлеу еді.

Сондықтан да кейбір ғалымдар адамдардың бойында діни жауапкершілік пен тақуалық азайып кеткен шақтарда, балаларды бұлай атамағанның дұрыс екенін айтқан. Демек, баласына ондай атты бергісі келген ата-ананың оның тәрбиесіне ерекше мән беріп, ықтиятты болғаны жөн.

Аталарымыздың да «Мұхаммед» деп ат қойғанымен оны толық атамай өзгертіп айтулары – бір жағынан Пайғамбарымыздың атын қоюдың абзалдығына сенгендіктен туындап жатса, екінші жағынан оған деген құрметтің аяқ асты болмауын қалаған ерекше бір түсініктің жемісі.

Алау Әділбаев 

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу413Твитерге258Бөлісу52Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сүннет бойынша шаш қою үлгісі бар ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00