Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дүниеден өткен кісіге жылаған адамға қабірде азап беріле ме?

27.12.2014
- Сұрақ-жауап
0
2.8k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам шариғатында дүниеден озған кісінің артынан жылауға рұқсат екендігіне қатысты ижма, яғни бірауыздан келісім бар. Мұндай жағдайда жыламау үшін адам тас жүрек болу керек. Жылау – Алла тағаланың адамбаласының жүрегіне салған мейірімнің белгісі. Осыған қатысты Имам Бухари мен Муслимнің хадис жинағында мынадай хадис келген: Алла елшісіне (с.а.с.) жан тәсілім етер алдында қиналып жатқан немересі (қызының баласы) әкелінген кезде қос жанары жасқа толып, жылады. Мұны көрген Сағыд (р.а.): «Уа, Алланың елшісі бұныңыз не? (яғни, жылауға болады ма?)»,– деген кезде Ардақты елші: «Бұл – пенделерінің жүрегіне қойған Алланың рақымы. Алла мейірімді болған құлдарына ғана мейірімін төгеді»,– деген еді. Өз баласы Ибрахим қайтыс болған кезде де Пайғамбарымыз жылап: «Жүрек қайғырып, көзге жас келеді. Алайда, Жаратқан Иеміз разы болатын сөзден басқаны айтпаймыз», – деп жылауға рұқсат екенін көрсетіп кеткен. Бірақ, үсті-басын жыртып, беттерін тырмалап, Алла тағаланың тағдырына наразылық танытып жыламау қажет. Бұған шариғатта тыйым салынған (У. Зуһәйлий, әл-Фиқһул-Ислами уә әдилләтуһ, 3-т., 93-94-б). Сонымен қатар, сабырлық танытып: «Шын мәнінде барлығымыз Алладан келдік және түбінде бәріміз Оған қайта ораламыз. Беруші де алушы да – бір Алла. Уа, Алла тағала, берген қайғы-қасіретіңе маған көмектес және бұның орнына маған жақсырақ күйді бере гөр!» деп дұға тілуедің сауабы мол. Сбарлыққа қатысты хадистерді жазамын.

Сұрағыңыздағы: «Шариғатта жылауға болмайды. Артындағылар жылаған сайын, қабірде оған азап беріледі?» деген мәселеге келсек. Бухари мен Муслимнің хадис жинақтарында: «Қайтыс болған адамның артында қалған отбасы мүшелері жыласа, оған азап беріледі»,– деген хадис бар. Ғалымдардың көпшілігінің айтуынша, бұл хадис отбасы мүшелеріне артынан жылауды өсиет етіп қалдырып кеткен адамға қатысты айтылған. Өйткені, сол кездері арабтарда қайтыс болған соң артынан жылауды өсиет етіп кету кең тараған әдет еді. Сондықтан, хадистегі мұндай үкім өз еріктерімен, табиғи сезімдері нәтижесінде жылауға емес, сол кездің әдетіне сай, адамдардың қайтыс болғанна кейін өзіне құрмет көрсетілуін талап еткен адамның қалауынан туындаған жағымсыз әрекетке қатысты айтылған. Жарық дүниемен қош айтысқан адамның артындағылар өсиет үшін емес, өздіктерінен жыласа, қабірдегілерге ешқандай азап берілмейді. Өйткені Айша анамыз (р.а.) қабірде жатқан адамдардың артынан жылаған адамдардың қылығы үшін азапқа тартылуының Құран аятына қайшы екенін алға тарта отырып, «Әнғам» сүресіндегі мына: «Ешкім басқа адамның күнәсі үшін жауапқа тартылмайды»,– деген аятты сөздеріне дәлелге келтірген  («Әнғам» сүресі, 164).    

 

Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу68Твитерге43Бөлісу9Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Харам ақшаға мешіт тұрғызуға бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120991 бөлісті
    Бөлісу 48396 Твитерге 30248
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00