Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бидға» ұғымын айшықтап берсеңіз?

19.11.2014
- Сұрақ-жауап
0
488
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Исламда жаңа ережелер «бидға» деп аталады. Ғұламалар бидғаны – жақсы және жаман деп екіге бөліп қарастырады.Егер, жасаған амалымыз дін негіздеріне қайшы емес болса, ол жақсы бидға, керісінше, жасаған іс-әрекетіміз дін негіздеріне қайшы болса, онда жаман бидға саналады. Жаман бидғаны жасаушы әлбетте күнә іс істеген болып есептеледі.

Дегенмен, бидғаны сахабалардың өзі де жасаған. Мысалы, Хақ Елшісі (с.а.у) Миғражға көтеріліп, сидрат әл-мунтахада қадымнан қияметке дейінгі барлық ахуалды айна қатесіз көріп біледі. Сонда, Билал әл-Хабашидің (р.а) аяғының сыбдырын ұжмақтан естіген екен. Бұл әлбетте Билал әл-Хабаши (р.а)-ң жаннаттық қауымнан болатындығының ишарасы еді. Осының сырын білгісі келген Пайғамбар падишасы (с.а.у):

– Уа Билал! Жұмақтан аяғыңның сыбдырын еститіндей сен қандай ізгі амал жасаған едің? – деп сұрайды.

Хақ Елшісі (с.а.у) қадалып сұраған соң, Билал (р.а) тірі жанға тіс жармаған өзінің жасырын амалын еріксіз айтуға мәжбүр болады.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

– Уа Расулуллаһ! Мен дәрет алғаннан кейін ұдайы екі рәкат намаз оқитын едім. Менің бұдан өзге басқалардан асырып жасаған амал-құлшылығым жоқ –  деп жауап береді (Бұхари риуаят еткен)

    Осы хадиске талдау жасаған белгілі дін ғұламасы Әли Жұма: «Аталмыш риуаяттан Хақ Елшісі(с.а.у) азаншы сахабасының құлшылығын мақұлдамастан бұрын, Алла тағала үшін Билал (р.а)-ң бұл бидға амалы сүйікті ғибадат болып қабылданғанын аңғарамыз» – дейді.

Тағы бірде Хақ елшісі (с.а.у)  жамағатпен парыз намазын оқып жатады. «Аллаһу акбар» деп рукуғқа кетіп: «Самига Аллаһу ли ман хамидаһу» (Алла өзін мақтаған құлын естіді) деп бас көтергенде, сапта тұрған сахабаның бірі Жаббар Хаққа деген ынтызарлығын бойына сыйғыза алмай: «Раббана лака әлхамду хамдан касиран тайибан мубаракан фиһи» (Уа Алла-тағала саған берекесі мол сансыз мадақтар болсын) деп қалады.

Алла Елшісі (с.а.у) сәлем беріп, намазды аяқтағаннан соң:

– Жаңа кім «Раббананы» айтқан? – деп сұрайды.

Әлгі сахаба «қателік жасап қойдым ба» деп іштей үнсіз қалады. Ешкім дауыс шығармағаннан кейін Жақсылық Жаршысы Мұхаммед (с.а.у):

–  Жаңа отыздан астам періштенің бұл сөзді жарыса кеп жазғанын көрдім – деп бұлайша мадақ айтудың сауабы мол екенін айтады.

Сонда барып «Раббананы» айтқан сахаба өзінің жаза баспағанына көз жеткізеді (Хадисті Бұхари риуаят етеді).

Дәуіріміздің ұлы ғұламасы Әли Жұма: «Бажайлап қарайтын болсақ, рукуғтан тұрғанда «Уа Алла-тағала! Саған берекесі мол сансыз мадақтар болсын» деп мадақ айтуды Алла Елшісі (с.а.у) мақұлдамастан бұрын Ұлы Жаратушы сүйікті амал ретінде қабылдаған» деп мадақ хикметін шиырып дәл түсіндіреді. 

   Бұл екі тәмсіл – Тәлімі мінсіз тәлімгердің (с.а.у) хабарынсыз һәм әлі мақұлданбаған, бірақ, риясыз ынты-шынтымен жасаған амалдың жұмақтың кілті бола алатындығын паш етуде. Демек, бұдан шығатын қорытынды, шариғат шеңберінен шықпай, жан-жүрегімен Хақты тебіреніп зікір еткен қандай бір құлшылық болсын Алланың құзырында сүйікті амал саналуы бек мүмкін.

 

 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу12Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Салаф мұсылмандардың ақидасы қандай болған?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00