Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әбу Ханифа мәзхабы ел бірлігінің кепілі бола ала ма?

01.11.2014
- Сұрақ-жауап
0
149
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сізге Алла разы болсын. Елдің қамын жеу, елі үшін күйіну әрбір мұсылманның міндеті болмақ. Ал, енді сіздің сұрағыңызға тоқталайық;

Өзінің өткен тарихындағы шынайы рухани құндылықтарды сақтаған, оларды ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра етіп қалдырған халықтың ғана өркениетті ел  ретінде жарқын болашағы бар. Бүгінгі аға буынның міндеті – әр түрлі жаһандық құбылыстар мен кедергілерге қарамастан, өзімізге аманат болған дәстүрлі Ислами құндылықты қаз-қалпында келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру болып табылады.

Бүгін қоғамымызда мұсылман қауымы арасында салафшілдік, уаһабшылық құраншылық сияқты т.б. неше түрлі ағымдарға бөліну белең алып отыр. Таза исламды ұстануды ту еткен аталмыш ағымдар көне заманнан қазақ даласын мекендеген мұсылмандардың ұстанып келген сара жолы – Әбу Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Хакім Абай, Шәкәрім Құдайберділер ұстанып, бізге мирас етіп кеткен дәстүрлі Исламды, атап айтқанда, Ханафи мазхабын мойындамай, таза Исламның көрінісіне кір келтіріп, белгілі фобиялар тудыруда. Оның соңы экстремистік, ақыры аяғында террористік әрекеттерге ұласып та жатыр.

 Мысалы, ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келген исламы, яғни Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы дұрыс емес, салт-дәстүрді ұстануға болмайды, ата-бабаға құран бағыштау және шелпек тарату дұрыс емес, тек Құран мен сүннетті ғана ұстану керек деп, Құран мен сүннет түгілі, таяқты «әлиф» деп танымайтын қарапайым жастарға болмысы бұлыңғыр, мазмұны маргиналды жол меңзейді.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Ең қауіптісі, деструктивті діни ағымдар осы әдісті қолдану арқылы жастарды экстремизимге алып барады. Олар жастар арасында өзі ұстанған жолдағылардан басқа мұсылмандармен, туған-туыстарымен, тіпті, әке-шешесімен араласпауға, қарым-қатынастарын үзуге дейін алып бару тәсілін де қолданады. Нәтижесінде әке-шешесінен, туған-туысынан, достарынан қол үзіп қалған жастар  оңай басқарылып, экстремистік мақсатта қолданылатын дайын тірі өнімге, құралға айналады. Демек, ата-бабамыз ұстанып келген сара жолдың тағылымы мен көрнісін өзгерту, оның дұрыстығына күмән тудыру экстремизмге шақырудың алғы шарты ретінде қолданылып отыр.

Ата-бабамыздың ықылым заманнан бері ұстанып келген сара жолы – 2011 жылы 11 қазанда қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның кіріспесінде атап көрсетілгендейисламның Ханафи бағыты. Әлем мұсылмандары шариғат заңын ұстануда Ханафи, Шафи’и, Ханбали, Малики болып бөлінсе, сенім мәселесін Матуриди және Әшғари мектептерінің қағидалары арқылы таниды. Бұл екі мектептің қағидалары мен ұстанымы – классикалық дәстүрлі ислам. Яғни, екеуі де Құран Кәрім мен Мұхаммед Пайғамбардың сүннет жолына негізделген.

Ал, Әбу Ханифа мәзхабы – біздің өмір салтымызбен біте қайнасып, үндесіп жатыр. Бұл діни мектептің біздің болмысымызда тамыры тереңге кетіп, ұлттық мәдениетімізбен сабақтасып кеткен. Бір сөзбен айтқанда Әбу Ханифа мәзхабы – қазақ мұсылмандығының алтын діңгегі. Қазіргі таңда дінге бет бұру артып келе жатқан, кептелісі көп өмір жолында қазақ жастары үшін Әбу Ханифа мәзхабы – «жол бағытын реттеуші бағдаршам іспетті» десем артық айтпаған болармын.

Алланың аяты мен Пайғамбар хадисіне терең бойлаған көреген көшбасшымыз – Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында:«Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзхабын ұстанатын сүнниттерміз.Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал.»-деп, тегіннен-тегін айтпаса керек.

Таңбалар: Ершат Оңғар
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ершат ОҢҒАР: Зияткер дін маманын қалыптастыруды мақсат етеміз
Сұхбат

Ершат ОҢҒАР: Зияткер дін маманын қалыптастыруды мақсат етеміз

03.01.2025
Ершат Оңғар: Діндер арасындағы диалог – бейбітшіліктің кілті
Жаңалықтар

Ершат Оңғар: Діндер арасындағы диалог – бейбітшіліктің кілті

09.10.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазақ хылқының рухани өміріндегі Исламның орны қаншалық?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00