Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Орталық Азия кеңістігінде Ханафи мәзһабының қандай тұлғалары өмір сүрді?

22.10.2014
- Сұрақ-жауап
0
215
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қарақан дәуірін жан-жақты зерттеген белгілі тарихшы Зия Кабакшы Мәураннахрда Ханафи мәзһабының 300-ден астам өкілінің шыққанын айтады. Орталық Азиядан өзге мәзһаб өкілдері емес, Ханафи мәзһабынан осыншама өкілінің шығуы, сөз жоқ Қарақан дәуірінде бұл мектептің салтанат құрғанын әйгілейді. Ал, тұлғаларға келетін болсақ,  Имам Ағзам мәзһабының Орталық Азиядағы алғадай өкілі ретінде Әбу Лейс Самархандиді (983 жылы қайтыс болған) аузымызға алуға болады. Себебі, ол Мәураннахрда алғаш болып Имам Ағзам Әбу Ханифаның құқықтық үкімдеріне шарх жазды. Әбу Лейс Самархандидің осы тұрғыдағы «Шархи Фикһул Акбар», «Хизанатул фикһ», «әл-Фатауа» атты сүбелі еңбектерін атап өте аламыз. Алайда, Ханафия мәзһабының құқықтық үкімдерін кодификациялаған Бұрханаддин Маргинани еді. Ол 1123 жылы Ферғана жазығындағы Риштан қаласында дүниеге келді. Бұрханаддин Маргинани жас кезінде Орталық Азияның ірі діни орталықтары Маргинани, Самарқан, Бұқарада білім алып,  Нажм ад-дин Абу Хафса ан-Насафи, Хусам ад-дин  Омар ас-Сарахси, Абу Омар ибн Али Пайкенди, Ахмада ибн Абд ар-Рашид ал-Бухари секілді ғұламалардың еңбектерімен танысып, кейін өзі «Нашр әл-мәзһаб», «Бидоятул-Мубтадит» атты еңбектерді жазды. Бірақ, оның еңбектерінің ішінде шоқтығы биік туындысы деп Имам Мұхаммед Шайбанидің «Кіші жинағын» негізге ала отырып  жазған «Китаб ал-Хидая» атты төрт томдық еңбегін айтуымызға болады. Осы еңбектегі фикһ үкімдерін Орталық Азия мұсылмандары қоғамдық қатынастарды реттеудегі басты құқықтық өлшем ретінде негізге алған. Бұны XVI ғасырда өмір сүрген атақты Бабырдың өзінің мемуарлық (Бабырнама) шығармасында: «Біздің заманамыздағы ең маңызды кітап «Хидая» – деп атап көрсетуінен біле аламыз. Сонымен бірге, Орталық Азиядағы Ханафи мәзһабының ірі өкілдерінің бірі  –  Әбубәкір Мұхаммед б. Әбу Сахл Ахмед ас-Сарахси (1009-1090) десек қателеспейміз. Ол жас күнінде Ханафи мәзһабының факиһі әл-Халбанидің шәкірті бола жүріп, бұл мектептің теория-методологиясын терең меңгереді. Ас-Сарахси Иранның Орталық Азиямен шектесетін тұсындағы Сарахси қаласында туылғанымен, Қарақан билеушісі Әмір Хасан қағанның халыққа шектен тыс салған алым-салығына қарсы шыққаны үшін Өзгент қаласына жер аударылып, өмірінің көп уақытын зынданда өткізеді. Қапаста жатып атақты отыз екі томдық шығармасы «Әл-Мабсудты» жазып шығады. Жалпы, Имам Ағзам мәзһабының құқықтық методологиясын танып білу үшін Сарахсидің «Әл-Мабсудын» айналып өту мүмкін емес. Сондай-ақ, ас-Сарахисдің замандасы Бәздәуи қаласында туылған Әбу Хасан Ати б. Мұхаммед  Бәздәуи (1009-1089) де Ханафи мектебінің теория-методологиясын дамытушы ғұламалардың бірі саналады. Деректерде оның жас кезінде хадис ғылымымен көп шұғылданғандығы айтылады. Кейін әл-Бәздауи «Усулу-фикһ» ілімі бойынша Самархан медреселерінде дәріс береді. Ол Кашта қайтыс болғанымен, сүйегін әкеп Самарханға жерлейді. Оның «Усули Бәздауи» және «Китабул-Мабсут» атты Ханафи мәзһабының теория-методологиясына арнап жазған трактаты Имам Ағзам мектебінде әлі маңыздылығын жоймаған сүбелі еңбек болып есептеледі. Орталық Азиядағы Ханафи мәзһабының мықтап орын тебуіне өлшеусіз үлес қосқан тағы бір ірі тұлға – Әбу Зайд ад-Дабуси  еді. Ол Самархан мен Бұқараның ортасындағы Дабуси қаласында туылған (980-1043). Әбу Зайд ад-Дабуси көзі тірісінде-ақ Орталық Азияда ірі ғұлама ретінде мойындалған. Оның Ханафи мәзһабының «Жеті ұлы қазысының» бірі ретінде даңқы шықты. Ад-Дабуси негізінен фикһ ғылымының теориясымен шұғылданды. Ол фикһтағы 100-ге жуық шешімін тапппаған тақырыптарды таңдап алып, бүкіл ғұмырын осы мәселелердің түбегейлі шешімін табуға жұмсады. Оның бұл тақырыптарға жасаған тұжырымы «Илим усуль әл-фикһ» атты еңбекте көрсетілген. Әрине, Қарақан дәуірінде Орталық Азиядан шыққан Имам Ағзам мәзһабының өкілдерінің тізбегін одан арықарай да жалғастыра беруге болады. Бірақ, жоғарыда аты аталған бес тұлға бір Орталық Азия емес, мұқым ғаламда Ханафи мәзһабының мәртебесі биік болуына еңбек сіңірген мәшһүр факиһтар саналады. Яғни, кімде-кім осы бес тұлғаның еңбектерін оқып шықса, Имам Ағзам мәзһабының артықшылықтарын толық танып біле алады. 

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алтын Ордада Берке хан қайтыс болғаннан кейін исламдану үдерісі кілт тоқтаған ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00