Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Хикмет-ғұмыр» кітабыңыздағы өлеңдердің сырын айтыңызшы

17.10.2014
- Сұрақ-жауап
0
369
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өте ауыр сұрақ. Жеңілдеу жауап беруге тырысып көрейін.

Маған бұйырған екі нығмет бар: ғылым арқылы санадағы салмақтан арыламын, өлең арқылы жүректегі жүктен құтыламын. Осы екеуі болмаса жер басып жүруім екіталай болар еді десем, артық айтқаным емес.

Әр қаламгердің жанына балаған туындысы болады. «Мадам Бовари – менің өзім» деп Флобер тегін айтқан жоқ. «Анна Каренина деген – мен» деп Толстой да бекер айтпаған. 

«Хикмет-ғұмыр» – менің жан дүнием, болмысым, тағдырым. Өзі сүйген туындысы туралы сөз қозғау авторға қашанда ауыр. Өйткені шығарма – сенің жан азабыңның көрінісі. Онда да іштегі сырдың сырттағы сәулесі ғана, рух сезінгенді тіл жеткізуге қашанда шорқақ.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

«Хикмет-ғұмыр» негізінен 2005-2010 жылдар аралығындағы өлеңдер мен ой-жазбалардан тұрады. Бір есептен бұл кітапты менің «Қожа Ахмет Йасауидің ақындық әлемі» атты монографиямның өлеңмен жазылған нұсқасы деуге болады. Өйткені монографияда салқынқанды ғылыми стиль мен шектелуге мәжбүрсің, көңіл сезінген көп мағына мен сансыз сырды ғылыми еңбекке сыйғызу мүмкін емес. Есесіне ол өлеңдер мен ой-жазбалар болып төгіледі.

Құлшылықтың кім бағалар құнын дәл,

Ұғар болсаң, ұғынып көр сырымды ал:

Әлем халқы қызығатын бағым бар,

Әлем халқы торығатын мұңым бар…

деп басталатын «Хикмет-ғұмыр» жырлары:

Торықтық қанша тілеуді қосып таңдарға,

Біз түгіл, ботам, пәнидің өзі арманда:

Жандының бәрі жабыла сұрап жатса да,

Бір түйір бақыт бұйырған емес жалғанға..

деп аяқталады. Осы аралықтағы мұң-зар мен сыр-сезімдердің бәрін баяндап шығу мүмкін де емес, міндетті де болмас…

Сыр туралы сөзге келсек – сыр ашылмайды, сезініледі. Сыр ашылса – қасиет қашады. Сыр сезінілсе – ілім тереңдейді. Ал «ілім» деп қазақтың тек Алла Тағала көңілге салатын жүректегі ілімді айтқанынан хабардар боларсыз…

Ал өлең туралы сөзді өлеңнің өзі айтсын. Оны қара сөзбен жеткізем деу қиянат болады. Сондықтан «Хикмет-ғұмырдан» бірер үзік жыр ұсынуды жөн көрдім.

                            * * *

Сарғайтса да санадан Сендегі нұр,

Таусылмапты татарым Жерде жұмыр.

…Жол басында-ақ жазылған пешенеме

Баянсыздан бақ күткен пенде-ғұмыр…

 

Қайраңдаған күйкілік кемесінде,

Мақшар таңда түсем бе мен есіңе?!

Саған қарай әр адым басқан сайын

Сүрінумен күн кештім, сенесің бе?!

 

Жолсыз жаздың үмітсіз ізін көмер

Көктемі пәк көңіл ем… Күзім не дер?!

…Сенің ғана алдыңда арым асқақ,

Сенің ғана алдыңда жүзім төмен…

Сол медеу…

 

                        * * *

 

Босағаңа байланып бар ғұмырым,

Жадылап ед бейдауа жанды нұрың.

Қайтар жолдың қорлығын қалай қидың,

Мені өзіңнен бөлгенде, Мәңгілігім?!

 

Құл-тағдырға қалаусыз қосқанда мұң

Жазмышыңнан жаны үркіп, қашқан бағым.

Жарсыздық пен жолсыздық маған аян

Сенен кеткен күнімнен басталғаны…

 

Құдіреттен дарыған құтым барын

Танып тұрып, жалғанға жұтылғамын.

…Мен – мұңлықпын баянсыз болмысымнан,

Үзірім сол, ей, мұңсыз Үкімдарым!

                      

                  * * *

 

Жадылап есті жыр-елес,

Күдікпен көшіп күн-егес,

Бағдарсыз кетіп барасың,

Бақыттың жолы бұл емес!

Жалғаннан күтпе жандауа!!!

 

Пәнидің пақыр қонағы –

Жербауыр сезім солады.

Адамға адам мәңгілік

Аңсар боп көрген жоқ әлі!

Өзіңді-өзің алдама!!!

 

Еншінің біткен ерегі –

Кемелдік болса керегің,

Мың соқпақ кезіп, маңып көр –

Дүниенің шықпас дерегі,

Бастайды бәрі Аллаға!!!

 

 

Мен туғанда берілген бата

Кергімей көнер кермекке

Пенде боп туған пақырсың.

Тірлікті татып көрмекке

Жалғанға бара жатырсың.

Бақимен бітпес бар ұғым,

Бақ серік болар кімге ұдай?

Жасымай аттан жарығым,

Жалғыздың жары – бір құдай!!!

 

Мың тілім болған жүрекке

Мың жылдың мұңын сыйдырып,

Мұңлықтан туған тілекке

Мәжнүннің басын идіріп,

Тұралап тынған ұлтыңның

Талаурап тұрған рухының

Тұғырын тіктеп, ту ұстап,

Күрмеуін шешіп ділінің,

Ар дауа ақтық ілімнің

Асылын шашып уыстап,

 

Тоз-тозы шыққан жалғаннан

Тұп-тұнық болып көшерсің,

Абыздар елін армандап,

Аңыздай ғұмыр кешерсің,

Әумин!!!

 

 

 

Таңбалар: Айнұр Әбдірәсілқызы
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жерінде таралған исламның қандай ерекшеліктері бар?

05.11.2021
Сұрақ-жауап

«Аққастың» мағынасы не?

04.11.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мен жұма намазын қаза қылғым келмейді. Не істесем болады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00