Сейсенбі, 16 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстандағы дінтану сараптамасын құқықтық қамтамасыз ету тәжірибесінен

11.10.2014
- Мемлекет және дін
0
407
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

2011 жылдың мамыр айында ҚР Дін істері агенттігі дербес мемлекеттік орган ретінде құрылғаннан кейін дінтану сараптамасын жүргізу құзіреті осы агенттікке берілді. Бұл құзіреттілік Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 11 қазанындағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңымен бекітілді. Қазіргі жағдайда дінтану сараптамасын жүргізуді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті жалғастыруда.

Дінтану сараптамасының заң деңгейіндегі нормативтік құжатта белгіленуі оның қоғам өміріндегі маңызының артуымен тікелей байланысты болды. Баршаға белгілі, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның конфессиялық кеңістік құрылымы айтарлықтай өзгерді. Жаңа діни ахуалдың қалыптасу жағдайында діни бірлестіктер саны күрт ұлғайды. Ел аумағында шетелдік миссионерлердің іс-әрекеті қарқын ала түсті. Діни сенім бостандығын өз мүдделеріне пайдаланып, үгіт-насихатын күшейте түскен теріс пиғылды діни ағымдар да аз болған жоқ. Радикалды ағымдар идеологиясын насихаттайтын жат мазмұндағы әдебиеттер елімізде тарала бастады.

Осының барлығы дін туралы заңнаманың жаңа заман талабына орай жетілдірілуін, күшейтілуін талап еткендіктен, Дін істері агенттігі тарапынан дайындалған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданып, қолданысқа енгізілді. Мезгілі жеткен мәселе ретінде дінтану сараптамасы да аталған заңда жеке бап ретінде қамтылды. Осы заң негізінде 2012-2013 жылдары аталған агенттік тарапынан дінтану сараптамасына қатыстытөмендегі нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, қабылданды:

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы;

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

– Агенттік Төрағасының 22.08.2012ж. № 86 «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің аумақтық органдары жанындағы Сараптамалық топтардың ережесін және Сараптамалық топтардың құрамын бекіту туралы» бұйрығы;

– Агенттік Төрағасының 4.10.2012ж. № 103 «Дінтану сараптамасы қорытындыларының үлгілерін бекіту туралы» бұйрығы;

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 15 қазанындағы № 1311 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысы;

– Агенттік Төрағасының 30.10.2012ж. № 112 «Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы (Әділет министрлігінде 24.11.2012ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 8116);

– Агенттік Төрағасының 07.12.2012ж. № 124 «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» бұйрығы;

– Агенттік Төрағасының 30.10.2012ж. № 112 «Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу жөніндегі ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының бұйрығы (Әділет министрлігінде 28.01.2014ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 9103);

Көрсетілген құжаттардың қабылдануы нәтижесінде дінтану сараптамасының құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілуі аяқталды.

Дін туралы жаңа заңнамада сараптаманы жүргізудің бірнеше негізі айқындалып көрсетілді. Бұған дейін дінтану сараптамасын жүргізуге тек мүдделі мемлекеттік органдар және солар арқылы тіркеу барысында діни бірлестіктер ғана сұраныс бере алатын. Ал жаңа заң талабына сәйкес кез келген жеке және заңды тұлға, мемлекеттік мекеме, соның ішінде кітапхана мекемелері де өздері ұсынған материалдарға дінтану сараптамасын жүргізу жөнінде өтініш бере алатын болды. 

Заң бойынша үш жағдайда дінтану сараптамасының жүргізілуі міндетті үдеріс ретінде белгіленген:

1. Жеке тұлғаларды миссионер ретінде тіркеу барысында олардың діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жол беріледі. Сараптама қорытындысы теріс болған жағдайда миссионер ретінде тіркеуден бас тартылады.

2. Діни бірлестіктерді тіркеу (қайта тіркеу) барысында олардың құрылтай және басқа да құжаттары мен пайдаланатын әдебиеттері дінтану сараптамасынан өтуге тиіс. Ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дәйексіз болса және (немесе) құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмаған жағдайларда діни бірлестікті тіркеуден бас тартылады.

3. Жеке өзі пайдаланудан тыс басқа мақсаттар (сату, тарату) үшін Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін кез келген діни мазмұндағы әдебиеттер мен діни мақсаттағы заттар алдымен дінтану сараптамасына ұсынылуы қажет. Мұндай әдебиеттерді тіркелген діни бірлестіктер ғана әкеле алады. Сараптаманың оң қорытындысын алмаған жағдайда әдебиеттердің ел аумағына енгізілуіне жол берілмейді.

Көрсетілгендерден басқа барлық жағдайларда дінтану сараптамасының қорытындысы ұсыныстық сипатқа ие болып саналады.

Осы орайда «діни әдебиеттер» деген ұғымға анықтама беріп өткен жөн. Нақты терминдік тұрғыдан келсек, «діни әдебиет» дегеніміз – теологиялық, діни-канондық, ғұрыптық-мистикалық, әлеуметтік-теологиялық бағыттағы діни мазмұнды қамтитын еңбектер. Олар әдетте тұрғындардың діни немесе дінмен байланысты әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шығарылады. Әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни ағымдар мен қозғалыстардың қасиетті кітаптарының діни мәтіндері де аталған ұғымның аясында қамтылады. Осы бағыттағы еңбектердің барлығы дінтану сараптамасын жүргізуді қажет етеді.

Сараптама барысында нысанның қай бағытта жазылғанына, қай дінге немесе діни ағымға қатыстылығына, ол діннің Қазақстан қоғамы үшін тарихи, мәдени, әлеуметтік маңызы қандай екендігіне назар аударылады. Бұдан кейінгі кезекте кітаптың мазмұнында саяси, ұлттық немесе діни экстремизм белгілері кездесетін-кездеспейтіні, адамның құқығын, бостандықтары мен заңдық мүдделерін бұзуға шақыратын белгілердің бар-жоқтығы тексеріледі. Сонымен қатар кітаптың мазмұныңда заңға қайшы әрекеттерге шақыратын, заңмен белгіленген азаматтық міндеттерді орындаудан, зайырлы мамандық игеруден, ақы төленетін еңбектен, дәрiгерлiк жәрдемнен бас тартуға жетелейтін идеялардың бар-жоқтығы сарапқа салынады. Аталған мәселелерді кешенді түрде қарастыра отырып, сараптама нысанының ел аумағында таратылуға ұсынылатын-ұсынылмайтындығы жөнінде сарапшының тиісті тұжырымы жасалады.

Бұл орайда қазіргі Дін істері комитеті дін саласындағы уәкілетті мекеме ретінде дінтану сараптамасын жүргізгенімен, оның құқықтық бақылау немесе тыйым салу функциялары жоқ екенін ескерген жөн. Сондықтан «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының» 25-тармағында сараптама қорытындысының ұсыныстық сипатқа ие екендігі бекітілген. Ал «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның жоғарыда атап көрсетілген нормаларына сәйкес дiни бiрлестiктер мен миссионерлерді тіркеу, діни әдебиеттерді ел аумағына әкелу жағдайларында дінтану сараптамасының теріс қорытындысы өзіндік құқықтық салдарларға соқтырады және тіркеу үдерісі мен ел аумағына әдебиеттерді кіргізуден бас тартуға негіз болады.

 

 

А.Әбдірәсілқызы

 

Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады
Жаңалықтар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады

15.12.2025
Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті
Жаңалықтар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

15.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады
Жаңалықтар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады

15.12.2025
Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті
Жаңалықтар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

15.12.2025
Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды
Жаңалықтар

Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды

15.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00