Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ат-Тәкфір уаль-Хиджра» ұйымы нені көздеді?

21.10.2014
- Ағымдар ақиқаты
0
149
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Исламдағы ең ауыр қылмыстардың бірі – фитна, яғни алауыздық, бүлік тарату. Мұсылмандардың арасында іріткі салған адам, оларға жау болып табылады, себебі ол ағайынды ағайынға, діндарды діндарға қарсы қояды. Осындай ұйымдардың бірі – «ат-Тәкфір уаль-Хижра». Биыл Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты оны экстремисттік ұйымы деп таныды. Сондықтан республика бойынша оның қызметіне тыйым салынды. Неге? Дінтанушы Есбосын Смағұлов осы турасында «Алаш айнасы» порталына мақала ұсынған еді.

Алдымен ұйымның атауындағы «тәкфір» мен «хижра» сөздеріне назар аударалық. «Тәкфір» – кәпір деп айыптау немесе үкім шығару. Осы ұйымның жақтастары өздерінің мүддесіне сай келмеген кез келген мемлекетті «кәпір елі» деп айыптайды. Тәкфір үкімі билік өкілдеріне, оның ішінде саяси лидерлерге, қарулы күштер мен құқық қорғау органдарына да шығарылады. Ал ондай мемлекетті «тағұт» («пұтқа табынушылар») мемлекеті деп атайды да, оған қарсы жихад жарияланады.

Ұйым қызметіндегі екінші элемент – «хижра». Классикалық исламда хижраға «діни ілімін қорғау мақсатында жер аудару» деп түініктеме беріледі. Алғашқы хижраны Мұхаммед пайғамбар өзінің серіктестерімен бірге мұсылмандардың өмірін сақтап қалу үшін Меккеден Мединаға жасаған. Алайда радикализм идеологтары оны өзгеше түсіндіреді. Олар үшін хижра – ол қоғамнан тікелей немесе жанама түрде бөлек шығу. Тәкфіршілік жолын қуушылар бастапқыда өз насихатын жасырын жүргізеді. Сөйтіп, адамдар бұрынғы қоршаған ортасынан, дәстүрлі исламды ұстанушылармен барлық қатынастарды үзіп, ұйым қатарына қалай кіргендерін білмей қалады.

Ұйым өкілдері күнделікті тұрмыс-салттан толығымен бас тартады. Олар туған күнді тойлау, аптадағы күнді ерекше белгілеу, түрлі діни мерекелер, мерейтойлар жасау, танымал адамдарға ескерткіш орнату, қазалы күнге қатысты жиындарды жасау және сол жиындардағы түрлі шараларды (мысалы, жоқтау айту) ұйымдастыру, мазарларды тұрғызу және тағы сол сияқты шараларды жол берілмейтін жаңашылдық (бидғад) деп түсінеді. Осылайша, радикалдар қоғамның этно-мәдени және конфессионалдық үйлесімін бұза отырып, олар өздерін шынайы ислам дінінің жалғыз ұстанушылары деп жариялайды. Өкінішке қарай, Қазақстанда тәкфіршілдердің зайырлы мемлекет пен оның заңдарын жоққа шығару тәжірибесі белгілі бір дәрежеде тарап кеткен.

Интернет кеңістігіндегі заңсыз миссионерлік

Жалған діни үгіт-насихаттың психологиялық әсері

13.03.2026
Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

13.03.2026

Шын мәнінде, олар салт-дәстүр мен мәдениетті мұсылмандық аясында қалыптастыра білген қазақ халқының бай тарихи тәжірибесін жоққа шығарып рухани нигилизм танытып жатады. Олар үшін біздің өткен тарихымыз бар болғаны адасқан және күпірлік жолы. Ал ислам діні Қазақстанға тәкфіршілердің арқасында келді деп санайды.

Сөз жоқ, радикалдар өздерінің наным-сенімдерімен мұсылмандық ілімнің рухын да, мағынасын да жойып жатыр. Дәлелсіз «тәкфір» жариялау исламға тән сабырлық пен өзара түсінушілік шеңберінен әлдеқайда шығып отыр. Радикалдар намаз оқымайтындардың барлығын кәпір санайды. Бес уақыт намаз оқуы мұсылмандар үшін маңызды талаптардың бірі болып табылады. Алайда басқа біреуді «кәпір» деп жариялау үшін Алланы жоққа шығару, басқа құдайларды мойындау, Пайғамбар мен Құранды жоққа шығару немесе тіл тигізу сияқты үлкен күнәлар жасаған жағдайлар секілді анағұрлым дәйекті дәлелдер қажет емес пе? Сондай-ақ, «тәкфір» жариялау тәртібі бірқатар шарттарды орындауды қажет етеді. Бұл – исламдық құқық саласындағы атақты ғұламалардың құзыретіндегі іс. Ал тиісті білімі және өмірлік тәжірибесі жоқ адам бұндай маңызды шешім қабылдай алмайды.

Радикализмнің қармағына ілінген адам тез арада өз елінің рухани мұрасын мойындамай, патриотизм мен адамгершілік қасиеттерінен арыла бастайды. Өзінің ата-анасын намаз оқымағандары үшін кәпір деп айыптап, тіпті жанұясынан да бас тартады. Осының жалғасы ретінде ол әлемнің түрлі бұрыштарында қарулы жанжалдарға қатысатын террористік ұйымның мүшесіне айналғанын өзі де байқамай қалуы бек мүмкін. Өкінішке қарай, Қазақстандық жастарды содырлардың қатарына тоқтамай қосылу фактілері анықталуда. Отандастарымыздың қарулы жанжалдарға қатысу үшін Сирияға кетуі тәкфіршілдікті насихаттаудың салдарынан деп айтуға болады.

Тәкфіршілік алдымен пайдакүнемдік мақсаттарға, мемелекеттік құрылымды әлсіретуге және қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған ислам ілімін бұрмалайтын саяси қозғалыс екенін түсіну қажет. Радикалдық ұйымдар геосаяси күрестің сыналған құралы болып табылатыны мәлім және қаржыландыру арналары шетелден бастау алатыны жасырын емес. Тәкфіршілдік пен жихадизм идеяларының салдарынан кез келген мемлекет аз уақыттың ішінде азаматтық соғыстың алаңына айналу мүмкін екендігіне Ливия, Сирия, Египет сияқты елдердің қайғылы жағдайлары дәлел бола алады.

Есбосын Смағұлов

Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары, дінтанушы

Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тоқсамбай қажы Қайкенұлы: "Имамның имиджі - кемел білімі"

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120912 бөлісті
    Бөлісу 48365 Твитерге 30228
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00