Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақиқа құрбанын енді шалсам бола ма?

28.10.2014
- Сұрақ-жауап
0
1.5k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бала дүниеге келгеннен кейін дініміз бойынша оған арналған кейбір жоралғылар бар. Бұларды орындау сүннет амал, әрі балаға деген қамқорлық болып табылады. Солардың бірі — бала үшін ақиқа құрбандығын шалу. Жаңа туылған сәбидің маңдайындағы үлпілдек шашты «ақиқа» деп атайды. Мұсылмандық жоралғы бойынша сәби дүниеге келген соң (әсіресе жетінші күні) басындағы осы үлпілдек шашы алынып, шамасы келетіндер сол үлпілдік шаштың салмағындай алтын немесе күміс садақа береді. Сондай-ақ баланың дүниеге келгеніне қуанған ата-ананың шүкіршілік ретінде шалатын құрбандығын да «ақиқа» деп атайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Әрбір сәби ақиқасымен тұсауланған. Жетінші күні оның атынан ақиқа құрбаны шалынып, шашы алынады және аты қойылады», деген (Нәсаи, «Сүнән» кітабы).

Пайғамбарымыздың да (с.а.с.) немерелері дүниеге келгенде құрбандық шалғандығы туралы риуаяттар бар. Осы риуаяттарды негізге ала отырып шафиғи, ханбали және мәлики мәзһабтарында бала дүниеге келгенде шүкіршілік мақсатында ақиқа құрбандығын шалу сүннет болып есептеледі. Ал ханафи мәзһабы бойынша бұл амал мәндуб, яғни ұнамды амал болып табылады.

Ханафи мәзһабы бойынша ақиқа құрбандығын бала туылған күннен бастап балиғатқа толғанша шалуға болады. Дегенмен бала дүниеге келгеннен кейін жетінші күні шалу мұстахап болып табылады. Ал  құрбандық шалуға шамасы келмейтіндер бұл құрбандықты шалмай-ақ қойса да болады.

Ақиқа құрбандығына шалынатын малдың бойында ақсақтық, соқырлық, яки басқа да кемшіліктер болмауы керек. Бұл құрбандық малының етін шалған үй иелері де, тіпті баланың өзі де жеуіне болады. Басқаларға да  таратқан жақсы.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Хадис кітаптарының кейбірінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Ұл бала үшін екі құрбан, қыз бала үшін бір құрбан мал шалу керек. Құрбандыққа шалынатын малдың ұрғашы немесе еркек болуында айырмашылық жоқ» деген. ( Әбу Дәуд, Тирмизи, Нәсаи) Бірақ ханафи ғалымдардың көпшілігі ұл бала үшін де бір құрбандықтың жеткілікті екенін айтқан.

Қорыта айтар болсақ, ханафи мәзһабы бойынша ақиқа құрбандығын шалу ұнамды іске жатады. Әсіресе, жетінші күні шалынғаны мұстахап. Бала балиғатқа толғанға дейін де шала беруге болады. Бұл құрбандық бала сыйлағаны үшін Алла Тағалаға шүкіршілік ниетімен шалынады. Бірақ, шалмаса да ешқандай мәжбүрлік жоқ. Сондықтан шамаңыз жетсе әлі де балаңыз үшін шалуыңызға болады.

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу36Твитерге23Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Түнде тырнақ алуға бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00