Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дешті-Қыпшақтағы түркі тайпалары Исламға мойын бұрмады ма?

19.09.2014
- Сұрақ-жауап
0
142
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алтын Ордадағы Берке ханның Ислам дініне қолдау білдірген алғашқы ұмтылысы Жошы ұлысының іргесін сөгіп, кетеуін кетірмесе де, Шыңғыс ұрпақтарының белгілі-бір деңгейде дүрдараз болуына әсер еткен. Одан бұрын Бату мен Күйік, Берке мен Сартақ арасындағы кикілжіңнің орны алуына діни ұстанымдардың  қайшылығы ықпал етті. Берке ханның да Ислам дінін қабылдап қоймай, мемлекетттің ішкі-сыртқы саясатын діннің мүддесіне қарай бұруы, дәстүрлі «Ұлы Яса» жоралғысын ұстанушы биліктегі өз бауырларының қарсылығын туғызған. Әйткенмен, Алтын Орда билеушісінің Ислам дініне бетбұрысы реакциялық сипатта өрбіді деп айта алмаймыз. Тек Берке хан қайтыс болғаннан кейін ғана Жошы ұрпақтарының Н.М. Маловтың деректерінде «Ұлы Яса» заңымен жүреміз деп Ордада бүлік шығарғандығы айтылады. Базбір отандық тарихшылар Берке ханның діни ұстанымының бұқаралық сипат алмауының себебін, оның ұстанған Кубравия тарихаты парсылық элементі басым шиалық ағым болуымен түсіндіргісі келеді. Діни плюрализмнің мемлекеттің тұтастығына келтіретін қауіптілігі тұрғысынан алғанда бұл концепциясы қисынды, шындыққа жақын тұжырым. Дегенмен, толықтай құптай қою да қиын. Рас, Алтын Орда дәуіріне зерттеу жүргізген тарихшылар Беркенің Кубравия шейхтарының ықпалымен Ислам дінін қабылдағанын айтады. Соның бірі Әмин әл-Холидің айтуынша Берке хан Кувравия тарихатының шейхі Әл-Бахарзиге мүрит болып, Ислам дінін қабылдаған. Бірақ, Кубравия тарихатының негізін салушы шейх Нажмиддин Кубраны және оның шәкірті Берке ханның Ислам дінін қабылдауына себепші болған Сайфаддин Бахарзиді шиалық бағытты ұстанды деп айта алмаймыз. Тарихшы Осман Түрердің айтуына қарағанда шейх Нажмиддин Кубра сүнниттік мектептерден ілім алған. Және өзі де сүнниттік ұстанымда болған. Ол өлгеннен кейін барып Кубравия тарихатының шиалық тармақтары пайда болған.. Яғни, Берке ханның діни ұстанымында шиалық элементтер болды деп кесінді пікір айтуға еш негіз жоқ.  Қайта шығыстанушы А.Беннигсон Шағатай ұлысы мен Алтын Ордаға Ислам дінінің таралуына Кубравия тарихатының зор ықпалы болғанын айтады.  Ал, тарихта Шағатай ұлысы мен Жошы ұлысында шиалық бағыттағы Исламның қанат жайған кезі болған емес. Демек, Алтын Ордадағы Ислам дініне деген ілкі бетбұрыстың кең қанат жаю алмауы Берке ханның Кубравия тарихатына мүрит болғанында емес, Хақ дінді толық тани қоймаған, Шыңғысханның өсиеттеріне адалдық танытушы Жошы ұрпақтарының «Ұлы Яса» заңын берік ұстануынан деп білгеніміз жөн. Пайғамбарымыз (с.а.у) да Ислам дінін алғаш рет насихаттай бастағанда, Құрайыш халқы жапатармағай бірден Хақ дінге мойынсұнған жоқ. Оларға жаһилат дәуірінде ұстанған дәстүрден бірден баз кешу оңайға соқпады. Алланың құдыреттілігін һәм Ислам дінінің артықшылықтарын тани отырып, біртіндеп жиырма үш жылда Хақ дінге мойынсұнды. Жалпы,  адам табиғаты діни құндылықтарды әлеуметтік-психологиялық сатылардан өткізіп барып қабылдайды. Яғни, Алтын Ордадағы алғашқы Исламға ұмтылыстың бұқаралық сипат алмауының себебі – Жошы ұрпақтары және олардың соңынан ерген халық Берке ханның тұсында Хақ дінмен таныса бастап, діни құндылықтарды әлеуметтік-психологиялық сатылардың өткізу үдерісін басынан кешіріп жатты. Сондықтан «Берке ханның парсылық элементі басым Кубравия тарихатына мүрит болып, осы діни ағымға қолдау көрсетуіне байланысты Дешті-Қыпшақты мекендеген түркі тайпалары Хақ дінге бірден мойынсұна қойған жоқ» деген көзқарастардың тарихи шындыққа жақын тұстарын қабылдап, кейбір нақты дерекке негізделмеген жерлерін субективті пікір ретінде бағалаған жөн.

 Мұхан Исахан

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Аукцион не тендер арқылы табыс табу дұрыс па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00