Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мешітте құбылаға аяқ созатындарға не айтамыз?

21.09.2014
- Сұрақ-жауап
0
320
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жауап: Құбыла бағытының өзге бағыттардан әрине айырмашылығы бар. Ол ислам дінінің шааирі, яғни ислам дінінің ерекшелігі саналатын белгілерден болып табылады. «Хажж» сүресінің 32-аятындағы:«Кім Алланың шааирін (дінге қатысты) белгілерін ұлықтап, құрмет көрсетсе – расында ол жүректің тақуалығынан», – деген аят та осы құрметке ишарат жасайды. Осы аятта айтылған «шааир» сөзі белгі, ерекше сипат деген мағынаны білдіреді.

Терминдік мағынада «шәаир» Ислам дінін өзгелерден ерекшелеген белгілерге қолданылады. Оларға намаз, азан, мұнара, қажылық, жұма намазы, қажылық т.б. секілді ерекшеліктер жатады. Міне, осы діни белгілерге құрмет көрсетіп, ұлықтау – тақуалықтың айнасы. Ал, тақуалық – Ислам дінінің негізгі талабы.

«Фәтху бабил-иная» атты фиқһ кітабында балиғат жасына толған, діни тұрғыдан жауапкер саналатын адамның құбылаға қарай аяғын созуы мәкрух делінген (Фәтху бабил-иная, т.1, 171-б.; Фәтәуә Хиндия). Имам Сарахси да мұнымен қатар, тіпті діни кітаптардың өзіне қарай аяқ созудың мәкрух екендігін айтқан. Сондықтан да жатқан немесе отырған кездерде мұсылмандардың құбыласы болып табылатын, періштелер тауап жасайтын сидратуль-мунтахаға дейін созылған, жүздеген пайғамбар жерленген Қағбаға қарай аяқты созу – әдепсіздіктің белгісі.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұйықтар кезінде бізге осы әдепті үйретіп кеткен. Ол жүзін құбылаға қаратып, қолын басының астына қойып, оң жағына қарап жататын. Қайтыс болған адамдарды мазарға қоярда жүздерін құбылаға қарату да – құрмет көрсетуге қатысты ислам шариғатының құқықтық үкімі.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Сонымен қатар, фиқһ кітаптарында Құранға қарата аяқты созу, құбылаға қарап дәрет сындыруды мәкрух санап, азанды басынан соңына дейін құбылаға қарап оқуды, Құранды құбылаға қарап отырып оқуды, жүзді құбылаға қаратып отыруды сүннет деп тапқан. Өйткені бір хадисте: «Әр нәрсенің ең жақсы, ең оңтайлы түрі бар. Отырудың да ең дұрысы құбылаға қарап отыру»,– делінген (Әбу Даууд).

Ал, дәлел сұрағыш кісілердің «бұл мәселеге қатысты дәлел жоқ» дей отырып, мешітте Пайғамбарымыздың ұйықтағандығын, сахабалардың да солай жасағандықтарын алға тарта отырып, тек өз «шейхтерінің» көзқарасын дәлел ретінде алға тартулары да өз айтқандарына қайшы келеді. Өйткені, бұл хадистерде Пайғамбарымыз аяқтарын құбылаға қаратып созып жатты деген ешқандай сөз жоқ.

Сонымен қатар, діни дәлелдер тек қана аят-хадистерден алынбайтынын, ол екеуінде ашық үкімі бектілімеген мәселелерде ижма, қияс, масалихул-мурсала, әдет-ғұрып т.б. секілді ұстындарға жүгінілетінін ислам шариғатынан аздап хабары бар адам біледі. Ал біздің елімізде тараған дәстүрлі ханафи мәзһабы бойынша бұл іс-әрекет жағымсыз, әдепсіз іс деп қабылданған. Өйткені ханафи ғалымдары Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеттерін кең түрде түсінуге тырысып, осылай үкім шығарған.

Олай болса, парасатты мұсылманның бұған құрмет көрсетіп, бүлік шығармауы – мұсылманшылыққа ең лайықты ұстаным. Өйткені, Алла тағала және Оның елшісі (с.а.с.) Пайғамбарымыз қоғамда бірлік-тірлік, береке болуы үшін, елдің арасында бүлікке бастар істерге тыйым салған. Әрі олар Ибн Хажардың «Фәтхул-бари» атты кітабында келтірілген хадиске сұйене отырып, мешітте намазды күтіп отырған кісі өзгелерге сөзімен және істерімен қолайсыздық тудырған жағдайда періштелердің оған жасайтын дұғалары мен сауаптың тоқтауына себеп болатындығын айтады.

Осы айтылған мәселенің өзі әдейі мешіттегі көпшілік ұстанатын ханафи мәзһабы өкілдерінің көзқарастарына немқұрайдылық танытып, кейде әдейі қырсығып елдің діни сезімталдығына тиюдің сауаптан құр алақан қалдыратынын көрсетіп тұрған жоқ па?

Сондықтан мешітте болсын, үйде болсын, яқты құбылаға қарай созып жатпау қажет. Ал, үйдің орныласуының ыңғайсыздығы, кішкентайлығына байланысты зәрулік туындаса, онда аяқты құбалаға қарай беріп жатуға рұқсат етіледі.

Алау Әділбаев

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ғұсыл және әйел

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00