Сейсенбі, 12 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламда мәзһабпен жүрген дұрыс па, суннитпен жүрген дұрыс па?

03.09.2014
- Сұрақ-жауап
0
169
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл сауалға жауап беру үшін әуелі мәзһаб дегеніміз не? Оның суннитпен арақатынасы қандай деген мәселеге жауап берген жөн. Мәзһаб сөзі араб тілінде «баратын жол» мағынасын береді. Мәзһаб сөзінің бұлай белгілі бір бағытқа бет түзеп жүру мағынасын беру себебі, мұсылмандық үкімдер ақыреттік мекен – жұмаққа жету жолындағы қатынастарды реттеуді қолға алады. Сондай-ақ, мәзһаб «лайықты көзқарас» деген мағынаны да береді. Өйткені, әрбір мәзһабтың көтерілген мәселелерді шешу тәсілдері мұсылмандық қайнар-көздерге негізделеді. Терминологияда мәзһаб деп – Ислам дінінің үкімдерінің жүзеге асырылуы мен түсіндірілу барысында, яғни, саяси, сенімдік, фыкһтық негіздер бойынша белгілі бір мүжтаһид (үкім айтушы) тарапынан берілген үкімдердің жиынтығын айтамыз. Мысалы, Имам Ағзам Әбу Ханифа Құран мен Сүннетке сай қияс, истихсан, сахаба сөзі, ижма, ғұрыпты қайнар-көз ретінде қарастыра отырып үкім бергендіктен, оның үкімдерінің кодификациясы – Имам Ағзам мәзһабы деген атпен қалыптасты. Негізінде ислам тарихында мәзһабтар саяси, сенімдік, фыкһтық мақсаттарда пайда болған. Дәлірек айтатын болсақ, белгілі бір тұлғаларар мен ғалымдар өздерінің саяси, сенімдік, фыкһтық көзқарастарына ислам дінінен, яғни, Құран мен сүннеттен дәлелдер іздеп, өз ой-пікірлерін білдірген. Яғни, барлық мәзһабтар белгілі бір себеп пен мұрат негізінде пайда болғанмен, олар өз тұжырымдарына Құран мен сүннетке арқа сүйеген. Ал, мәзһабтар Құран мен сүннетке қатысты әр түрлі өзіндік ерекшелікке ие жорамалдар айтуымен бір-бірінен өзгешеленеді. Осы тұрғыда, мәзһабтардың пайда болуындағы белгілі себеп пен мұратқа және ерекшеліктеріне байланысты мәзһабтар саяси, сенімдік, фыкһтық болып бөлінеді. Демек, мәзһаб үкімдері Құран мен сүннетке негізделгендіктен, мәзһаб пен суннетті бір-бірінен бөліп қарастыру дұрыс емес. Тіпті, Имам Ағзам мәзһабы бойынша бір хадисті үкім ретінде қолдануға факиһтың (үкім беруші заңгер) үкімі қажет. Яғни, ол хадистің мансұқталып, мансұқталмағанын немесе үкімге жарап, жарамайтынын факиһ өз мәзһабының хадис әдіснамасына қарай анықтап береді. Сондықтан, мәзһабты ұстанушыларды сүннетті тәрк етушілер деп қаблдауға болмайды. Қайта, мәзһаб ұстанушылар нағыз сүннетті берік ұстанушылар.

Шариғат нормаларын мұсылмандық құқық деп атаған дұрыс па?

Ислам дінінің негіздері қандай?

11.05.2026

Саудада ант ішуге бола ма?

10.05.2026
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қорымның қасынан өтіп бара жатқанда бет сипауға болады ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    216
  • Өте маңызды өсиет

    200
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    120
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    110
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    104

Соңғы жарияланымдар

Шариғат нормаларын мұсылмандық құқық деп атаған дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Ислам дінінің негіздері қандай?

11.05.2026
Атырау: РАНТ өкілдері мешіт жамағатымен кездесті
Жаңалықтар

Атырау: РАНТ өкілдері мешіт жамағатымен кездесті

11.05.2026
Қазақстанға Түркия президенті келеді
Жаңалықтар

Қазақстанға Түркия президенті келеді

10.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00