Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Журналистер сұқбат алған кезде сұқбат беретін тұлғаның сөзін көркемдеуі қаншалықты дұрыс?

30.08.2014
- Сұрақ-жауап
0
479
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жалпы, сіздің қойған сұрағыңызда нақтылай түсуді талап ететін өте нәзік мәселе бар. Қойылған сауалға толық жауап берместен бұрын, сағатқа қатысты тұсын ашықтап алу қажет сияқты. Яғни, ол уақыт көрсеткіші намаздың, белгілі бір құлшылықтың уақытына ишарат ете ме? Әлде жалпы уақыт сұралған уақыттағы жауабыңыздың дұрыстығына ишарат ете ме? Егер, құлшылыққа қатысты уақыт болса онда ол уақытты белгілеу бізге тән емес. Оны белгілеуші әлемдердің Раббысы Алла. Мұның мысалы күн тас төбеден ауғанда деп бекітілген намазды, күн жартысына дейін еңкейгенде деп өзгерткен секілді болады. Ал, жалпы біреу бізден уақыт сұрағандағы жауаптың дұрыстығына келер болсақ, онда бір минут болса да қосып айтуға тағы да хақымыз жоқ. Өйткені ол өтірікке жатады. Сөзім тұщымды болу үшін хадис келтірейін: Бұхаридің «Сахихында» жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Шыншыл болыңдар, шыншылдық жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа жетелейді. Өтіріктен сақтаныңдар, өтірікшілік күнәға, ал күнә тозақ отына түсіреді», – деген. Сондай-ақ, мүміндердің анасы Айша (Алла одан разы болсын): «Сахабалар үшін ең жаман, ең ауыр күнә өтірік болатын. Өйткені, олар өтірікпен иманның бір болмайтынын жақсы білетін еді», – деп айтады. Міне, осы хадистерден ислам дінінің өтірікке қаншалықты ауыр баға беретіндігін байқауға болады. Ал, қандай да бір адамның тілшілерге сұхбат беру барысында сөзін көркемдеуіне келер болсақ, ол өз кезегінде жақсы амал. Себебі, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Дін – насихат», – дейді. Демек, сол ақиқат дінімізді елдің жүрегіне жеткізу жолында барлық сөз шеберлігімізді салып, көркемдеп жеткізер болсақ және сол арқылы халықты Исламның нұрлы жолына шақыра алсақ нұр үстіне нұр емес пе? Тіпті, Құранда Мұса (Оған Алланың сәлемі болсын) Алланың әмірін орындау үшін, өзін Құдай санаған Перғауынға барар кезінде жанына серік етіп бауыры Харунды сұрайды. Сол сәтте Мұса (ғ.с): «Маған қарағанда бауырым Харун шешен сөйлейді. Көмекші етіп маған соны қосып бер…», – деп Алладан сұрайды. Міне, осы аяттардан аңғаратынымыз уағыз-насихат барысында көркем, шешен сөйлеу жақсы әрі міндетті болып қалары сөзсіз. Тек бір ескерер жайт, сөзін көркемдеймін деп шариғат шеңберінен шығып кетпеуі қажет. Сондай-ақ, сұхбат берушінің өз сөзін басылым талабына қарай өзгертуіндегі мақсаты қоғамдағы үлкен бүліктің алдын алу болса, елдің бірлігін сақтау жолында болса және ақиқат шеңберінен шықпаса құптауға болады. Анығын Алла білуші.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025
Таңбалар: Ершат Оңғар
Бөлісу12Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ершат ОҢҒАР: Зияткер дін маманын қалыптастыруды мақсат етеміз
Сұхбат

Ершат ОҢҒАР: Зияткер дін маманын қалыптастыруды мақсат етеміз

03.01.2025
Ершат Оңғар: Діндер арасындағы диалог – бейбітшіліктің кілті
Жаңалықтар

Ершат Оңғар: Діндер арасындағы диалог – бейбітшіліктің кілті

09.10.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

"Зиянсыз өтірік" ұғымы туралы не айтасыз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00