Дүйсенбі, 15 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зайырлылық

30.08.2014
- Мемлекет және дін
0
94
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан бүкіл әлем үшін конфессияаралық келісімнің үлгісі ретінде танылды. Бүгінгі таңда Қазақстан – діни толеранттылық идеясын тарату жөніндегі көшбасшы елдердің бірі. Біздің еліміздің конфессияаралық үнқа­тысудағы тәжірибесі бүкіл әлемдегі діни жетекшілердің қолдауына ие болып отыр.

Көпшілік зайырлылықты барлық діндерге қатысты бейтараптық ұстану, мемлекеттің діни та­нымдардан тәуелсіз және кез келген теологиялық тұжырым­дама­лар­дан еркін болуы деп түсінеді. Алайда бүгінгі таңда зайырлы­лықты анықтайтын бұл қағи­дат­тар бірте-бірте өзгеріске ұшы­рауда.

Қазақстан Республикасында мемлекеттің зайырлылығын көр­­се­тетін мемлекет пен діни бір­лес­тіктер арасындағы қарым-қаты­настарды реттеудің бірне­ше фор­ма­лары қалыптасқан немесе мем­лекеттің діни қатынас­тарды біріз­ділікке түсірудің бір­ыңғай бағ­дарламасы қамтам­а­сыз етілген.

Мемлекет пен дін арасын­да­ғы қарым-қатынасты реттеудің немесе мемлекеттің зайырлылы­ғын білдіретін мынадай жұмыс әдіс­тері орныққан.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Біріншіден, Қазақстанда кон­фес­сияаралық қарым-қатынас­тар­ды реттейтін, діни бірлес­тік­тер мен мемлекет арасындағы үн­қатысуды нығайтатын ықпал­ды тетіктердің бірі ретінде Үкі­мет жанынан құрылған Діни бір­лестіктермен байланыс жө­нін­дегі кеңесті және Астана мен Алматы қалаларының, облыстар, қалалар мен аудандар әкім­дерінің жаны­нан құрылған діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі ке­ңестерді ай­туға болады.

Екіншіден, зайырлылықтың бір көрінісі ретінде мемлекеттік, соның ішінде атқарушы билік әр­түрлі конфессиялардың өкіл­де­рі­м­ен тұрақты түрде кездесулер өткізіп отыр. Яғни діннің рухани күшінің жас ұрпақты, көпшілік халықты имандылық жолында тәрбиелеу үшін бірле­сіп әрекет жасауы қалыпқа айналды. Мы­салы, Оңтүстік Қа­зақстан облы­сында, жалпы алғанда, дін сала­сындағы тұрақ­тылықты қамта­ма­сыз етуге, халық арасында экстремистік, кереғар діни ағым­дардың үгіт-насихаттық жұмы­сының алдын алу бағытында 1080-нен аса іс-шаралар өткізілді.

Облыс, қала, аудандарда құ­рылған арнайы үгіт-насихат топ­­тары тарапынан 2012 жыл­дың ба­сынан жалпы 644 кездесулер өткізілді, оған 111 мыңнан астам азамат қатысты.

Үшіншіден, зайырлылықтың аса маңызды белгісі Консти­туцияға және заңға негізделген діни сенім бостандығы. Әркім­нің өз дінін таңдау құқығы бар. Жаңа заң бойынша діни сенім-наным бостандығының үш негізгі қағи­датқа сүйенетіні айтылды. Олар бейтараптық, толе­ранттылық және теңдік.

Діни бірлестіктер 18 жасқа толған азаматтардың бастама­сы­мен құрылады. Діни бірлес­тік­тер­дің қай конфессияға жата­тын­дығын көрсетпей, жалпылама атаумен тіркелуіне де жол берілмейтіні белгілі болды. Бұл – «Ата жолы» деген секілді жалпылама аттарды жамылатын секталардың тіркелуін шекте­й­тін дұрыс тұ­жырым. Сонымен қатар, отба­сын бұзуға, дүние-мүлкінен айыруға шақыратын немесе мәжбүрлейтін бірлес­тік­тер де тіркелмейтіні атап көр­сетілді.

Төртіншіден, зайырлылық­тың тағы бір белгісі – діндердің біздің қалыптасқан діни наным-сені­мімізге, ата-бабадан қалып­тасқан дәстүрімізге, отбасылық ынты­ма­ғымызға кедергі келті­ріп, түрлі жолдарға итер­ме­лейтін зиянды діни ағымдарға тыйым салу. Бұл құжат осындай әрекетке қол жеткізе алатын тетіктер тудырады. Ис­лам діні ешқашанда өзі та­рал­ған мемлекеттер мен аумақтарда жер­гілік­ті салт-дәстүрге қысым жаса­маған.

Бесіншіден, зайырлылықтың негізгі белгісі діннің мемлекеттен бөлінгендігінде немесе мемлекеттік саясаттың діннен бөлін­гендігінде. Мемлекет дін­нің ішкі істеріне араласпайды, дін де мемлекет ісіне араласпайды. Бірақ діни ұйымдар мем­лекеттің заң­да­рын бұзған жағ­дайда, мемле­кет­тің дін жөнін­дегі заңынан және заң актіле­рінің шеңберінен шы­ғып кеткенде, мемлекет діни бір­лестік­тердің ісіне араласады. Мы­салы, діни негізде әскерде қыз­мет етуден бас тарту, бала­ларын мектепке жібермей қою дін жөніндегі заңның шеңберінен шығу болып табылады, сондықтан мемлекет араласуға мәжбүр болады. Со­нымен қатар, діни ұйымдар сай­лауға қатыса алмайды. Діни орындарда сайлауалды үгіт жүр­гізуге жол берілмейді. Діни қыз­меткер уәкілетті органның де­путаты болып тіркеле алмайды және сайлауалды үгітке қатыса алмайды. Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және қар­жыландырылмайды.

Алтыншыдан, мектепті діни бірлестіктерден бөлу және білім берудің зайырлы сипаты. Рес­пуб­­ликада білім беру мен тәр­бие­леудің мемлекеттік жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта. Ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар балаларын өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуге қа­қы­лы, бірақ балаларды дінге бау­луға мәжбүр­леу шараларына жол берілмейді. Баланы діни тәр­биелеу оның тәндік, психи­калық саулығына және иман­дылық рухында да­муына залал келтірмеуі тиіс.

Жетіншіден, сан ғасырлар бойы ислам діні қазақтардың киім киісі, салт-дәстүрі, әдет-ғұр­пы, басқа да ерекшелік­тері­мен ұш­тасып кеткен. Бүкіл Орталық Азияда да, Кавказ ха­лықтарында да осылай. Қазіргі кезде уаххаббилік және сала­фи­лік ағымдар ең алдымен қазақ­тардың салт-дәс­түр, әдет-ғұр­пына шабуыл жасауда. Сол арқылы халқымыздың дәс­түрлі исламдық бағытын өзгерт­пек. Мұның өзі қарапайым ха­лық­тың наразылығын тудырып отыр.

Мемлекетіміздің Конститу­ция­да бекітілген зайырлылық си­паты – оның негізгі іргета­­сының бірі, мемлекеттің ерекше белгісі. Зайырлылық қағи­даты – елімізде орын алып отыр­ған дінаралық үнқатысу мен толе­ранттылықтың негізі. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеу­меттік жаң­ғыртылуы: Жал­пы­ға Ортақ Ең­бек Қоғамына қа­рай 20 қадам» атты мақала­сында атап өтілген мәселе – әр қазақ­стандыққа қамқорлық көр­сету ұстанымына берік кешен бола алады. Осы қағиданың негізінде мемлеке­тіміз дінара­лық татулық пен ынтымақтың халықаралық үл­гісіне айналып отыр. Осы не­гізде мемлеке­тімізде төрт мәрте Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­басшыла­рының съездері өтіп, Қазақстан діни саланы реттеу жө­­нінде бүкіл әлемге үлгі шашты.

Батырбек Жалмұрзаев, Оңтүстік Қазақстан облыстық дін істері департаментінің директоры

 

Дереккөз

Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті
Жаңалықтар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

15.12.2025
Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды
Жаңалықтар

Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды

15.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Елбасы және елдік мұрат

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті
Жаңалықтар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

15.12.2025
Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды
Жаңалықтар

Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды

15.12.2025
Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00