Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мемлекеттік қызметкерлердің арнайы діни біліктілігін арттыру керек пе?

30.08.2014
- Мемлекет және дін
0
252
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазір діни миссионерлер өз идеологиясын қоғамның барлық салаларына жүргізуге тырысуда. Сол діни ағымдар мүмкіндігінше зиялы қауымды, ақын-жазушыларды, әншілер мен композиторларды, қала берді қолында билігі бар шенеуніктерді бауырына тартып, өз мақсат-мүдделерін ойға асыру үшін барын салып жатыр. Олардың бізге  ықпалы қандай? Бұл үрдіс мемлекеттік қызметкерлерге қауіп төндіріп отырған жоқ па? Осы сұрақтарға жауап таппақ болып, «Ой-көкпардың» талқысына «Мемлекеттік қызметкерлердің арнайы діни біліктілігін арттыру керек пе?» деген сауалды салып көрген едік. «Алаш айнасының» сарапшыларының пікірі қақ жарылды.

ИӘ

Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:

– Қазақстан – зайырлы ел. Мемлекет діннің, дін жоғарғы биліктің ісіне араласпайды. Бірақ, қанша дегенмен діни үдерістерді белгілі бір дәрежеде мемлекет реттеп отырады. Сондықтан, бұл сұраққа жауап беру үшін мемлекеттік қызметкерлердің қызметі аясын анықтап алуға тиіспіз. Мысалы, діни ахуалдармен, діни шиеленістермен бетпе-бет келетін шенеуніктер бар. Ал, кейбір мемлекеттік қызметкерлер қызметтік тұрғыда бұл мәселемен тікелей, болмаса жанама түрде айналысуы мүмкін емес. Демек, біз шенеуніктердің діни біліктілігін артырамыз десек, ол механизмді тек мемлекеттік қызметкерге ғана пайдалануға болмайды. Мұндай біліктілік деңгейі бүкіл қоғамға бағытталып жасалғаны дұрыс. 

Зайырлылық – дінсіздік пе?

13.01.2026
Сындарлы саясат: Биыл мемлекетімізді қандай өзгеріс күтеді?

Сындарлы саясат: Биыл мемлекетімізді қандай өзгеріс күтеді?

05.01.2026

Бірақ, бүкіл қоғамның діни сауаттылығын артыру оңай іс емес. Оған мүмкіншілігіміз де жетпейтінін мойындауымыз қажет. Оның үстіне әр азаматымыздың діни бостандығына нұқсан келтіруге хақымыз жоқ. Мысалы, осыған дейін бұл тәжірибені мектептерге енгізді. Ол өз жемісін беріп жатыр ма? Ол арасын әлі білмейміз. Арнайы ЖОО-да да дінтану сабақтары өтеді. Бірақ, ол дәрістер барлық азаматтың сауаттылық деңгейін көтеріп жатыр деп  айта алмаймыз. Бір ғылымды жетік меңгеру әр адамның қарым-қабілетіне байланысты дүние. Сондықтан да, діни біліктілікті артыру механизмін қалыптастырғымыз келсе, оның жолдарын оқу орындары қабырғасында жасап үлгеруге тиіспіз. 

Бұл орайда мемлекеттік қызметкердің діни сауатына арнап арнайы курс ашып, оқытудың қажеті шамалы екенін айта кеткен жөн. Мәселен, тек оқытумен бар проблема шешілмейді. Экстремистік ұйымдар мен жат пиғылды діни топтардан сақтандыратын насихат жұмыстарын жүргізуге болады. Қазір түрлі роликтер арқылы осындай насихаттық жұмыстарды кеңінен таратуға мүмкіндік бар. Бұл орайда телеарналарды, радиоларды, әлеуметтік желілерді кең көлемде пайдалануға болады. Бұл қадам қоғам мүшелерін ғана емес, шенеуніктердің де дін ғылымдарына деген түсінігін кеңейтер еді. 

Шиеленіскен дін мәселенің дұрыс шешім табуы үшін бізде ортақ идеялар, ортақ құндылықтар пайда болуы тиіс. Олар мәдени, әдеби құндылықтармен астасып кетсе, халқымыз қоғамдық қауіптен арылар еді. Кеңестік Одақ ыдырағаннан кейін ортақ идея, ортақ мүдде болмаған соң, вакуум пайда болғаны белгілі. Сондықтан да біздегі діни идеялар күш алып кетті. Дін – өте күрделі мәселе. Оны сол саланың білікті маманы түсіндірмесе, кез-келген оқыған азамат теріс жолға түсіп кетуі мүмкін. Демек, біз мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, жалпы азаматтарымыздың діни біліктілігін арттыратын механизмдерді ойлап табуымыз керек. 

ЖОҚ

Елнұр Бейсенбаев, саясаттанушы: 

– Менің ойымша, мемлекеттік қызметкерлердің діни біліктігін артыру үшін  түрлі механизмдер қолданып, арнайы діни курстардан өткізудің қажеті жоқ. Әр адам мемлекеттік қызметке тұрарда 5 нормативтік актіні тапсырады. Олар «Ар-намыс» кодексін, мемлекеттік қызмет туралы заңды, жалпы Конституцияны білуге міндетті. Енді мұның сыртында олардың діни біліктілігін көтерейік деуге негіз бар ма? Біріншіден, Қазақстан зайырлы мемлекет. Зайырлы елде дін мен мемлекеттік саясат бір-бірінің ісіне араласпауға тиіс. Егер де біз шенеуніктердің діни білігін арттырамыз десек, сол зайырлылық үрдістеріне қарсы келеміз. Екіншіден, дәл қазір мұндай мәселелер неліктен жиі көтеріле бастағанына мән беруге тиіспіз. Бүгінде түрлі экстремистік топтар көбейді. Ол қоғам санасын улағанын былай қойып, мемлекеттік қызмет жасайтын шенеуніктердің өзіне ықпал ете бастады. Бірақ, осы үшін Конституцияда көрсетілген құндылықтарымызға қарсы келуге болмайды деп ойлаймын. Онан гөрі әр маман дін ғылымы жайлы жалпы мағлұматтарды мектепте, ЖОО-да немесе өзі жеке іздену арқылы меңгергені дұрыс. Үшіншіден, мемлекеттік қызметкердің біліктілік деңгейі дін ғылымдарын білу, білмеу мәселесімен өлшенбеуі қажет. Мысалы, кім қандай сенімде болады, ол әр азаматтың жеке шаруасы. 

Біз ең алдымен «мемлекеттік қызметтің сапасын қалай арттырамыз, жемқорлықты қалай тиямыз, мемлекеттік қызметкер қандай болуы керек?» деген секілді сұрақтарға жауап беріп алуымыз керек. Олардың біліктілігіне бүгін дін мәселесін міндеттесек, ертең тағы бір проблема бой көтергенде қайтеміз? Менің ойымша, шенеуніктер үшін қазіргі заңнамалық актілердің өзі жеткілікті. 

Миссионерлер ұлттық интелегенцияны, жазушыларды, әнші-күйші, композиторларды өзіне тарту арқылы халыққа өз ілімдерін кеңірек таратқысы келетін тенденция қалыптасып отыр. Әрине, сол интелегенцияның арасында мемлекеттік қызметте жүргендер де болуы мүмкін. Бұл мәселелермен Дін істер агенттігі айналысқаны жөн. Мәселен, Сирияға қаншама азаматтарымыз кеткені туралы ақпарат тарады. «Солардың ішінде мемлекеттік қызмет істеген азаматтар жоқ еді» деп айта аласыз ба? Осыдан-ақ, соңғы 5-6 жыл көлемінде біздегі діни ахуалдың ушығып кеткенін көресіз. Ең қорқыныштысы, мемлекеттік қызметте жүрген азаматтарымыздың бір ағымның жетегінде кету қаупі де жоқ емес. Олар мемлекеттің қаржысын діни ағымдардың идеясына жұмсап жіберуі де мүмкін ғой. Біз бәлкім, осы мәселелерден қорқып отырған шығармыз. Бірақ, бұл қауіптен арнайы діни курстар ашу арқылы құтылатынымызға кімнің кепілдігі бар. Бұл ел бюджетін талан-таражыға салуға әкелмей ме? 

Мемлекеттік қызметкердің біліктілігі тәжірибесімен өлшенуі қажет. Әр шенеунікті бұрын қалай қызмет етті, отбасылық жағдайы және биографиясы қандай деген секілді сұрақтар арқылы мың түрлі тәсілмен зерттеуге болады.

 

 

e105d81ebac8d805a774af31dfcd9ef0.jpg

Досай Кенжетай, дінтанушы: 

– Мемлекеттік қызметтің түрлі саласы бар. Сол сала дінге қатысы бар ма? Егер қатысы болса, дін ғылымдарын меңгергені дұрыс. Мысалы, ішкі істер, әділет басқармасы мамандары, білім беру мекемелерінің және ішкі саясат қызметкерлерінің бұл мәселемен әрдайым айналысуына тура келеді. Олар өздері іздену арқылы діндерді толық зерттеп білгені дұрыс. Ал, қызмет бабы бойынша инженерия, мемлекеттік өндіріс секілді салалардың мамандарына дін ғылымын оқы деуге хақымыз бар ма? Әрине, жоқ. Сол үшін де бұл мәселеге абай болғанымыз жөн. 

Арнайы «Алаш айнасы» үшін

Автор: Қанат БІРЛІКҰЛЫ

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазақстандағы ислам: мәселелер және шешу жолдары

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00