Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Балаларға екпе егуге дініміз не дейді?

20.06.2014
- Қоғам
0
271
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұрынғы ғұламаларымыз айтқан екен: «Үш түрлі адам қоғамды құртады. Шала дәрігер, шала молда, шала тіл маманы. Шала дәрігер денсаулықты құртады. Шала молда дінді бұзады. Шала тіл маманы тілді бұзады. Бұл үшеуі бұзылса қоғам бұзылады».

Бұл алдыңғылардың сөзі болса, қазіргі уақытта «шала молда дінді де денсаулықты да бұзады, бұзып жатыр да» деуге тура кеп тұр.

Шала сауатты шейхсымақтардың себебімен ушығып, әсері қоғамда күрделеніп тұрған мәселелердің бірі – жас балаларға екпе егу. Екпе егу дінге қайшы, екпе егу тағдырға қарсы шығу, екпе егу Аллаға тәуекел етпеу т.б с.с сөздерді жиі еститін болдық.

Шынында да ислам діні екпеге қарсы ма? Екпе егу Алланың тағдырына қарсы шығу ма? Бұл мәселеде ислам ғалымдары қандай ұстанымда? Осы сауалдарға жауап қарастырсақ.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Екпе егу Пайғамбарымыз саллалллаху алайхи уа сәлләмнің дәуірінде болмағаны анық. Сол үшін де тікелей «екпе егуге болады немесе болмайды» деген хадис кездестіре алмаймыз. Олай болса, бұл мәселе шариғат негіздері мен нормаларына қайшы ма деген тұрғыдан қарастырылуы қажет. Екпеге діни негізде қарсылық білдірушілер де осы тұрғыдан харамға шығаруға тырысады. Олар «әлі келмеген, келуі күмәнді болған аурудан қорқып екпе егу – Алланың тағдырына қарсы шығу, болашақты болжау. Бұлай істеу – харам» дегенді алға тартады.

Әлі болмаған пәленің алдын алдын алу дінге қайшы емес. Керісінше асыл дініміз «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағидатты мұсылмандарға үйретеді. Оған пайғамбарымыздың «Кімде-кім таңертең (Медине қаласының) әжуа құрмасынан жеті данасын жейтін болса, сол күні оған сиқырдың және удың зияны жетпейді» деген хадисі дәлел болады. Бұл хадисті екпе егудің дінге қайшы еместігіне дәлел ретінде шейх ибн Баздың өзі де келтіреді. Ол кісі елімізде көпшілік ерушілері екпе егуге қарсы болған сәләфия ағымының бетке тұтар шейхтарының бірі екендігі мәлім. Сондай-ақ, жеті құрма жеу болашақты болжау болмағандай, екпе егу де болашақты болжау емес. Жаңбыр жауса қолданамын деген ниетпен қол шатыр сатып алған адамды ешкім «харам істедің, тағдырға қарсы шықтың, тәуекел етпедің» дей алмас.

Сондай-ақ, пайғамбарымыздың дүние есігін жаңадан ашқан нәрестеге қатысты жасалатын сүннеттеріне қарайтын болсақ, қазіргі күннің екпесіне ұқсас амалды көруге болады. Ол да болса «тахник» сүннеті. Яғни нәрестенің әкесі немесе ізгілер қатарынан деп саналған бір кісі өзі шайнаған құрманың сөлін алып баланың таңдайына жағып, ары-бері жүргізеді. Үлкен адамның сөлінде аз мөлшерде микробтардың болатындығы белгілі. Осылайша түрлі микроб-вирустарға қарсы иммунитеті жасанды түрде (қолдан) күшейтіледі.

Бір жамандықтың алдын алу шаралары Аллаға тәуекел етуге қайшы келмейді. Керісінше пайғамбарымыз, түйесін еркіне жіберіп қойып, тәуекел етемін деген кісіге, «түйеңді байлап қойып, сосын тәуекел ет» деген. Хазіреті Омар аурудың алдын алу, сақтық шараларын жасауды «Алланың тағдырынан Алланың тағдырына қашу» деп түсіндірген. Себебі, ауыру да, ауырмау да Алланың тағдырынан болып табылады.

Осы орайда Сириялық ғалым Мухаммад Ротиб ән-Нәбулсидің сөзімен бөліскім келіп отыр. Ол кісі дәрістерінің бірінде адам иммунитетінің жұмыс істеу жүйесін түсіндіреді. Иммунитет ерекше қызық жаратылыс екен. Оны аурумен күресуде бес топтан тұратын әскерге ұқсатуға болады. Бірінші топ дененің вирус, микроб түскен жеріне барып, вирустың кодын алып, антивирус жасайтын екінші топқа әлгі кодты табыстайды. Екінші топ сол код бойынша қарсы қару жасайды. Үшінші топ сол қарумен барып вирус түскен жерде шайқасады. Ең қызығы иммунитеттің мәліметтер сақтау қоймасында әр бір адам денесіне түскен вирусқа жеке папка ашылады. Ішінде вирустың коды және оған қарсы қару. Әлгі вирус отыз жылдан кейін қайта түссе папкада сақтаулы тұрған код бойынша қарсы қару іске қосылады. Егер иммунитетте осы есте сақтау қабілеті болмағанда екпе егудің түкке де пайдасы  болмас еді. Мұны білген адам екпені де түсінеді деп сенемін.

Бәрін айт та бірін айт дегендей, қандай жағдайда болса да дінді қалқан етіп екпе егуге қарсы тұру надандық. Діни мәтіндерден екпе егуді қолдайтын дәлелдер табуға болады, бірақ қарсы тұратын дәлелдер кездеспейді. Сол үшін де Ислам әлемі ғалымдарының барлығы дерлік екпе егудің қажеттілігі мен дұрыстығын айтып отыр. Сауд Аравия елінің шейхтары да осы пікірде. Олай болса өзіміз білмеуден, білгеннің тілін алмаудан сақтанайық ағайын!

Алла білімсіздік пен адасудан және өзгелерді адастырудан сақтасын.

Ерсін Әміре

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Имам Ағзам Әбу Ханифа және Қазақстандағы дәстүрлі Ислам

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00