Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам тарихына шолу

27.05.2014
- Қоғам
0
384
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам – біздің дәуіріміздің VII ғасырында Араб түбегінде пайда болған монотеистік дін. «Ислам» араб тілінің «сәләм» деген сөз түбірінен шығады, ол «бейбітшілік», «бойұсынушылық» деген мағыналарды білдіреді.

Ислам дінінің пайғамбары Мұхаммед (с.а.у.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Дүниеге келуінен екі ай бұрын әкесі Абдулла, ал алты жасында анасы Әмина қайтыс болған. Жастайынан жетімдіктің тауқыметін тартқан ол атасы Әбдул Мүтәліп пен ағасы Әбу Тәліптің қолында өскен. Ол өз халқының арасында асқан шыншылдығымен танылып, оған Мекке халқы «Мұхаммед-уль-Амин» (шыншыл, аманатқа берік) деген лақап атты берген. Шыншылдығымен танылған Мұхаммед (с.а.у.) Меккенің беделді әйелдерінен болған Хадишамен 25 жасында үйленіп, шаңырақ көтерген. Пайғамбарлық Мұхаммедке (с.а.у.) 40 жасында Мекке қаласы маңындағы Нұр тауының Хира үңгірінде б.з. 610 жылы келген.

Мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран Кәрім. Құранның сүрелері мен аяттары Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға 23 жыл аралығында түсірілген. Құран Кәрім пайғамбардың көзі тірісінде тері, тақтайшалар мен тасқа және т.с.с. заттарға жазылды. Ислам тарихында алғашқы халифа Әбу Бәкірдің кезінде ол кітап (мусхаф) қалпына келтірілді. Алайда Құран сүрелерінің реттілігі Жәбрейіл періштенің нұсқауымен Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) тарапынан алдын ала белгіленген болатын. Құран Кәрім «Фатиха» сүресінен басталып, «Нас» сүресімен аяқталатын 114 сүрелерден тұрады. Сүрелердің түсірілген мекеніне қарай Меккелік (610-622) және Мәдиналық (622-632) болып екіге бөлінеді.

Ислам дінің қайнар көздері Құран Кәрім мен сүннетке негізделген. Сүннет – Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың сөйлеген сөздері, құптаулары мен іс-әрекеттері. Сонымен қатар, аталмыш қайнар көздерге Ижма мен Қияс жатады. Исламның кеңінен таралуына байланысты, бірқатар дін ілімдері қалыптасты. Олар: тәпсір, хадис, фиқһ, кәләм және т.б.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Ислам – Алланың жалғыздығын мойындайтын монотеистік дін. Ислам дінінің негіздері алты иман шарттарынан және бес парыздан тұрады. Иман шарттары: Аллаға, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ақырет күніне және тағдырға сену. Исламның бес парызы: кәлима келтіру (Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі деп айту), намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және қажылыққа бару.

Ислам әлемде көп тараған діндердің қатарына жатады. Бүгінде осы дінге сенушілер қатары 1,5 миллиардқа жуық. Мұсылмандар әлемнің 120 астам елдерінде тұрады. Сондай-ақ 28 елде ислам діні мемлекеттік дін болып бекітілген.

Мұсылмандық күнтізбе – алғашқы мұсылмандардың Меккеден Мединеге көшуінен (хижра), яғни 622 жылынан басталады. Ай күнтізбесі 12 айдан және 355 күннен тұрады.

Ислам дінінде негізгі екі мереке бар. Олар: Идуль-адха (Құрбан айт) және Идуль-фитр (Ораза айт).

kitap.el.kz

Таңбалар: Ислам тарихықазақ жеріндегі ИсламПайғамбар
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұхбат

Пайғамбарлар деген кімдер?

27.10.2025
Сұрақ-жауап

Діндегі «мұғжиза» сөзінің мағынасы қандай?

20.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Діни басқарманың бір жыныстыларға қатысты берген үкімі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00