Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Хикметке толы зор қуаныш

25.12.2013
- Ислам
0
158
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Мұсылманшылдықты сан түрлі міндеттерге жегілуден немесе қатып-семіп қалған догмалардан тұрады десек қателесеміз. Ислам бейбітшілік (арабшада «ислам» сөзі бейбіт өмір мағынасында) діні болғандықтан, адамзат баласын қуанышқа бөлеуге құмбыл тұрады. Әсіресе, мұсылман қауымының ынтымағы мен бірлігін арттыруға ерекше басымдық береді.

Яғни, Хақ үкімдерінің астарынан жұмыр басты пенделерді мәңгілік бақытқа жетелейтін хикметті ғана көре аламыз. Әсілі, Алла-тағала құлшылық қылуды бұйыра отырып, адамзат баласын илаһи шуағы мол ләззаттарға бөлейді. Дініміздегі әрбір үкім хикметке толы әрі адамды қуанышқа кенелтуге негізделген. Тек, ол хикмет пен зор қуанышты хақ үкімдерін қалтықсыз орындаумен ғана терең сезіне аламыз.

Ислам дініндегі қойны-қонышы хикметке толы илаһи зор қуаныштың бірі Ораза айт мерекесі екені әмбеге аян. Мұсылман әлемі отыз күн оразадан кейінгі Шәууал айының алғашқы үш күнінде Ораза айт мерекесін тойлайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) Ораза айт мерекесін алғаш рет хижраның екінші жылы (624 жылы) атап өткен. Бізге жеткен салих дереккөздерге қарағанда Исламға дейін Мәдина халқы әрбір жылы екі күн ұлан асыр той жасайтын болған. Меккеліктер: «Бұл қандай мереке?» деп сұрағанда, мәдиналықтар: «Жаһилиет дәуірінен бері тойлап келе жатқан мерекеміз» деп жауап берген.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Бұны естіген Хақ Елшісі (с.а.у): «Алла Тағала сіздердің бұл мерекелеріңізді Фитр (ораза айты) мен Құрбан мерекесі етіп өзгертті», деп бұйырады. Осы хадистегі «Фитр мерекесін» Ислам ғұламалары «Отыз күнгі оразадан кейінгі «Ораза айт мерекесі» деп біледі. Осылайша, Алла Елшісі (с.а.у)-ның бастамасымен ескінің сарқыншағы жаңа илаһи екі мерекемен алмастырылған болатын.

Жафар бин Мұхаммедтің жеткізуіне қарағанда Алла Елшісі (с.а.у) Ораза айт мерекесі күндері әдемі киімдерін киіп жүретін. Ораза айтының намазын оқымай тұрып, май мен құрма жейтін. Хасан ас-Сабит: «Екі айтта да Хақ Елшісі (с.а.у) бізге әдемі киінуді, жұпар иіс себуді, жағдайға қарай семіз малды шалуды бұйыратын еді», дейді.

Осы хадиске байланысты Ислам ғұламары мұсылмандарды Ораза айтының таң сәрісінде бой дәрет алып, тістерін тазалап, мұнтаздай таза һәм әдемі киімдерін киіп жүруге үндейді. Ораза айт намазынан бұрын пітір садақа беріп, мешітке барып уағыз-насихат тыңдаудың мустахаб (амалдардың абзалы) екенін айтады.

Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның «Мерекеңізді тәкбірмен (намаз) безендіріңіз» деген хадисі Ораза айт намазы хақында айтылған. Ханафия мазхабының ғұламалары Кәусар сүресіндегі «Фасалли ли Раббикені…» (Сондықтан, айт намазын оқы) Ораза айт намазына жасалған ишара деп біледі.

Осыған орай біздің мазхабымызда Ораза айтының намызын оқу уәжіп (міндетті) саналады. Ал, Шафийлер мен Маликилерде сүннет муәккада (уәжіпке жақын сүннет), Ханбалияда парыз кифая (ешкім қылмаса, барлығына күнә жазылады) болып табылады. Ораза айт намазы күн найза бойы көтерілгенде (кераһат уақытының шығуы, яғни, күн шыққаннан кейін қырық бес минут өткен соң) мешіттерде оқылады.

Уахаб ибн Мүнаббихтің жеткізуіне қарағанда Алла Тағала жұмақты осы Ораза айт күні жаратып, Туба (жаннаттағы өсімдік) ағашын осы күні еккен. Жебірейілді де осы күні пайғамбарларға уаһи түсіретін періште ретінде таңдап, перғауынның сиқыршыларының тәубасын да осы күні қабыл еткен.

Осы күні шайтанның әскерлерін бір жерге жинап: «Сіз неге көңілсізсіз?» деп шайттаннан сұрағанда, ол: «Алла Тағала бүгін мұсылмандарға кешірім берді. Енді оларды қайтадан нәпсісіне бағындыру үшін жұмыс істеуіміз керек», деп мұсылман қауымының кешірімге ие болып, ұшпаққа шыққанына қатты өкінеді екен.

Имам Ғазалидің жеткізуіне қарағанда осы күні барлық періштелер таң алакеуімде жер бетіне түсіп: «Уа, Мұхаммедтің үмбеті, оянып сыртқа шығыңыздар. Алла Тағала сіздердің барлық күнәларыңызды кешіреді», деп ораза ұстаған мұсылмандарды ізгі хабармен сүйіншілесе, Алла Тағала мұсылмандардың Ораза айт намазын оқуға мешіттерге келгенін көріп: «Сендер куә болыңдар. Мен оларға шексіз ризамын. Оларды кешірдім» дейді екен.

Иә, Жаратушысына жүгінген жұмыр басты пенде Ораза айт мерекесінде періштедей пәк күйге бөленіп, Хақ шұғыласына шомып, хақиқат сырларына қанығады. Ағайын-жұрағат арқа-жарқа болып, бір сәт күйбең тіршіліктегі өкпе-назды ұмытып, қойны-қонышына симаған қуанышын бір-бірімен бөліседі.

Мұндай берекелі шақта бір-біріне деген жылуар сезімі атқақтап, көңілдің тұтастығы арта түседі. «Айт құтты болсын!» деп, ақ түйенің қарнын жарып, ұлан асыр той жасайды. Ендеше, Құдай Тағала халқымызды осындай қуаныштан айырмай, дәйім айттан айтқа аман есен жетіп, ұлтымыздың мерейі тасып, бірлігі мен тірлігі арта берсін деп тілейміз!

дереккөзі

 

Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазақ діндарлары ұлттық шеңберде қызмет етуі тиіс

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00