Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ел халқына ҮНДЕУІ

21.08.2013
- Ислам
0
174
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Құрметті бауырлар! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болғай! Оразаға аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын!

Алла тағаланың теңдессіз сыйы – Отанымыздың тәуелсіздігін баянды ете түсу үшін көзі ашық, көкірегі ояу, ел қамын ойлайтын әрбір азаматқа артылар сенім мен талап зор. Бұл қадам әртүрлі саладағы тапсырылған істі атқаруға тиіс барша қазақстандықтарға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Мемлекеттің мерейін үстем ету жолында әлемдік тәжірибенің ең озығы мен ең жаңашылын таңдап алу үшін елдің әрбір азаматынан білімділік пен біліктілік талап етіледі.

Елді ілгері сүйрейтін ілкімді істердің іргетасы ізгілікке, имандылыққа, әділдікке, адамгершілікке құрылмаса, Алланы танып, Ұлы Жаратушы алдындағы жауапкершілікпен ұштаспаса, елдік мақсат толық орындалмайтынын баршамыз байқап-бағамдадық. Қызымыз салиқалы, ұлымыз ұлықты болмай, ұлы мұратқа жете алмайтынымызды сезіндік. Білімді де білікті деген азаматтың нәпсісіне тұсау сала алмауы, келешегінен үміт күткен бозбала мен бойжеткеннің иман мен ибалықтан алшақтауы, өзін-өзі өлтіру, араққұмарлық, жемқорлық, зинақорлық, нашақорлық т.б. сынды дерттің дендеп кетуіне негізгі себептің бірі – рухани дағдарыс екеніне көзіміз жетті.

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026

Ашығудың хикметі

05.03.2026

Данышпан Абай айтқан «жақсы мен жаманды айырмау, ынсап, ұят, иман, ар, намыс, сабыр, талап» етпеу адамды тежеусіз нәпсінің құлына айналдырмақ. Біз бұрын-соңды естіп, көрмеген бұзақы іс-әрекеттер бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрсетіліп, жариялануда. Мұның бәрі Жаратушы Иеміздің шариғатын сақтамағандық екені айтпасақ та түсінікті.

Қымбатты отандастар! Біз бүгінде тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ететін білімді, иманды, ибалы, Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу жауапкершілігі жүктелген заманда өмір сүріп отырмыз. Иман бұлағынан сусындаған адам арына дақ түсірмейді.

Өйткені, Ислам адамгершілік құндылықтарды қастерлеуге үндейді. Дәстүрлі діндердің мақсаты – ізгілік пен адамгершілік. Осы орайда баршаңызды қасиетті Рамазан айын игі істермен, Жаратушыға жақындататын қайырымдылықтармен, мұқтаж жандарға көмектесумен, жетім мен жесірге, қарттар мен мүгедектерге мейірім танытып, өзара түсіністікпен өткізуге шақырамын. Алла тағала қасиетті Құранда: «Жақсылықта, тақуалықта бір-біріңе көмектесіңдер», – деп бұйырған («Мәида» сүресі, 2-аят).

Рамазан – тәрбие айы, жасаған жақсылықтардың сауабы еселеніп жазылатын, Жаратушы Иеміздің жарылқауына, рақымына бөленетін ай. Олай болса, Алланың теңдессіз сыйына ізгі де, қайырымды іс-әрекеттерімізбен қол жеткізуге аянып қалмайық! Имандылығымызды күшейте түсейік!

Қасиетті айдың құрметіне тойларда, кештерде арақ-шарап ішілмесе, артық ысырапшылдыққа жол берілмесе, азық-түлік бағалары төмендетілсе, халыққа қызмет етудің барлық түрлеріне жеңілдіктер жасалса, мұқтаж жандарға көңіл бөлінсе, Алла разылығы үшін берілетін ас-тағамдар ауызашарлар кезінде берілсе деген ізгі ниетіміз орындалса нұр үстіне нұр болар еді.

Осы Үндеу ерекше мейірімді, құдіреті күшті Алла тағаланың разылығы мен рақымына, берекесі мен шапағатына еліміз бөлене берсін деген асыл арман, ұлы мұраттан туған ізгі мақсат еді. Жарылқаушы айда жасаған ізгі ниет пен амалдарыңыз басқа да айларда жалғаса бергей! Алла тағала баршамыздың екі дүниеде де жүзімізді жарық еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әмин!

 

Таңбалар: Ержан қажы Малғажыұлы
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Алғашқы мүфтиге автокөлік сыйлады
Жаңалықтар

Алғашқы мүфтиге автокөлік сыйлады

10.01.2025
Мүфтилер кеңесінің кезекті отырысы
Жаңалықтар

Мүфтилер кеңесінің кезекті отырысы

09.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Зәйтүн майы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120952 бөлісті
    Бөлісу 48381 Твитерге 30238
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады
Жаңалықтар

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00