Сейсенбі, 3 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ержан қажы Малғажұлы Біз дәстүрді сақтаған, ана сүтін ақтаған елміз

17.08.2013
- Қоғам
0
196
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖҰЛЫ,

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ

ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ

Денсаулық қадірін білгенге бір нығмет

31.01.2026
«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

24.01.2026

Әрбір ұлт пен халықтың жүріп өткен жолы мен ұзақ-сонар тарихы болады. Содан әр ел өмірлік сабақ алып, келешегін жоспарлайды. «Құдай жоқ» деп ұрандатқан кешегі Кеңес үкіметінің қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат заманда да тар жол, тайғақ кешкен мұсылман қазақ бір Аллаға сыйынып, тура жолдан танбады. Діндарларға қысым жасалса да ақын-жырауларымыз: «Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен…» деп, қасқайып тұрып жырлады. Иә, дінмен, иманмен, сеніммен бітеқайнасып жатқан тарих қашан да сәулелі, нұрлы һәм берекелі болмақ.

Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді. Олай болса, біз таза діни істерден басқа осындай ұлы мұраттарды да нысана етуіміз керек. Өйткені, адам баласы қайырлы да ізгі ісімен ғана Жаратушыға жақындайды.

Ислам адамның абыройы мен ар-ожданын бәрінен де жоғары қояды, отбасы мен қоғам бірлігін, ынтымағын сақтайды, әлеуметтік әділетті көздейді. Адамды былай қойғанда, бүкіл тіршілік иесінің бірде-біріне қылдай қиянат жасауды қоспайды.

Ислам – бейбітшілік, зиялылық, имандылық, шапағат, қайырым, мейірім діні. Ол тек арабтарға немесе белгілі бір ру, тайпа, ұлт, нәсілге емес, бүкіл адамзатқа түсірілген. Олар ынтымақта болсын, бірін-бірі танысын, достықта өмір сүрсін деп түсірілген.

Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел басшылары ежелден елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дәлелдеп келеді. Осы аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз тарапынан ауқымды саяси қадамдар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр. Кеңпейіл, сабырлы, аузынан Алласы түспеген тәубашыл халқымыздың зор мұсылмангершілігі оның өзге діндердегі көрші елдермен де тіл табысып, еларалық татулықты сақтауға септігін тигізгенін көреміз.

Ислам діні іргетасын қалаған күннен бері дінаралық түсіністіктің қажеттілігін уағыздап келеді. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға һижрат еткеннен кейін де ешбір пендені Ислам дінін қабылдауға мәжбүрлеген емес. Қайта өзге дін өкілдерімен жақсы мәміледе болуды насихаттаған. Әз пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көршілермен қандай мәміледе болу керектігі туралы өз хадисінде: «Егер көршің өзге дін өкілдерінен болса, онда сенің мойныңда бір ақысы бар. Ол сенің көршің болғаны үшін. Егер көршің мұсылман болса, екі міндетің бар. Ол – бірінші көршің, екінші мұсылман болғаны үшін. Ал егер көршің мұсылман-туысқаның болса, үш міндетің бар. Ол – көршің, мұсылман әрі туысқаның болғаны үшін», – деген екен. Осы хадиске назар аударсақ, қоғамда сенімен бірге өмір сүріп жатқан барлық азаматтардың әр нәрсеге өз құқы бар. Ол қандай дінде болсын, онымен біз жақсы мәміледе болуымыз керек. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзге діндегілердің құқығын қорғау және олармен жақсы мәміледе болу мұсылманшылықтың міндеті екендігі жайлы да бірқатар хадистерінде айтып кеткен.

Астана қаласында өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері – қазақ даласындағы ынтымақ пен бірліктің, дінаралық келісімнің жүзеге асқандығының жарқын көрінісі. Төртінші рет Елордамызда бүкіл діннің басын қосқан бұл жиынның бергені де, берері де мол.

Дін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын байыта отырып, жер бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру игілігіне өз үлесін қосатын қуатты күш. Сондықтан сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа және мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет. Соның ішінде өзара келісім мен жарасымдылыққа Ислам дінінің қосар үлесі өлшеусіз.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бұрынғы кеңестік аясында ғана емес, сондай-ақ, әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттер қатарына да қосылғанына куәміз. Дана халқымыз: «Бірлік бар жерде, тірлік бар», – дейді. Бұған біздегі ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық, конфессияаралық қатынастарды тиісінше жолға қоюдың әсер-ықпалы зор болды. Осынау күрделі міндеттерді шешуде көп ұлт пен ұлысты, бірнеше дінді ел халқының бірлігі мен ынтымағын одан әрі дамытуға Президентіміз көп күш-жігер жұмсады.

Әлемнің бірқатар аймақтарында өзара түсініспеушілік пен кешірімділіктің жетіспеуі, сондай-ақ, діндерінің де әркелкілігінен қақтығыстар орын алуынан бейбіт жандардың қаны төгіліп, сәбилер жетім, аналар жесір қалуда. Бұған еліміздің тәуелсіздік алғалы өзара бірлік пен ынтымақта өмір сүріп жатқаны үлгі. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен төрт рет түрлі тілді, дінді, ұлтты, нәсілді дін жетекшілерінің Астанада бір үстел басында ынтымақ пен бірлік жайлы өткізген құрылтайы бүкіл адамзат үшін зор жетістік. Әлем мұны тарихи үлкен оқиға ретінде орынды бағалады. Мұнан Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш саясаты айқын көрінді. Қасиетті Құранда: «Ізгі істерге, тақуалыққа көмектесіңдер. Күнә жасауға, жаулыққа жәрдемші болмаңдар. Құдайдан қорқыңдар, оның қаһары, тегінде, тым қатал» («Маида» сүресі, 2-аят), – деп Алланың тура жолымен жүруге, иман мен ізгілікке шақырып, жамандық атаулыдан сақтандырады.

Шариғатты өмірлік ұстанымына айналдырған мұсылмандар кімдер? Бұл туралы Қасиетті Құранда: «Мүміндер анығында бiр-бiрiмен (дiн) ынтымағындағы жандар. Ағайын арасын түзетіңдер. Алланың рахымы түссiн десеңдер, одан қорқыңдар… Бiрiңдi-бiрiң кiнәламаңдар, бiрiңдi-бiрiң мазақтап (лақап атпен шақырмаңдар)… Бұдан тәлiм алмағандар – залымдар» («Хужурат» сүресi, 10-11 аяттар), – деп сипаттама берілген. Олай болса, еліміздегі мемлекеттік мәртебеге лайық басты Ислам діні адамның

дүниетанымына, мінез-құлық ерекшелігіне, жан-дүниесіне, құндылығына өнегелі ықпал етуге қабілетті рухани күш.

Біз әлімсақтан кісілік кейпін сақтауға, ана сүтін ақтауға талпынған, дін мен дәстүрді үйлестіріп, үйлесімді, өнегелі өмір сүрген мұсылман халықпыз. Исламның қазақ топырағына келуімен көптеген жақсылықтарға қол жеткіздік. Салт-дәстүріміз, бітім-болмысымыз Исламмен бітеқайнасып, өркениетке қадам басқан қазақпыз.

«Адамды сүй, Алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде онан басқа», – деп жырлаған бабалардың ізін басқан ұрпақпыз. Сіздермен дидарласып, дінаралық татулықты нығайту туралы салиқалы сұхбат құруымыз – соның жарқын мысалы.

Мүфтият – мұсылмандардың қарашаңырағы, бірлікке бастайтын діни мекеме. Халқымызда: «Бірлік – береке бастауы», – деген нақыл бар. Баршаңызды сауапты да жауапты жұмыстарды бірігіп жасауға шақырамын. Алла тағала екі дүниеде де дәрежемізді арттырып, жүзімізді жарық еткей.

«Алматы ақшамы» газеті,

№ 63, 23 мамыр, бейсенбі, 2013 жыл

Таңбалар: Ержан қажы Малғажыұлы
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Алғашқы мүфтиге автокөлік сыйлады
Жаңалықтар

Алғашқы мүфтиге автокөлік сыйлады

10.01.2025
Мүфтилер кеңесінің кезекті отырысы
Жаңалықтар

Мүфтилер кеңесінің кезекті отырысы

09.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ержан қажы Малғажыұлы Дін – дәстүріміздің қорғаны

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Хьюстон қаласында отандастармен жүздесті
Жаңалықтар

Хьюстон қаласында отандастармен жүздесті

03.02.2026
Тәубе
Ғибратты әңгімелер

Тәубе

03.02.2026
Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді
Жаңалықтар

Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді

02.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00