Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ананың бала тәрбиесіндегі орны

21.08.2013
- Қоғам
0
272
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өмірде әртүрлі маман даярлайтын оқу орындары болады: біреу дәрігер даярлауда, ал біреу құрылысшы енді бірі техника маманын тәрбиелеп жатыр.  Сол сияқты, әйел-ана – ұлы мектеп. Себебі, ол өмірге ең қажетті маман – Адам тәрбиелеп шығарады. Сондықтан бала тәрбиесінде ананың алатын орны ерекше. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов былай деген екен: «Адам баласы бір үлгі біреуден аларда, ең әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады. 

Сол сүйген кісісінен сүйіп алған үлгі жүрегіне анық орнайды дейді. Бұған қарағанда біздің ой буынымыз қатпай тұрған бала күнімізде ең әуелі елжіреп сүйетін кісі кім? Ол – анамыз. Бұлай болғанда біз адамшылығымызға ірге болатын қылықты әкеміз қандай ғалым болсын, қой сауып, тезек теріп жүрген анамыздан аламыз». Бала үшін туғанынан көз алдында сөзімен де, ісімен де үлгі болатын анасы екен. Анасының аузынан шыққан сөздерді қайталап өскен бала, оның жақсы-жаманын ажыратып жатпайды. Сол себепті, адам тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана баласының парсатты, мәдениетті, көркем мінезді болып өсуі үшін алдымен өздерін жөндеуі керек. 

  Шыр етіп дүниеге келген сәби жанарынан жылулық тараған анасының аялы алақанының мейіріміне бөленеді. Оның ер жеткенше жанынан табылатын, оңы мен солын көрсетіп, жол сілтейтін, оған «тәрбие» деген ұлы білімді сіңіретін де сол – анасы. Ана алдымен, тоғыз ай бойы жүрегінің астында көтеріп жүреді. Іште жатқан сәбидің денсаулығы мықты, ақылды, сабырлы болуы, міне, сол кезден басталады. Сол себепті, құрсағына алғаш сәби біткеннен бастап ана үлкен жауапкершілікті сезінуі керек. 

Әртүрлі дәруменді тағамдар қабылдап, ас ішуін дұрыс қадағалағаны жөн. Тәбетті ашатын жемістер мен сүт тағамдарын көп қолданған дұрыс болады. Сәби іште жатса да анасының әрбір әрекетін сезеді және айналадағы дыбыстарды естиді. Сондықтан, ана Құранды көп естіп, көп оқығаны абзал. Бұл баланың зейінін жақсартады және көп ашуланбау да баланың тынышты болуына әсер етеді. Туғаннан кейінгі балада болатын көп аурулар екіқабат кезінде анасының көп ауырғандығынан болады. Қан аздық, тұмау және т.б. басқа аурулардың алдын алып, дәремендер қабылдап, ет тағамдарын көп қолданған жөн.

Әлемде суицид саны үш есеге қысқарды

Суицид – ауыр күнә

12.04.2026
Әйел әуретінің толық түсінігі мен үкімдері

Әйел әдебі – көркем мінездің бастауы

03.04.2026

  Сәби алғаш өмірге келгенде дүниедегі ең асыл тағам – ананың ақ сүтімен қоректенеді. Қанаты қатпаған сәби жарық дүиеге келгенде оның қасынан анасының табылуы, тек қана ана сүтімен қоректенуі , оны анамен бөліп қоюуы – Аллаһ тағаланың кемшіліксіз жаратушы екенінің тағы бір дәлелі. Себебі бала ананың қамқорлығына, махаббатына мұқтаж.  Ана сүтіне, махаббатына қанбаған бала мен осы нығметтерге бөленген баланың арасында айырмашылық болады.

 Аллаһ тағала Құранда: «Адамдарға ата-анаға қарайласуды бұйырдық. Ананың мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар.» – дейді. Бала үшін екі жыл бойы ана сүтімен қоректенуі денсаулығының мықты, ақылды, есте сақтау қабілеті жақсы болуына әсер етеді. Жаңа босанған әйел сүті көп болуы үшін сорпалы тамақтар және тары қосылған шәй, грек жаңғағын тұтынғаны жөн. 

  Қыз баланың тәрбиесінде ананың алатын орны зор. Қазақ қыз балаға «Қырық үйден тыйымды» бекер қоймаған. Еркелеген қыз ертең бойжеткен, ару болады, кейін жар атанып, ана болады. Өмірде оны әртүрлі баспалдақтар, ирелеңдеген жолдар күтіп тұр. Сол жолда қайратты, жігерлі, парасатты болуы үшін ананың ақылының алатын орны ерекше. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» демекші, ана тәлімі оның алғашқы мектебі болады. 

Жастайынан қызына дер кезінде қамқор, сырлас бола алмаса, ол сырласты көшеден, өзгеден іздейді. Қызын инабаттылық пен ибалылыққа тәрбиелеу ананың маңызды міндеті.
Ана балаларының жағдайына көңіл бөлуі керек. Баланың ұқыпты киінуі, таза жүруі, бөлменің, үйдің тазалығы оның бойына тазалыққа деген құмарлықты тудырады. Оларда ағзаға пайдалы тағамдармен тамақтандырып, тамақты уақытымен ішуге дағдыландыруы қажет. Бұл олардың денсаулығының мықты болуына әсер етеді.

  М.Әуезов: «Хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты әйел халіне жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағлымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе», – деген екен. Болашағымыздың жарқын, еліміздің еңсесі биік болуы үшін әйелдеріміз парасатты, иманды болуы керек.  Ағашты егіп, су құйып тұру жеткіліксіз, оны күтіп, баптамаса, берген жемісі шірік болады. Тәрбие тек тамақтандыру, киіндірумен шектелмейді. 

Сондықтан, әрбір әйел, әрбір ана бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарағаны абзал. Кез-келген дана да, ғалым да анадан туатынын ұмытпайық. Аллаһ тағаланың тапсырған аманатына қиянат жасамай, саналы, иманды, Аллаһқа бойұсынатын, тақуа балалар тәрбиелеп өсіруге жазсын!

http://www.muslimwomen.kz

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құран сені қорғай ма, әлде айыптай ма?
Ғибратты әңгімелер

Құран сені қорғай ма, әлде айыптай ма?

13.04.2026
Алматы: Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті
Жаңалықтар

Алматы: Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті

13.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122581 бөлісті
    Бөлісу 49032 Твитерге 30645
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    531 бөлісті
    Бөлісу 212 Твитерге 133
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    454 бөлісті
    Бөлісу 182 Твитерге 114

Соңғы жарияланымдар

Құран сені қорғай ма, әлде айыптай ма?
Ғибратты әңгімелер

Құран сені қорғай ма, әлде айыптай ма?

13.04.2026
Алматы: Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті
Жаңалықтар

Алматы: Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті

13.04.2026
Зайырлылық – сенім еркіндігі
Видео

Зайырлылық – сенім еркіндігі

13.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00