Жетісу өлкесі мұсылмандарының бірінші Құрылтайының қаулысында «Бүкіл Орта Азия мұсылмандарының діни-рухани мәселелерімен айналысатын мұсылмандар діни бас басқармасын құру, мүфтиден бастап азаншыға дейінгі дін қызметкерлерін мәселесі, вакуфтар ашу, мектептер мен медреселерді реформалау қажеттілігі»- секілді мәселелері көрсетілген. Жетісу конгресі өткен съезден кейін Түркістан мұсылмандары арасында консервативті бағыттағы Серәләі Лапин басқаруындағы «Улема жамиғаты» және Мұстафа Шоқай басшылық жасаған прогресшіл бағыттағы Шура-и-Исламның құрылуы халқымыздың зиялы, оқыған азаматтарының діни істерді заман талабына сай жүргізетін ұйым құруға тырысқанын көрсетеді.
2006 жылғы 21 маусымда Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «100 жыл бұрын өткен Құрылтай» тақырыбымен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференция Жетісу өлкесі мұсылмандарының бірінші съезінің өткеніне 100 жыл толуына арналды.