Ливиядағы алапат апаттан қайтыс болғандар саны 3 мың адамнан асты. Мыңдаған адам із-түзсіз жоғалған.
Елдің премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе үш күн аза тұту жарияланатынын хабарлады. Ливияның Президенттік кеңесі дос елдер мен халықаралық ұйымдарды апаттың салдарын жоюға көмектесуге шақырды.
Жергілікті биліктің мәліметінше, елдің шығыс бөлігінде жауған жаңбыр мөлшері соңғы 40 жылда болмаған. Жерорта теңізінде туындаған “Даниэль” деп аталатын дауыл Ливияның Бенгази, Байда, әл-Мардж, Суса және Дерна қалаларына да зақым келтірген.