Америкалық 104 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері ұзақ өмір сүруінің құпиясымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әскери-әуе күштерінің отставкадағы подполковнигі Уилбур Бриттон 1918 жылы дүниеге келген.
Ол 22 жасында сынақ ұшқышы ретінде қызметке алынған. 1945 жылы Хиросима мен Нагасакиді бомбалауға қатысатын ұшақты сынақтан өткізген.
Кейінірек Уилбур Бриттон өмір бойы Boeing және Lockheed Martin корпорацияларында жұмыс істеді. Ер адам өзінің әскери авиациядағы мансабын тым ерекше деп санамайды, бірақ ол әйгілі ұшақтарды басқарғанын мақтан етеді.
“Мен қарапайым ұшқыш емеспін. B-17 және B-24 ұшақтарын басқардым”, – деді Бриттон.
Ол жасына байсалдылықпен қарайтынын, отбасын басты жетістігі деп санайтынын айтты. Америкалық ұзақ өмір сүруінің басты себебі ретінде: “Не істегіңіз келсе, соны жасаңыз”, – еді.
Қартайғанына қарамастан, Бриттон әлі де өз үйінде тұрады және 14 қыркүйектегі туған күнін екі қызы мен күйеу баласының жанында өткізбек.