Пайғамбарлар кәсіппен айналысқан ба?

    209

    Пайғамбарлар да адам болғандықтан әртүрлі кәсіптерді игерген. Мәселен, Ыдырыс (а.с.) тігіншілікпен айналысқан, Нұх (а.с.) кеме жасауда керемет ұста, Дәуіт (а.с.) сауыт жасаушы болған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) болса, саудагерліктің ең көркем үлгісін көрсеткен.

    Сүйікті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) пайғамбарлық берілместен бұрын, сауда-саттықпен айналысқан. Хазіреті Хадишаның заттарын Шамға тасып, сол жерден алған заттарын Меккеге әкеліп сатқан. Пайғамбарлық берілгеннен кейін де, өзіне тиесілі бұйым заттарын сатуды жалғастырды. Алла елшісінің сауда жасағанын ерсі көріп, үнемі шеттетін Мекке мүшріктерінің әрекеттеріне қарамастан, адамдар арасында болып, басқалары секілді базарда жүріп, сауда жасаудың өзі — адам баласының қажеттіліктері екенін көрсетеді.

    Алла Тағала Құранда: «Ей мүміндер! Араларыңызда малдарыңды хақсыз жолда жемеңдер. Өз ризалышылықтарыңнан жасалған саудадан бөлек» («Ниса» сүресі, 29 аят), — деп, сауда секілді кәсіптер арқылы, өз маңдай терінің көмегімен, адал табыс табу керек екендігін меңзеген.

    Алла елшісінің саудадағы серіктесі болған Саиб ибн Абдулла, жахилия дәуірінде пайғамбарымызбен жасаған серіктестігін тілге тиек етіп, оның қаншалықты жақсы серіктес екендігін Меккенің жеңісі күні баяндаған.

    Осы тұрғыдан алғанда, пайғамбарлар негізінде Алланың бірлігі мен ақирет сеніміне сүйенген ақиқат мәдениеттің құрушылары болумен қатар, материалдық тұрғыдан да мәдениет пен өркениеттің негіздерін қалап, адамзат дамуына үлес қосқан таңдаулы тұлғалар болып табылады.

    Олар осы дүниеде адамзаттың азғындауына, қоғамның бұзылуына қарсы кемел әлеуметтік жүйе қалыптастырған жоғары мәдениет құрушылары, ал ақірет дүниесіне қатысты шынайы хабарларын адамзатқа беріп, оларды құтылуға жеткізетін ұлы көшбасшылар.

    Балғабек Мырзаев

    2 ПІКІРЛЕР

    1. Мына материалды жұмыссыз жүрген еркектерге оқыту керек екен.

    Пікір жазу