Сұрақ: Зікір дегеніміз не?
Жауап: Зікір дегенміз арабтың «закара» сөзінен шығады. Мағынасы бір нәрсені еске түсіру, оны тілге алу. Ал енді дінде «зікір» – Алланы еске алу, Оның ұлылығын жүрекпен сезіну және Құран мен хадистерде келген сөздерді көптеп тілмен айту.
Ғалым ар-Рази Алланы зікір етуге қатысты мынадай анықтама берген: «Алланы тілмен зікір ету дегеніміз, Алланы пәктейтін және Оған мақтау айтып, Оны ұлықтайтын сөздерді айту».
Ал енді Алланы жүрекпен зікір ету – Алланың жаратқан жаратылысына, Оның құдіреті мен ұлылығына дәлел болатын құбылыстарға қарап, ой жүгірту. Сондай-ақ Алла Тағаланың адам баласына әмір қылған бұйрықтары мен оның үкімдерін зерделеу және Алланың жоқтан бар қылған мақұлықаттарының сырларын тамашалау:
«Алланы тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр хәлде) еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!» (деп тілейді)» (Әли Имран: 191).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Зікірді және салауаты жүріп бара жатып айтуға бола ма?
Зікірді және салауатты дәретсіз айтуға бола ма?
СубханАллаһ
Әлхамдулиллаһ
Аллаһу Әкбар
Лә Иләһә Иллаллаһ
Астағфируллаһ
Лә иләһә иллә алла, Мухаммадур – Расулуллаһ – деп күніне қанша рет айтуға болады