Даланың дана қазағы ұрпағын жырмен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен еліте білді. Бұны бойына сіңірген жас рухани дүниесі бай, ұлттық намысты жоғары қоятын, көпшіл азамат болып ер жетеді. Бүгінде жыр жауһарын ұмыт қалдырмаған Сыр өңірі ұрпақ тәрбиесінде осы әдісті қолданып келеді.