Жылдың басынан бері ДАИШ-тік 236 террорист залалсыздандырылды, деп Ұлттық Қорғаныс министрлігі террормен күрестің үздіксіз жалғасқанын жариялады.Бұл туралы TRT агенттігі хабарлайды.
Түрік қарулы күштері (ТҚК) ағымдағы жылдың басынан бері Сирияның солтүстігінде ДАИШ-тік 236 террористтің залалсыздандырылғанын жариялады.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде террор ұйымы ДАИШ-пен майданда бетпе-бет күрескен жалғыз армия болу ерекшелігіне ие ТҚК-нің Сирияның солтүстігінде әртүрлі террор ұйымдарымен күресін жалғастырғаны атап көрсетілді.
2021 жылдың басынан бері Сирияның солтүстігінде арнайы десанттар жүргізген тұрғын аумақтарды бақылау, жолдарды тексеру және операциялар нәтижесінде ДАИШ-тік 236 террорист залалсыздандырылды.
Надеюсь работа против терроризма и экстремизма будет протекать также удачно в будущем.