Талғардағы 16 жасар ұлынан айырылып, қара жамылып отырған отбасының үйін белгісіз біреулер өртеп жіберген.
Бас прокуратура таратқан мәліметке қарағанда, осы оқиғаға қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
“Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды” делінген мәліметте.