Бүгін Ақмола облысы, Ақмол елді мекенінде орналасқан “Алжир” музейінде Павлодардағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің көрмесі ашылды.
Көрмеге қойылған жәдігерлер арасында Жүсіпбек Аймауытовтың ұстаған Құраны (суретте) және А.Байтұрсынұлының “Қырық мысал” еңбегінің алғашқы жарық көрген нұсқасы бар.
Бұл кітапша ұзақ жылдар бойы араб тіліндегі ескі Құран кітабының ішінде сақталып келіпті. Адамдар оны да құран деп ойлаған. Кейін оқып қараса, Құран емес, Ахаңның әйгілі шығамасы болып шыққан.