Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында РАТТ мүшесі, Азамат Тулепов Нұғманұлының ұйымдастыруымен 23 сәуір күні «Жусан» гуманитарлық операиясымен оралған азаматшалармен «Костекский уағыздарының қатері» тақырыбында кездесу өтті.
Жалпы кездесуді «Отпан» орталығының басшысы Азамат Тулепов жүргізіп, түсіндіру жұмысына теолог маман Казиева Ақмарал, психологиялық тренинг өткізуге Мухамбетова Динара тартылды.
Кездесу барысында Надир Абу Холид пен Абдулла Костекский секілді радикалды уағызшылардың лекцялары қоғамға қауіпті екені айтылды.
Сонымен бірге қазіргі таңда қоғамға қауіп төндіретін Кастекскийдің уағыздарын таратқан азаматтар бас бостандығынан айырылып, қылмыстық әрекетке баруы мүмкін екені жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490 бабы, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға болмайтындғы түсіндірілді.
Қрқылмыстық кодекстiң 174-бабы, әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру қылмыс екені кеңінен ақпараттандырылды.
Діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізлді
Шара соңында «Жусан» репатрианттарының балаларына интеллектуалды ойын түрінен сайыс өтті.
Сұрақ-жауаптардың ішінде «Қазақстанның Ән Ұранын кім айтады?», «Жеті атасын кім біледі?», «Қазақстан Республикасы қашан Тәуелсіздігін алды?», «Қазақстан әлем бойынша жер көлемінен нешінші орында?», «Қазақтың атақты үш батыры кімдер? , «Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?», «Абылай ханның шын есімі кім?» және т.б. сұрақтар қойылды.
Ойынға қатысқан балалар ұшқыр ой зеректігі мен ұлттық құндылықтар бойнша сынға түсті. Ұйымдастырушылардан құралған әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.
Нәтижесінде интеллектуалды ойынға қатысып, сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап берген балаларға ой-өрісті дамытуға бағыталған кітаптар сыйлық ретінде табысталды.