2022 жылдың 14 мамырында Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы «Діни бірлестіктермен байланыс және діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің» басшысы Әсет Нұров «Жусан» репатрианттарына «ҚР ҚК 174 бабы, ҚР ҚӘҚБтК 490, 453 баптары» тақырыбында кездесу жасады. Кездесу барысында ҚР заңдары, ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараға қатысқан «Жусан» репатрианттары ҚР заңдары, оның ішінде ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы бойынша көптеген мағлұмат алғандарын жеткізіп, заңбұзушылық әрекеттер талқыланып семинардың нәтижелі болғандығын атап өтті. Сонымен бірге алдағы уақытта заңбұзушылықтардың алдын алу жөнінде тағы осындай құқықтық сауаттылықтарын арттырғы келетіндерін жеткізді.