Нұр-Мүбарак университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының ұйытқы болуымен «Жусан» операциясы арқылы елге оралған алматылық әйелдер еліміздегі бірегей ислами университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, арнайы дәріс тыңдады.
Университет ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат оларға Исламдағы әйелдің құқығы мен ұстанымы жайлы жан-жақты түсіндіріп өтті. Теріс ағымдардың мақсаттары мен айла-шарғыларына да тоқталды.
Сондай-ақ PhD, қауымдастырылған профессор Шамшат Әділбаева университеттің қоғамдағы орны мен жетістіктерін таныстыра келе, шариғат шәлісін тастамаған қазақ аналарының тақуалық үлгісі, Исламдағы асыл аналардың ғибратты ғұмыры жайлы кеңірек түсіндірді.
Алматылық жусандықтар тұшымды дәрістермен қатар кітапханадағы діни кітаптар мен әдебиеттердің молдығына, университеттің қонақжайлығына куә болып, ұйымдастырушыларға ризалықтарын білдірді.